Күндер бойынша реттелген элементтер: Жұма, 04 Қыркүйек 2020

Қайырымдылықтың қайыры бар. Аталған қағиданы ұстанған Алматы облысының еріктілері облыс тұрғындарына қол ұшын созуға білек сыбана кіріскен. Игі бастаманы өңірдегі өзге аймақтағы жомарт жандарда қолдай кеткен. Осылайша еріктілер жылы аясында мәрт азаматтардың қолдауымен ізгі істер атқарылды.

«Алматы облысының еріктілеріқазіргі таңда қарттарымызға, аз қамтылған отбасыларға көмектесудеміз. Біз еріктілер өз қамқорлығымызға 3 отбасыны алдық оларға әр апта көмек көрсетудеміз. Болашакта неғұрлым ауқымды істерді қолға аламыз. Бұл біздің азаматтық борышымыз»,-дейді ерікті Елбосын Абай.

Президент 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялап, адамдарға шын ниетімен көмектесіп, оны науқанға айналдырмау қажетін айтқан болатын.Қайырымдылық қанында бар елдің ұрпағы мұны бірден белсенді алып кетті. Біз оны мына індет жайлаған кезеңде анық байқап отырмыз.

Қайтарымсыз қайырымдылық жасаудан қол үзбеген халқымыз биылғы «Еріктілер жылында» атқарылып жатқан жұмыстармен қоғамда мейірімсіз ел болмайтынын байқатты. Жақсылық жасауға жарыса қадам басқан уақытта Алматы облысының жастары ерекше белсенділік танытты.

Аудан, ауылдарда қайырымдылық акциясы, көмекке мұқтаж топқа жәрдемдесу үзілмеді. Сөзімізге дәлел, бір ғана Ақсу ауданында «Мейірімді Жетісу» Республикалық акциясы бойынша әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен 370-ке жуық отбасына азық-түлік таратылып көмек көрсетілді. Аталған отбасыларына көмекті ауданымыздың демеушілері (спонсор) жалпы соммасы 1 250 000 теңгеге азық-түлік үлестірді. «Жақсылық жасап жарысайық» атты акция барысында ауыл жастары Ақсу ауданының орталық ауруханасында Covid-19 жұқпасымен ауырып жатқан науқастармен ақ халатты дәрігерлерге 200 л шұбат, қымыздар жеткізді.

Індет өршіген тұста қауіпке қарамастан блок бекеттер мен емханаларда, ауру тараған ошақтарда жастар күндіз түні қызмет көрсетті. Постта тұрған медицина, тәртіп сақшыларына ас ауқат таратты.

Бұл қатарда текелілік жастар да бар. Көпбалалы аналармен қаламыздағы аз қамтылған отбасыларды азық- түлік, бетперделермен қамтамасыз етті. 9000 бетперде тегін үлестіріп шықты.

Жасыратыны жоқ, елде карантин жарияланған сәтте-ақ азық-түлік тапшылығы бо­лады деген халықтың базар мен дүкеннен жаппай тамақ сатып алу үшін кезекке тұрғанын көргенбіз. Осы қиын әрі күрделі кезеңде ерікті жастар тек қайырымдылықпен айналысып қоймай іскер екендіктерінде танытты.

Жергілікті жерлердегі кәсіпкерлерді мүмкіндіктерінше қолдау көрсетуге жұмылдырып сауапты бастама көтерді. Мысалы, Жамбыл ауданында атымтай жомарт азаматтар тұтқасын ұстаған  «Халық» қайырымдылық қоры, «Тәуекел Газ» ЖШС, «Пласт-Инвест» ЖШС, «Мажитова» ЖШС, «Kusto Group» компаниясы, «Жамбыл» РЭС, «Табыс» ШҚ, «Жақсылық» ШҚ, «БІЗ БІРГЕМІЗ» акциясына тұрақты түрде ат салысып келді.

Ал дәрі-дәрмек тапшылығы көрініс алған тұста жастар жас болса да бас болып облыстық мониторинг топпен қатар жүріп халыққа қызмет етті.

Дәріханаларда препараттардың бағасының шектен тыс өсіп кетпеу негізінде рейд жүргізіп көптің алғысына бөленгені сөзсіз. Жалпы алғанда облыс еріктілері 16 000 адамға көмек көрсеткен. Қорыта айтқанда, бұл тек алғашқы жарты жылдықтағы жағымды ел сүйсінген жаңалықтар. Әрине, жас буынның ісі ілгері, абыройлы жүргені ол елдің болашағының айқын көрінісі.

Published in Санаты жоқ

Жастар арасында волонтерлікті насихаттау жөніндегі «Ашық жүрек» жобасы аясында волонтерлік бастамаларды қолдауға арналған республикалық шағын гранттар байқауы жарияланды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға өздерінің волонтерлік бастамаларын іске асыруға арналған шағын гранттардың төмендегідей түрлері беріледі:

- Қазақстан Республикасының барлық өңірлері бойынша бастамашыл топтар үшін шағын гранттар – 300 000 (үш жүз мың) теңгеден 56 грант;

- 14 облыстың волонтерлері мен волонтерлік ұйымдары үшін шағын гранттар – 300 000 (үш жүз мың) теңгеден 42 грант;

- Республикалық маңызы бар қалалардың (Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары) волонтерлері мен волонтерлік ұйымдары үшін шағын гранттар – 500 000 (бес жүз мың) теңгеден 9 грант.

Байқау 2020 жылғы 4қыркүйек бен 19 қыркүйек аралығында өтеді.

Толық ақпаратты liga.org.kz сайтынан ала аласыздар.

 

Published in Санаты жоқ

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан азаматтары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарының бір бөлігін пайдалана алады. Осыған орай ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ел азаматтарының зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін «жеткілікті шегін» жарияланды.

Жеткілікті шек мөлшерін алдын ала есептеу әртүрлі жастағы адамдар үшін мынадай болады:

20 жас 1 млн 720 мың,

21 жас 1 млн 795 мың,

22 жас 1 млн 871 мың,

23 жас 1 млн 948 мың,

24 жас 2 млн 026 мың,

25 жас 2 млн 105 мың,

26 жас 2 млн 185 мың,

27 жас 2 млн 267 мың,

28 жас 2 млн 349 мың,

29 жас 2 млн 433 мың,

30 жас 2 млн 518 мың,

31 жас 2 млн 604 мың,

32 жас 2 млн 691 мың,

33 жас 2 млн 780 мың,

34 жас 2 млн 810 мың,

35 жас 2 млн 961 мың,

36 жас 3 млн 053 мың,

37 жас 3 млн 147 мың,

38 жас 3 млн 242 мың,

39 жас 3 млн 339 мың,

40 жас 3 млн 437 мың,

41 жас 3 млн 536 мың,

42 жас 3 млн 636 мың,

43 жас 3 млн 739 мың,

44 жас 3 млн 842 мың,

45 жас 3 млн 947 мың,

46 жас 4 млн 054 мың,

47 жас 4 млн 162 мың,

48 жас 4 млн 271 мың,

49 жас 4 млн 383 мың,

50 жас 4 млн 495 мың,

51 жас 4 млн 610 мың,

52 жас 4 млн 726 мың,

53 жас 4 млн 843 мың,

54 жас 4 млн 963 мың,

55 жас 5 млн 084 мың,

56 жас 5 млн 207 мың,

57 жас 5 млн 331 мың,

5 8 жас 5 млн 457 мың,

59 жас (және одан жоғары) 5 млн 586 мың теңге.

«Жеткіліктілік шегі» - белгілі бір жастағы салымшы үшін зейнетақы жинақтарының ең төменгі қажетті сомасы, ол кірістен БЖЗҚ-ға (ЕТЖ-дан төмен емес) болашақтағы тұрақты 10 пайыз зейнатақы жарналарын ескере отырып, ең төменгі зейнетақы мөлшерінде 82 жасқа дейінгі зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Зейнетақы қаражатының бір бөлігін пайдалану құқығы 2021 жылдан бастап берілетін болады. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделу немесе қаржы компанияларына басқаруға беру үшін алынуы мүмкін.

Егер мақсатты пайдалануға қажет болса, отбасы мүшелерінің қаражатын біріктіруге болады.

Published in Санаты жоқ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетовтің есебін тыңдады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының ресми сайтында хабарланды.

Кездесуде Мемлекет басшысының биылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру және экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы тікелей және портфелді инвестиция тарту жұмыстары кезінде өңірлік үйлестірудің маңызына ерекше тоқталды.

Қайрат Келімбетов Президентке Қаржы орталығының 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес АХҚО жұмысын жаңғырту жайын баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Published in Санаты жоқ

Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктің 7 айдағы жұмысының қорытындылары мен елдің отын-энергетика кешенін дамыту перспективалары туралы есебін тыңдады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының ресми сайтында хабарланды.

 

Нұрлан Ноғаев Мемлекет басшысына болашақта Теңіз кенішін кеңейту мен ернеулік қысымды басқару жөніндегі жобалардың жүзеге асырылуы туралы баяндады. Бұл жобалар 2022 жылдың соңына дейін мұнай өндірісін 12 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай ақ Президентке 2025 жылға дейін мұнайгазхимия саласында жалпы соммасы 15 млрд АҚШ долларын болатын жобалар жүзеге асыру жоспарланғаны туралы ақпарат берілді.

Министрдің айтуынша, жыл басынан бері қуаттылығы 432,05 МВттық жаңартылатын қуат көздерінің 15 нысаны іске қосылған. Жыл соңына дейін тағы 260 МВт жаңартылатын қуат көздерінің нысандары пайдалануға берілмек.

Нұрлан Ноғаев 1 қыркүйектен бастап саланы цифрландыру бағдарламасы аясында қазба байлықтарды пайдалану құқығы бойынша аукциондарды электронды форматта өткізу жоспарланып отырғанына тоқталды. Бұл конкурстық үдерістердің ашық жүруін қамтамасыз етіп, кәсіпкерлердің шығындарын азайтады.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы энергетика саласын дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Published in Санаты жоқ
Жұма, 04 Қыркүйек 2020 11:39

Жағымды жаңалық

 

БҚДКД Алматы облысы департаменті «Спец Строй Брэнд» ЖШС-не жіберген хабарламаның нәтижелері бойынша құрылыс монтаж жұмыстарының бағалары төмендеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Алматы облысы бойынша Депратаменті (бұдан әрі Департамент), «Спец Строй Брэнд» ЖШС-не (бұдан әрі ЖШС)  жіберген бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық белгілері бар екендігі туралы хабарлама нәтижелері бойынша, газ құбырларына қосылу үшін газбен жабдықтау жүйелері мен құрылыстарына құрылыс қызметтері (құрылыс-монтаж жұмыстары) бағасы 380 000 теңгеден 355 000 теңгеге дейін төмендетілгенін хабарлайды.

ҚРҰлттық экономика министрлігі

Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің

Алматы облысы бойынша Департаменті

 

*** 

По результатам  вынесеннего Уведомления в адрес ТОО «Спец Строй Брэнд», произошло снижение цен на строительно-монтажные работы.

Департамент Комитета по защите и развитию конкуренции Министерства национальной экономики Республики Казахстан по Алматинской области (далее – Департамент)сообщает, что по результатам вынесенного уведомления о наличии в действиях (бездействии) субъекта рынка признаков нарушения законодательства Республики Казахстан в области защиты конкуренциив отношении  ТОО «Спец Строй Брэнд» (далее-ТОО),была снижена цена на услуги строительство(строительно-монтажные работы) систем газоснабжения и сооружений на них для подключения к газопроводам, с 380 000 до 355 000 тенге.

Департамент Комитета по защите и развитию конкуренции

Министерства национальной экономики РК по Алматинской области

Published in Санаты жоқ
Жұма, 04 Қыркүйек 2020 11:18

Даубай ақын

Хантәңірінің баурайында туып, Қарасаздың қойнауында түлеген Даубай Әбдісай жуырда Қазақстан Жазушылар одағының, айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының мүшесі болды. Өткен жылы ғана «Дария ғұмыр» атты тұңғыш жыр жинағы оқырманға жол тартқан еді. Ақын кітабының кіріспесінің өзінде:

Дария толқын ғұмырым,

Дария қарттың ұлымын.

Көктүрік тегім бөрі емген,

Бөрідей көкке ұлыдым...

Мұхаммедтің үмбеті

Алланың ғана құлымын, – деп бастайды.

Расында, ақын поэзиясына үңілер болсақ, елең етіп, көңіл аударып, қайталай оқымасаң, түсіну әсте қиын. Тілі күрделі, ойы орамды, әр жолы салмақты метафора, эпитет, теңеу секілді көркемдеуіш құралдарды ұтымды қолданған. Өлеңдеріне тән ерекшелік – шындықты бұрмаламай дәл тұстан айту. Иә, ақын ағамыздың шығармашылығы жайлы айтар ой көп, әйткенмен сөзден гөрі іс оң болар, бірқатар отты өлеңдерін оқырман назарына ұсынғанымыз жөн болар. Десе де, тілек біреу: ұрпағыңызға ұран болар, жас буынға жыр-ән өлеңдеріңіз көбейсін.

"Еңбекшіқазақ" аудандық қоғамдық-саяси газетінің редакциясы

 

Даубай Әбдісай өлеңдерінен:

Хакім Абайға

Мен де өлеңге таласым бар Ұлы Абай,

Жарылқа Алла, жақсылық па бұ қалай?

Сенімменен қалам алдым қолыма,

Жүрек тулап арқа қозып, шыдамай.

Жаратылған жігер менен намыстан,

Бар әлемге даусы жеткен алыстан.

Қалың елім, қазағым деп қайғырып.

Қайран бабам мыңмен жалғыз алысқан.

Нұрға бөлеп, желсіз түнде жарық ай,

Ай  сәулесі шабыт берген жаныңа.

Тау өзені гүрілдеген терең сай,

Тұнық толқын қосты ма екен қаныңа.

Өлеңдерің асқақ биік арымдай,

Қара сөзің тулап аққан қанымдай.

Жетеліні жетелейді биікке,

Жетесізді қарып түсер жалындай.

Тағдырыңмен тайталасқан таңдарда,

Тоқтау айтып қара тобыр жандарға.

Бар қазақты туғанындай бауыр ғып,

Сендей сынап, сендей сүйген жан бар ма?

Әділдік пен Алла болды тірегің,

Бар халықтың жанына иман тіледің.

Қаның қайнап, жаның ашып тұрса да,

Қазағым деп соқты сенің жүрегің.

Тебіреніпті сен туғанда жер Анаң,

Ал дәретсіз емізбепті Зере анаң.

Кешір баба, кешіре алсаң кеш мені,

Теңеу таппай отырмын ғой мен оған.

Сені оқысам көзге елестеп мұнар күн,

Сені оқысам қуантады шығар күн.

Өзің айтқан сенім, қайрат, ақылмен,

Бар қазақты қиындықтан шығардың,

Айтқан сөзі анаң таққан тұмардай,

Ақыл ойы шыңға біткен шынардай,

Бала байдан дана Абай жасаған

Әруағыңнан айналайын Құнанбай.

Абай сөзі бар әлемнің елінде,

Абай жыры бар қазақтың төрінде.

Бар қазақтың бағы үшін жаралған,

Хакім Абай, түркі әлемнің көгінде.

 

*****

 

Мұқағали ескерткішінде оқылған өлең

Ассалаумағалейкум алып тұлға,

Саудалауға келмейтін нарық пұлға.

Әр жыл сайын ақпанның тоғызында,

Толғаныспен батады халық мұңға.

Қалаңды қадағалап күні-түні,

Тарықтың ба, тарланым, жалықтың ба,

Тас та болсаң мен саған мұң шағамын,

Сарғайған сағынышымды салып мұңға.

Мен саған келген жоқпын жылағалы,

Жылағалы жасымды бұлағалы.

Тас та болсаң кеп тұрмын қуантқалы,

Гүлденді өзің салған жыр алаңы.

Ағатай өзің туған Қарасаздың,

Ортайған жоқ өлеңнің бұлағы әлі.

Сөздің туын жыққан жоқ қариялар,

Қалт-құлт етіп тұрса да құлағалы.

Тілі шыққан сәбиге ымдап қалсаң,

Аузынан ағыл-тегіл жыр ағады.

Өзің жайлы толғансам неге менің,

Жыр емес қаламымнан мұң ағады.

Осы жайлы келіп ем сұрағалы.

Бақұл бол, аға.

Алатаудай ардақтым,

Сары атандай салмақтым,

Сағындым аға мен сені!

 

*****

(Еркін Ібітановқа)

Тірлігіңде дәмдес болдым сыйластым,

Жалындаған жырыңменен сырды аштың.

Өзіңменен бірге болған бір күнді,

Аға бүгін мың күніме қимаспын.

Ғашық едім жырларыңа мен сенің,

Жырмен жаздың қысқа өмірдің өлшемін.

Аға сені аңсап жүрмін сағынып,

Сағынып жүр Қарасазың, Елшенің.

Сағынышым сары жездей бұл менің,

Дауысыңды сағындым-ау бір керім.

Сені есіме түскен сайын ағатай,

От көңілім жетімсіреп жүр менің.

Нар тұлғалы ағамыздың бірі едің,

Тірлігіңде деп жүрішу ем тірегім.

Қарасудың толқынындай сені аңсап,

Тулап-тулап басылады жүрегім.

Сүйіп жаздың жүрегіңмен жырды шын,

Сенен алдым жыр жазудың үлгісін.

Қолтықтап ап Тұманбайдай досыңды,

Мұқаңменен қалжыңдасып жүрмісің?

Сағыныштың салмақты екен мұңдары,

Мәңгі өшпейді шын ақынның жырлары.

Қарасазым қашан туар екен деп,

Күтіп жүр ел дәл өзіңдей тұлғаны.

Күтіп жүр ел дәл өзіңдей тұлғаны.

Күтіп жүр ел дәл өзіңдей тұлғаны.

 

*****

Бірлік керек

Әрқашан жақ болады аққа Құдай,

Жақсылық жақсылықты тапқан ұдай.

Ел аман жұрт тынышта адамды атқан,

Қаніпезер қорқаудан сақта Құдай.

Мін іздеген адамдар табады айып,

Жамандықтың кірпішін қаламайық,

Қасқыр да қас қылмайды жолдасына,

Жақсыны жағадан ап сабамайық,

Татулықтың көтеріп керегесін,

Бірліктің кірпіші боп қаланайық.

Бұл қазақ қызық халық қарасаңыз,

Жұлқынып жоқ нәрсеге бал ашамыз,

Тірлігінде бөлініп быт-шыт болып,

Өлгенде бабамыз деп таласамыз.

Кейбіреудің аузынан қан ағыздық,

Кей адамның аузынан бал ағыздық,

Жоғары өрлегенді кейін тартып,

Көзін құртып біткенше алағыздық.

Тірімізді өлідей қадірлесек,

Қазақта болмай еді алауыздық.

 

*****

Қауіптенем

Біз келеміз бабалар жүрген ізбен,

Кезім жоқ болашақтан күдер үзген.

Салт-дәстүрдің ешқашан туын жықпай,

Ұрпақтар да жүрсе екен бірге бізбен.

«Іштен шыққан жау жаман»

деген сөз бар,

Ірітуші кірмесін іргемізден.

Айда керек аспанға күнде керек,

Тіл тағдыры ел үшін мүлде бөлек.

Ана тілдің білмейтін қасиетін,

Мансапқор мәңгүрт ұрпақ

кімге керек?

Бағымда бақытым да халық деген,

Не көрсем де бір көрем халықпенен.

Ата-ананың бетіне тік сөйлейтін,

Иманы жоқ ұрпақтан қауіптенем.

 

Published in Әдебиет
Жұма, 04 Қыркүйек 2020 11:13

Тоғызбайдың бойында тоғыз өнер

Тоғызбай Нұрсейітовтің өмірбаяны соғыстан кейінгі ұрпақтардың өмір жолына ұқсас та, ерекшелеу де. Ұқсастығы – орта мектеп бітіре салып, жоғары білім алуға бірден ұмтылғандардан гөрі екі-үш жыл еңбекке араласқан жастардың жұлдызы жанатын. Үш жылдай ұжымшарда қызмет етіп, ҚазҰУ-дің Заң факультетіне түсіп, заңгерлік мамандық алғаннан кейінгі қызметі де кәдімгідей сара жолмен жүргендей ойқыл-тойқылсыз. Қорғаушыдан бастап, тергеуші, аға тергеуші, прокурор көмекшісі, бірінші орынбасары, прокурор лауазымы. Ұйғыр, Шелек, Еңбекшіқазақ аудандарында, кейінірек Кеген, Шелек, Кербұлақ аудандарында, яғни, үлкен Алматы облысының жартысына жуық аумақта заңдылықты бақылап, еңбегін елге сіңіріп, зейнеткерлікке шықты.

Қызметтің жолында жүріп отбасын құруды да ұмытқан жоқ. Жұбайы Хабибамен Елмұрат, Ермек атты ұлдарды, Ләйлә есімді қызды бағып-қағып, жоғары білім алуға жағдай жасады. Әрқайсы өз жолдарымен қызмет етуде. Елмұрат – полиция полковнигі, облыстық көші-қон бастығы, Ермек – заңгер, кәсіпкер, Ләйлә банк жүйесінде, заңгер, немеренің алды Асыл да құқық қорғау жолын таңдады – полиция лейтенанты, Алматының Медеу ауданында. Түгелдей алғанда Нұрсейітовтердің заңгерлік династиясы деп айтуға әбден тұрарлық.

Ал бұл Тоқаңның әулетінің ерекшелігі болса, Тоғызбай заңгер-зейнеткердің өз бойындағы бір ерекшелігі – өнерге жақындығы.

Прокурор дегенде заң бұзылмауын күндіз де, түнде де бақылаудан қолы босамайтын, қабағы қатулы, жымиюды білмейтін жан елестер ме еді, қайтер еді. Қараторы қазақи келбетті Тоқаңның шыбын қонса аяғы сынып, мертігіп қалардай жылтыр қасқа басы өзінің көңілді жүретін әзілқойлығы басым мінезіне сай жарасымды колорит (бояу дегенім ғой) беріп тұр.

Бір жолы өзінен шені анағұрлым биік облыстық прокурордың алдында ән айтпақ түгілі сәлемдесуге именіп тұрған әріптестерінен суырылып шығып, жан тебірентерлік «Ана туралы жырды» қоңыр даусымен домбырамен орындап беріп, талай өткелден өткен, небір қиындықтарды, қатігездіктерді көрген прокурордың көзінен парлап жас ағызуға себепкер болған екен. Тұңғиық терең, өмірлік, пәлсапалық ойға толы жырымен. Жан-тәнімен беріле салған әнімен. Прокуратура генералы сұқ саусағын шошайтып «Осылай жалғастыр!» деп бұйырған екен Тоғызбайға. Менің генералдық шенім жоқ болса да, ағалық жолмен «Жетпісіңмен, Тоқа! – деймін, – Әнді, мәнді, сәнді өміріңді осылай жалғастыр».

Хайролла АХМЕТЖАНОВ,

Қазақ журналистикасының ардагері, ҚР Құрметті журналисі

 

P.S. Әншілік, көптеген музыкалық аспаптарда еркін ойнайтын қабілетімен қатар, өлең жазатын өнері де бар. Классикаға жетер жетпес, бірақ өміршеңдік өлеңдер...

Ақынның баспаға дайындап жатқан «Өмір өткелдері» кітабынан екі өлең ұсынып отырмыз.

   

 

Дін жолында

Мұсылман бол, басқа бол – бәрі адамдар,

Өтті ғой басымыздан не замандар.

Неше жыл қабағына қараумен орекеңнің,

Ұмытып та кеттік қой имандылық бар екенін.

Ішке сақтап, жалтақтаумен өмір кештік,

Дінсіздікке бас ұрдық, дұрыс дестік.

Намаз емес, бет сипасақ қудаланып,

Дінсіздіктің қажет болмай қалғаны анық.

Комсомолдан партияға қабылдандық,

Жалған түрде жоспарларды орындадық.

Имандылық болмаған соң еш адамда,

Барып жүрді имансыздар жат қадамға.

Елбасымыз Нұр ағаның бастауымен,

Бар мұсылман шын жүректен дедік «әумин».

Білгендей іштегі барлық ойды,

Мешіттердің жұмыстарын жолға қойды.

Діни оқу орындарын ашып беріп,

Имандылыққа бет бұруға берді ерік.

Өткен заман біздерден алыстады,

Әруақтарға құранымыз бағышталды.

«Өлі риза болмай, тірі байымас» дейді қазақ,

Дінімізден қалып едік айырылуға өзі аз-ақ.

Уа, пенделер! Тәубе дейік оралғанына дініміздің,

Қазақ болып, мәртебесінің өскеніне тіліміздің.

Қас дұшпандар дінді де бұрмалауда,

Сенімдіміз, оларда бір күн ілінер Алланың сұрағына.

 

*****

 

Өмір өткелдері

Өмірдің көп өткелі.

Өткелдерден өткенше,

Бақытқа біреу кенелер,

Біреулер болар өкпелі.

Бақ қонар-ау басыңа,

Қарамайды ол жасыңа.

«Басыма бақ қонды» деп,

Есірме, асып-тасыма.

Бақытқа біреу кенелер,

Өйткені олар кемеңгер.

Кенелу үшін бақытқа,

Терін төгіп келгендер.

Біреулер болар өкпелі,

Кімге айтады өкпені.

Қонған бақты басынан,

Тайдырып алған өйткені.

Айтпаймын мен де көп көргем,

Өткенмін біраз өткелден.

Ниетім жақсы болған соң,

«Таза» - деп ойлаймын «бетпердем».

Балалары, жандарым,

Ниетім таза болсын де.

Еңбек етем ерінбей,

«Басыма бақ қонсын» – де.

Бәріміз жұмыр жердеміз,

Құлшылық еткен пендеміз.

Еңбексіз келген дәулетке,

Жандарым мүлде сенбеңіз.

Еңбекпен келген дүние,

Артықшылық етпейді.

Ниеті таза пендеден,

Бақ та қашып кетпейді.

Ақылым тағы сендерге,

Болмаңдар құры бос кеуде.

Таразыға салып ойлаңдар,

Бір нәрсені істерде.

Жасамаңдар сараңдық,

Ойламаңдар арамдық.

Естеріңе сақтаңдар,

Жеңетінін адалдық.

Published in Әдебиет

 

В Послании «Казахстан в новой реальности: время действий» Президент РК Касым-Жомарт Токаев говорит о необходимости дальнейших правовых реформ, подчеркивая, что: «Важный критерий правового государства – беспристрастное и справедливое правосудие». Я и мои коллеги-судьи полностью согласны с тем  выводом Президента, что приоритетом реформ судебной системы должно стать  укрепление доверия общества к судам, развитие альтернативных способов разрешения правовых споров.

Сегодня объективно назрела необходимость разработки комплексного и системного подхода к повышению правовой культуры населения, более активное внедрение  института восстановительного правосудия – медиации. Повышение правовой культуры, правового сознания населения служат важными критериями формирования гражданского общества, которые способствуют дальнейшему становлению независимого, демократического и правового государства. Важно и то, что  практика медиации помогает «разгрузить» суды от второстепенных исков, возникающих из гражданских, трудовых, семейных и иных правоотношений с участием физических и  юридических лиц. Наше государство ведет постепенную и целенаправленную политику,  убеждая население в необходимости активного внедрения медиации. Это  позволит судьям уделять больше внимания   рассмотрению дел о коррупции, по таким преступлениям как  сексуальное насилие, педофилия, распространение наркотиков, торговля людьми, бытовое насилие против женщин и детей, о чем  Президент говорил   в  своем  предыдущем Послании.

Новая парадигма социальной политики государства  включает   модель правосудия, отвечающую высоким международным стандартам. Важно усиление защиты основополагающих прав и свобод граждан и ужесточение наказаний за тяжкие преступления против личности, гласность в подборе судейских кадров, повышение их компетентности, более широкое применение альтернативных способов разрешения правовых споров – такие задачи ставит Президент перед судебно-правовой системой всех уровней, и ее предстоит выполнить в  ближайший срок.       

Published in Санаты жоқ
Жұма, 04 Қыркүйек 2020 09:38

Нақты іс-қимыл кезеңі

2020 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жария етті.

Жер-жаһанға зор қауіп төндірген коронавирус салдарынан елімізде орын алған күрделі кезеңде жариялаған Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған әрбір бағыт-бағдар мен міндеттер ел өмірі үшін ерекше маңызға ие.

Мен Қазақстан Президентінің Жолдауымен танысқанымда, Мемлекет басшысының сөзі мен ойларын ықыласпен қабыл алдым. Президент әрбір қазақстан-дықтың тағдырына алаңдайтыны соншалық, оған тоқтамай өту мүмкін емес. Әлеуметтің әл-ауқатын арттыру үшін шешілуі қажет барлық өмірлік аспектілерді қозғады.Онда көрсетілген әрбір 11 іс-қимыл жоспарының өзіндік ерекшелігі бар.

Алғашқысы, мемлекеттік басқарудың жаңа моделі. Мұнда Президент бұл саладағы реформаларды жүйелі түрде жүргізген жөн екендігін назарға салды.

Әлбетте, мемлекеттік басқару, кадр саясаты, шешім қабылдау жүйесі және олардың орындалуы үшін жауапкершілік тәсілдері өзгеретін болады.

Екінші, жаңа шындықтағы экономикалық даму. Мемлекет басшысы: «Бізге Қазақстан экономикасының болашақ құры-лымына жаңаша қарауға тура келеді. Еліміздің өнеркәсіп, энергетика, ауылшаруашылығы, қызмет көрсету сияқты негізгі секторларының әрқайсының рөлін анықтау керек. Басқаша айтқанда, шұғыл түрде эконо-миканың жаңа құрылымын құру қажет» деп атап өтті. Әрине, бұл тұрғыдан өңдеуші өнеркәсіпке баса назар аудара отырып, әртараптандырылған экономиканы құру – басты басымдықтардың бірі екендігі сөзсіз.

Бізде аграрлық саламен бірге ауданның өнеркәсібі де ойдағыдай дамуда. Сондай-ақ Жолдауда айтылғандай ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Осы бағытта ауданымызда бақшаларды дамытумен қатар жеміс сақтайтын заманауи қоймалар да іске қосылуда. Соңғы бес жылда алма бақтардың аумағын екі есе арттыра алдық.

Дегенмен, 2020 жылы шағын және орта бизнес күрделі кезең-дерді бастан кешуде. Сондықтан Мемлекет басшысы айтпақшы, экономикалық реформалар азаматтардың табысын арттырып, тұрмыс сапасының жоғары стандартын қамтамасыз еткенде ғана өзін-өзі ақтап, қолдауға ие болады. Осыны әрдайым есте ұстауымыз қажет.

Үшіншіден, ел болашағы өңірлер деңгейіндегі өзгерістерге байланысты. Осы ретте Президент аймақтардың бюджетін жетілдіру, кіріс базасын нығайту жөнінде нақты тапсырмалар беріп отыр. Демек, ауылдардың әлеуетін толық ашу мәселесі стратегиялық маңызды болып қала береді әрі «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы жалғасатын болады.

Ең басты басымдық азамат-тардың әлеуметтік әл-ауқатына беріліп отыр. Жолдауда қазіргі кезеңде тұрғындар үшін маңызды болып отырған жұмыспен қамту, тұрғын үй, отбасы құндылықтары, демографиялық жағдай, әлеуметтік көмек сияқты маңызды сұрақтарға жауап беріліп, мемлекеттің таяу болашақтағы дамуының нақты міндеттері мен басымдықтары, өмірдің барлық салаларындағы іс-қимылдың стратегиялық бағдарламасы көрсетілді.

Дана бабамыз Ахмет Иүгінеки айтқандай, «Бақыт жолы – білімде». Жолдаудағы бесінші басымдықтың да осы саланың өркендеуіне берілгені заңдылық. Президент осы жолы да ұстаздар жалақысына көңіл бөліп, 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25  пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдады. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта беретінін айтты. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді.

Алтыншы, денсаулық сақтау жүйесін дамыту. Осы бағытта медициналық ұйымдарды қа-жетті жабдықтармен толық жарақтандыруға, төсек қорын 50%ға жаңартуға, ескірген инфрақұрылымды ауыстыруға, күтілетін өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Жетінші бағытта қорша-ған ортаны қорғауға басымдық берсе, сегізінші бағыт – заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Әлбетте, заң үстемдігі орнықпаса және азаматтар-дың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы.

Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс және әділ шешім шығару қажет. Бұл тұрғыдан аудандық мәслихаттар үшін маңыздысы, әрине, Жолдауда атап өтілген Қоғамдық кеңестердің рөлін арттыра түсу мәселесі. Бұл – өзін-өзі басқару жүйесіндегі маңызды қадамдардың бірі болмақ.

Тоғызыншы – цифрландыру. Рас, өмір сүру деңгейін жаңа белеске көтеретін бұл реформа замана қажеттілігі. Оныншы, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы. Жолдауда Мемлекет басшысы: «Мәслихаттарға қол жинау және өңірді дамыту бойынша петиция жасау немесе кейде ондаған жылдар бойы өз шешімін таппаған жергілікті проблемалар функциясын беру мүмкін деп санаймын.Сондай-ақ мәслихаттардың тексеру комиссияларын күшейту керек. Үкіметке және Есеп комитетіне заңнамаға тиісті түзетулер пакетін дайындауды тапсырамын. Мәслихаттар отырыстарының міндетті онлайн-трансляциясын енгізу қажет. Халық қалаулыларының пікір-таластары, олардың қоғамдық-саяси келбеті қоғам үшін құпия болмауы тиіс. Жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктерін кезең-кезеңімен ажырату ұсынылады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жиындар мен жиналыстардың мәртебесін арттыру қажет. Жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерге қатысты олардың пікірін аудандық мәслихаттар нақты шешімдер қабылдау үшін ескеруі тиіс» деп атап өтті. Бұл бағыт расында бүгінгі таңда мәслихаттардың жұмысын жетілдіруге оң серпін бермек.

Он бірінші – ұлттың жаңа болмысы. Қасым-Жомарт Тоқаев бұған қол жеткізудің алты негізгі қадамын белгілеп берді. Ол білім, адал еңбек, кәсіби дағды, тәртіп пен жауапкершілік, әділдік және адалдық. Бұл «нағыз қазақтың жаңа кейпі» болмақ. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін «Қазақ зиялыларының жаңа кезеңдегі міндеті – ұлт болмысының жаңа қағидаттарын орнықтыру. Сондай-ақ, ұлт сапасын арттыруға атсалысу», – деп зиялы қауымға үлкен сенім артты.

Қорыта келгенде, ел тарихында алғаш рет орын алған індетпен күрес – ортақ міндет. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» дейді. Бұл көзқарас бүгінгі күні өте маңызды. Расында да, біз болашақ ұрпақтың игілігі үшін алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге ұмтылуға тиіспіз.

 

Б.АХМЕТОВ,

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының хатшысы

Published in Мақалалар
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет