Күндер бойынша реттелген элементтер: Сәрсенбі, 02 Қыркүйек 2020

Жыл сайын есiрткiнiң салдарынан республика бойынша 300 адам қайтыс болады. Қазiр Қазақстанда ресми мәлiмет бойынша 54 мыңға жуық нашақор тiркеуде тұр. Бұл – тек ресми мәлімет қана. Ал тiркелмегендерiнiң қанша екенi әзiрге белгiсiз. Республикамызда нашақорларды емдейтiн 9 орын бар. Өткен жылы мамандар нашақорлыққа бас ұрған адамдарға арнайы тексеру жүргiзген. Нәтижесiнде нашақорлардың 60 пайызы 30 жасқа дейiнгi жастар мен әйелдер екенi анықталған. Есiрткi таратуға қарсы қылмыстық жаза күшейтiлдi, Үкiмет тарапынан қомақты қаржы да бөлінген. Бiрақ нашақорлардың саны азаяр емес. Заңгерлердiң айтуыынша, есiрткi бизнесi тамырының тереңге бойлауына одан түсетiн қыруар ақша себеп болуда.

Еліміздегі күштік құрылымдар есірткі бизнесіне тұсау салудың өзіндік қиындықтар бар екендігін жасырмайды. Өйткені Еуразия жолдарының қиылысында  орналасқан Қазақстанның геосаяси жағдайы есірткі тасымалдау үшін транзиттік дәліз ретінде қалыптасқан. Сондықтан да  әлемдік ұйымдасқан қылмыстық топтар  Ауғанстаннан Ресейге, одан кейін Еуропаға есірткі заттарын осы дәліз арқылы контрабандалық жолмен тасымалдайды. Сол себепті де елімізде, Орта Азиядан әлемге жөңкілген есірткі ағынына тоғытылғандар толықпаса, азаятын түр жоқ. Онымен қоса, Қазақстан  көлемінде  де есірткі ошақтарының болуы, аталмыш атың  өшкір  індеттің ауа жайлыуына мүмкіндік беріп отыр. Бұл туралы «Qazaqstan dauiri» газетінің Бас директоры Сәуле Мешітбайқызының «Есірткі саудасы есіл ерлердің есін алып тұр» атты мақаласында: «Сол аты жаман есірткінің бір ошағы Шу өңірі болып отырғаны ешкімге жасырын емес. Бірақ оны түпкілікті жоюға біз түгілі әлем алпауыттарының шамасы жетпей жүр. Оны мойындау керек. Бірақ қол қусырып отыруға уақыт тар. Тым болмағанда індеттің кеңге жайылуына тосқауыл қойсақ, мыңның болмаса да жүздің бетін бері бұрсақ жеңіс сол», – деп жазады.

Барша әлем, қала берді Қазақстан болып күресуі тиіс есірткі бизнесіне Алматы облысының полицейлері де өзіндік тасқауыл қоюға күш салып келді. Алматы облысы ПД Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының дерегіне негізделсек, жыл басынан бері есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 403 қылмыстық құқық бұзушылық анықталған. Есірткі қылмыстарының 88, аса ірі көлемде есірткі құралдарын сақтау мен тасымалдаудың 20, есірткі құралдарын өткізудің 52, құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді өсірудің 16 дерегі анықталған. Аталған ведомство өкілдер есірткі бизнесіне күресті кеңінен қанат жайдыруға белсене крісетіндіктерін айтты.

Қазіргі таңда алыпсатарлар  есірткіні онлайн саудалаумен жарнмалауға көшкен. Олардың осындай замануи сауда тәсілін тез игеріп кетуі де есірткі  алыпсатарларын құрықтауға мұрша бермей отыр. Полицейлер интернетте синтетикалық есірткінің жарыса жарнама жасайтындардың көбейгендігін, олармен күресудің «теңізден тебен іздегендей» машақатты екендігін айтады. Дегенмен оңай олжа тапқысы келгендердің  дерлік шолжаңдап жүр деуге келмейді. Тобымен торға түскендері де бар. Алматы облысы ПД Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қазбек Мухамедов: «Біздің осы бағыттағы басты міндетіміз интернет ресурстар мен мессенджерлерді пайдалана отырып, есірткі қылмыстарын мониторингілеу, анықтау, жолын кесу. Бүгінгі таңда Алматы облысының аумағында синтети-калық есірткі түрлерінің заңсыз айналымға  байланысты 18 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 12 есірткі, екі дерек ҚР ҚК 296 – бабының 4-бөлігі бойынша аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын сақтау, төрт дерек ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігі бойынша  анықталды», – деп атап өтті .

Бүгінде есірткі өсімдіктерін өз ауласында егетіндер де бар екені байқалған. Алматы облыстық Полиция департа-менті баспасөз қызметінің мәліметінше, Енбекшіқазақ ауданының 26 жастағы тұрғынынан тәртіп сақшылары қара сора өсімдігін тәркіледі. Жалпы салмағы – 51 келі. Екінші жағдайда, заңсыз өсімдік «бағы» Іле ауданының 54 жастағы тұрғынының үйінің ауласынан табылды. Полицейлер 54 түп марихуана өсімдігін тәркіледі. Аталған фактілер ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген.

2020 жылы Қылмыстық кодекске жаңа бап енгізілді. Онда есірткіні насихаттап, жарнамалағаны үшін үш жыл-ға дейін, топтасып қылмыс жасағаны үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге жазаға тарту қарастырылған. Сала мамандары нашақорлық пен есірткі бизнесіне өнімді  соққы беру үшін мемлекеттік әлеуметтік саясат, білім беру жүйесіндегі жастар арасындағы  ең көлемді мәдени-тәрбие жұмыстарын жүргізіп, олардың бос уақыттарын қоғамдық құндылықтармен байыту керек деп қарайды. Қалай десек те, осы  салада негізгі бағыт беретін күш-жергілікті  атқарушы  органдар мен азаматтық қоғам институттарының жұмыстарын жетілдіру және жандандыру қажет. Ең бастысы – нашақорлыққа итермелейтін негізгі себептер мен жағдайларды  анықтау  және оларды қалпына келтіруге күш салу қажет.

 Ерзат Асыл

Published in Мақалалар
Сәрсенбі, 02 Қыркүйек 2020 17:19

ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ. Аудан активі өтті

 

Бүгін аудан әкімі Қ.Кашкинбаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған Жолдауын талқылау мақсатында ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан аудан активі өткізілді.

Жолдауда Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында белгіленген ұсыныстары мен бастамалары жалғасын тауып, қоғамның дамуы үшін алдағы кезеңде атқарылуы тиіс жұмыстарға нақты бағыт-бағдар көрсетілді.

Күн тәртібінде бір мәселе қаралды.

Активте аудан әкімі Қ.Кашкинбаев «Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген тапсырмаларды іске асырудағы ауданның атқарушы органдарының жұмысы туралы» баяндама жасап, қаралған мәселе бойынша тиісті мекеме мен бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, аудан әкімі берілген жұмыстарды жалғастырып, Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру басты міндетіміз екендігін жеткізді.

Актив жиналысына аудандық бөлім, басқарма басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының бірінші орынбасары, Есік қаласы және ауылдық округ әкімдері, аудан тұрғындары, этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 

Published in Мақалалар

Қаратал шағын ауданында орналасқан құрылысы аяқталмаған қонақ үйдің екінші тынсы ашылды. Бұдан былай ол білімгерлердің үйіне айналмақ. 9 қабатты ғимараттың қаңырап бос тұрғанына бірнеше жылдың жүзі болған. Содан бері  пайдаланылмаған нысан облыс әкімі Амандық Ғаббасұлының тапсырмасы бойынша 288 орынға лайықталған жатақханаға айналды.

   Қазақстанның тұңғыш  Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Бес әлеуметтік бастама» атты халыққа үндеуінде: «2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсырамын»-деген еді. Облыс орталығында бой көтерген жаңа студенттер үйі берілген  пәрменнің орындалғанына дәлел.

Бүгінде жатақхананың құрылыс жұмысы аяқталды. 96 бөлмеден тұратын ғимарат болашақ жас мамандардың білім алуына мол мүмкіндік береді.Жоба құны -2,3 млрд.теңге.Айта кету керек, Нысанның құрылысына  жауапты болған бас мердігер компания «Астана құрылыс» ЖШС болып табылады. Ал, мұнары көкпен таласып тұрған ғимараттың сұлбасын сызған сәулетші марқұм, Ақмырза Рүстембеков.

«Ескі ғимаратты мемлекет меншігіне өткізіп алғаннан кейін қандай мақсатта жұмыс жүргіземіз деген ой болды. Сол аралықта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жатақхана құрылысын жандандыруға тапсырма берді. Содан іске кірістік.  Ендігі де білім ордасымен екі ортаға велосипед жолы салынады. Жастарға жасаған жақсылықтың нәтижесі оңынан болады. Олардан ештеңені аянып қалмаймыз»,- деді облыс әкімі Амандық Баталов.

Нысанның көрінісі көз тартарлық. Балкондар әйнекпен жабылып, салқындатқыш жүйесі орнатылған.   Жаңа жатахананың пошымы да бөлек. Дөңгелек пішінді. Нысанның колонналары мен қабырғалары темір бетонды монолиттен құйылған.   Қалашық аумағын абаттандыруға да баса назар аударылған. Жоба бойынша мұнда көгалды саябақ, волейбол, футбол, баскетбол мен үстел үсті теннисі үшін алаңдар салынған. Тіпті жеңіл автокөліктер үшін арнайы тұрақжай мен орындар қарастырылған.

 Нысанның негізгі иелері жастардың қуанышында шек жоқ. «Мұндай жатақхананы еш жерден кездестірмедім . Сәулеті келіскен ғимарат қалаға көрік беріп тұр. Қоғамның қозғаушы күші-жастарға үлкен көңіл бөлінуде. Ол үшін мемлекет басшылығына айтар алғысымыз зор»,- дейді "Болашақ" президенттік стипендиясы қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесинова.

 

Білімгерлердің шаңырағына айналатын жатақхананың есігін айқара ашқаны тек жастарды ғана емес, білім ордасының басшылығында қуантып отыр.

«Жетісу университетінің жастары өз қалашықтарында, бақытты студенттік шақтарын өткізіп, алаңсыз білім алып, еліміздің көркеюі жолында  аянбай еңбек ететін болады.  Қаламыздың көркем  шағын аудандарының біріне айналатын Студенттер қалашығы  жарқын болашағымыздың кепілі деп білеміз»,-деді І. Жансүгіров атындағы университетінің ректоры Қуат Маратұлы.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу  университетінің студенттеріне арналған жатақхана еліміз бойынша алғашқы салынған  архитектуралық жағынан күрделі,  сәулетті нысанның бірі. 

Ғимараттың жанында қалалық жағажай, Сити Плюс ірі сауда орталығы бар. Студенттердің Қаратал жағалауына шығып серуендеуінемүмкіндік береді. Іргесінде ардагерлер саябағы сынды маңызды нысандар тұр. Заманауи үлгідегі ғимаратта студенттерге бар жағдай қарастырылған. Кітапхана, оқу залы, шағын кинозал, спорттық алаңы мен жаттығу бөлмелері бар.

Бұл нысанды жатақхана деп айту қиын. Өйткені, жоғары класстағы қонақ үйге ұқсайды. Мұнда барлық қажетті инфрақұрылым толығымен жасақталған. Бұл қалашықТалдықорғанның шығыс бөлігіне сән беріп тұр.

Алыстан мен мұндалап көрінетін  жатақхананың әсемдігіне таңдаңғандардың арасында  «Қазақстан Студенттер альянсының» президенті Ілияс Түстікбаевта бар.

«Елорда мен оңтүстік астанамыз Алматы қалаларында болдым.Ірі магаполистерде дәл осындай студенттер үйі жоқтың қасы. Өзіміздің туған өлкемізде жағымды жайыттардың орыналып жатқаны қуантады. Білімгерлерге көрсетілген қолдау ерен. Мұны жастар естен шығармауы керек»,- деп өз ойын білдірді Ілияс Түстікбаев.

 Айта кетерлігі, облыста тағы да үш бірдей жатақхананың құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Алдағы таңда мұндай ақжолтай хабарлардың легі жалғасын таппақ.

Анар САБЫРОВА

Published in Санаты жоқ

Достар, біз, әдеттегідей, мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алу жолдарымен бөлісуді жалғастырамыз. Бүгін #oqy&toqy айдарында Баланы асырап алғандар үшін тиісті куәлікті қайталап алуға қалай өтініш беру керектігін айтамыз!
Ол үшін:
- Egov.kz порталына кіріп, авторизациядан өтіңіз
- Азаматтарға тарауынан «Отбасы» бөлімін таңдаңыз
- «Ұлды/қызды асырап алу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру» қызметін тауып, онлайн сұрау салыңыз
- Әрі қарай асыраушы туралы мәліметтерді толтырып, төлем жүргізіңіз (қызмет құны – 1 АЕК)
Дайын құжат электронды форматта 1 жұмыс күні ішінде дайын болуы тиіс!

***

Друзья, мы продолжаем делиться способами получения госуслуг онлайн.
Сегодня в рубрике #vteme мы расскажем, как оформить повторное свидетельство об усыновлении для приемных родителей. Для этого необходимо:
✅ авторизоваться на портале egov.kz;
✅ выбрать раздел "Семья";
✅ найти услугу «Подача заявки на повторное свидетельство об усыновлении/ удочерении» и нажать "Заказать услугу онлайн";
✅ после заполнения данных об усыновляемом произведите оплату (стоимость услуги – 1 МРП).
❗️Срок выдачи справок в электронном формате - 1 рабочий день.

Будьте #втеме и получайте госуслуги онлайн!

Published in Санаты жоқ

Бағдат Мусин ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын», делінген Президент Жарлығында.

Мусин Бағдат Батырбекұлы 1983 жылы 3 наурызда Павлодар облысының Екібастұз қаласында туған. Сүлеймен Демирел атындағы университетті «инженер-жүйе технигі» мамандығы бойынша, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын инженер-бағдарламашы болып бастады, Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК АЖ сүйемелдеу бөлімінің бастығы, ҚР Әділет министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Ақпараттық технологиялар басқармасының бастығы болып жұмыс істеді, ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің құрылымында басшылық қызметтерді атқарды, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазпошта» АҚ, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетін басқарды.

Биыл наурыз айында ҚР Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалған.

Еске сала кетсек, 20 шілдеде ол Цифрлық даму бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Published in Санаты жоқ
Сәрсенбі, 02 Қыркүйек 2020 12:43

Доллар тағы арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды KASE.

Таңғы сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 1 қыркүйектің кешімен салыстырғанда 1,11 теңгеге төмендеп, 1 доллары 418,13 теңгені құрады.

Ұлттық банктің 2 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 419,24 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы - 420,01 теңге, сатып алу – 418,49 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы - 419,67 теңгеден болса, ал сатып алу – 418,50 теңге.

Published in Санаты жоқ

В Алматинской области по итогам регистрации кандидатов, было одобрено и зарегистрировано 1108 заявок. Об этом стало известно в ходе брифинга на информационной площадке «Jetisy media».

«По итогам регистрации кандидатов, всего подали заявки 1116 человек, из них членами организационных комитетов одобрено и зарегистрировано 1108 заявок. В целом по Алматинской области на 1 мандат приходится 3,8 мест участников праймериз», - сообщил первый заместитель председателя Алматинского областного филиала партии «Нур Отан» Жанболат Жоргенбаев.

Стоит отметить, 315 участков приготовлено для голосования во внутрипартийном отборе.

В настоящее время идет подготовка к агитационному периоду. До 6-го сентября участники праймериз формируют свой штаб, а также составляют индивидуальный график работы по агитационным встречам и готовятся к дебатам.

Напомним, 17 августа в Казахстане началось выдвижение кандидатов на праймериз партии «Нур Отан». Также, продлился до 28 августа. После этого 1-3 октября пройдет голосование.

Через веб-портал primaries.kz любой желающий может посмотреть список участников по рубрике «Кандидаты».

Published in Санаты жоқ
Сәрсенбі, 02 Қыркүйек 2020 10:42

Біріксек жеңеміз

«Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген  тікелей қатер болып саналады. Біздің түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек» – деген еді Елбасы Н.Ә.Назарбаев.        

Тарихқа жүгінгім келеді, көшпелі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық билік бидің қолында болды. Даудың әділдігі күмән тудырған жағдайда дауласушы тараптар басқа билерге жүгінді. Осылайша, түйіні қиын дауларды әділ шешкен бидің атағы елге жайылып, абыройы арта түсетін. Би дұрыс үкім шығармаған жағдайда өзінің абыройы мен беделінен жұрдай болып, би атағынан айырылып қалатын. Би өзінің сіңірген еңбегі үшін «бидің билігі» деген сыйақы алатын. «Тура биде туған жоқ,туғанды биде иман жоқ», «Туғанына бұрғаны – Биді құдай ұрғаны», «Төбе би де өзіміз, төре би де өзіміз. Қисық болса сөзіңіз, Құрулы тұр тезіміз» деген мақал-мәтелдер сөзіміздің айғағы.

ХХ ғасырдың басында сайлаушыларды сатып алу жүйесі кең етек алды, «Билікке осындай жолмен келген лауазымды қызметкер ең алдымен өз шығынын қайтаруға тырысатыны – табиғи жағдай, сондықтан лауазым иесі тегін саусағын қимылдатпайды, ал сыйақы үшін барлығын шешеді», «Болды да партия, ел іші бүлінді...»,  «Қалың елім – қазағым...» – деп Ұлы Абайдың күңіренетіні осы кез. Өкінішке қарай, барлық әлем елдері сияқты сыбайлас жемқорлық Қазақстан Республикасын да  айналып өткен жоқ. Қылмыстың бұл түрінің біздің қоғамымыздың да барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Ең қауіптісі, ол білім беру, медицина сияқты ізгілікті  салалардан бастап құқық қорғау органдарына дейін бой көрсетіп жүр.

Дегенмен, еліміз тәуелсіздік алғалы бері жемқорлықпен күрес жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Осы мақсатта көптеген заңдар қабылданған: «Мемлекеттік қыз-мет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», сонымен қатар  тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілді. Аталмыш заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тосқауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі.

Осындай келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы. Мемлекеттік органдарда жұмыс жасайтындардың өзгенің тағдырына, жұмысына деген немқұрайлығы, тоңмойын шенеуніктердің тойымсыздығы, қарапайым анықтама алуы үшін шеті мен шегі жоқ кезек көптеген азаматтар мемлекеттік қызметкерлерді пара алуға өздері арандатады. Өйткені халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімділік жетіспейді. Сол себепті де мұндай ауыр кеселді тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен жеңе алмаймыз. Жемқорлықпен күресуді бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады. Көптеген заң бұзушылықтарға, жергілікті атқарушы орган басшылары тарапынан жол берілетіні байқалады. Олар тарапынан өздерінің қарамағындағы қызметкерлерден болмашы жайтқа бола ауыр алым-салымға жүктеу жайттары жиі кездесіп жатады.

Алайда, осындай заң бұзушылықтар орын ала тұра құқығы бұзылған азаматтар дер кезінде құқық қорғау органдарына хабар бермегендіктен, кінәлі тұлғалар жауапкершіліктен құтылып кетеді. Осындай олқылықтарға жол беруден аулақ болған жөн. Жемқорлық әлеуметімізді ішінен құртатындай, оны қолға кірген тікенмен салыстырғым келіп отыр, яғни ол туралы неғұрлым аз сөз қозғасақ, ол соғұрлым күшейе түседі. Барлығымыз бірігіп қана оны жеңе аламыз.   

                    Қ.Бұзаубекова,

қазынашылық басқармасының бас маман-бас қазынашысы

Published in Мақалалар
Сәрсенбі, 02 Қыркүйек 2020 10:36

Стартовала страда

Летняя страда близится к завершению. В закрома убраны озимые с площади 5074 га, в том числе 1075 га пшеницы, 3897 га ячменя, 102 га тритикале. Яровые культуры составили 31600 га. Завершена уборка ячменя с 6688 га, овса с 100 га. началась уборка  зерновой  кукурузы, занимающей  24812 га, бобовых и масличных: сои – 10339 га, подсолнечника – 2196 га, а также картофеля с 6280 га. Собраны  бахчевые – 142,5 га, овощи – 10076 га. Заготовка кормовых культур идет с площади 19784 га, в том числе многолетних трав с 14110 га, кукурузы на силос с 3480 га, однолетних трав с 2194 га.

Кормов к последней декаде августа  заготовлено: сена – 168 тысяч тонн при плане 212 тысяч тонн, сенажа 27,6 тысяч тонн при плане 59,7 тысяч тонн, фуражного зерна 8 тыс. тонн при плане 67,7 тысяч тонн, началась закладка кукурузы на силос. В 2019 году было заготовлено соответственно: сена 210,5 тыс. тонн, сенажа 57,4 тыс. тонн, соломы 56,2 тыс.тонн, фуражного зерна 65,4 тыс. тонн.

Особое место отведено выращиванию и повышению урожайности  кукурузы и сои. Кукурузу на силос и зерно земледельцы района и области успешно культивируют  благодаря  селекционной работе ведущих НИИ и элитсемхозов, таких Казахский национальный аграрный университет (КазНАУ), и Казахский НИИ земледелия и растениеводства (КазНИИЗиР), главный оригинатор элитных семян гибридных сортов кукурузы в РК ТОО «Будан». 

Енбекшиказахский район является базой для реализации инновационных программ по возделыванию кукурузы и сои в условиях юга и юго-востока Казахстана, основным производителем семенной и товарной  кукурузы Алматинской области. На землях нашего района сформирован научно-производственный кластер кукурузоводства и соеводства, в который входят ТОО «Будан», ТОО «Нұр агро», АО АПК «Адал», работающие в сфере  импортозамещения семенной кукурузы и сои и развитию инновационных агротехнологий. ТОО «Будан» производит 25 видов  семян гибридов кукурузы, из них 13 районированы для всех климатических зон Казахстана и 1 сорт сои. ТОО «Чаф «Тургень» возделывает  3 сорта озимой и яровой пшеницы,   1 сорт ячменя, сои и сафлора.

На очереди – осенний сбор яблок садов и винограда. В 2020 году плантации винограда и плодово-ягодных культур в районе составляют около 10 тысяч  гектаров, в том числе интенсивные яблоневые сады – 1550 га. Гектар яблоневого сада  интенсивного роста  дает урожай  до 60 тонн яблок. Инновационные технологии позволяют получать урожай уже на следующий год после посадки, причем с помощью  капельного орошения даже на неплодородных почвах. Выращиванием элитных сортов винограда  занимается ТОО «ЭкоАгропродукт» на площади свыше 1500 га, еще 400 га занимают виноградные плантации «Төре жайлау», ТОО «Лоза Казахстан», ТОО «Био Тау жер» в Каракемерском округе.

И.ВИКТОРОВ

Published in Мақалалар
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет