Сейсенбі, 11 Тамыз 2020 14:58

5 апталық карантин нәтижесі: Қатаңдатылған шаралар біртіндеп алынады

5 апталық карантин нәтижесі: Қатаңдатылған шаралар біртіндеп алынады google.kz

Елімізде 5 аптаға созылған күшейтілген карантин шаралары өз жемісін бере бастады. Қазіргі уақытта республика бойынша коронавирустың беті қайтып, індеттен сауығып шыққандардың саны артта түсуде. COVID-19 өршіп тұрған кезде шұғыл арада жасақталған стационарлардың кейбірі босап, бірқатар өңірлерде осы уақытқа дейін өзге науқастарды қабылдамаған емханалар мен ауруханалар бұрынғы жұмыстарына біртіндеп қайта орала бастады. Бірақ, еркінсуге әлі де ерте. Себебі күн сайын жер-жерде коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға қатысты деректер тіркеліп жатыр.

Бүгін Қазақстан Үкіметінің онлайн режимде өткен отырысында еліміздегі эпидемиологиялық ахуал қаралып, аталған мәселе бойынша баяндама жасаған ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, Қазақстанда 11 тамызға 100 164 науқас тіркелген. Оның ішінде 25 171 науқас ем алып жатыр. 73 702 пациент немесе 73,6 пайызы емделіп шықты. 1 091 адам өмірден озды. Вирус репродуктивтілігі немесе 1 науқастың өзгелерге жұқтыру көрсеткіші 5 апталық қаңтаңдатылған карантин шараларына дейін 1,72 болатын. Ал карантин енгізілген кейін инфекцияның репродуктивтілік көрсеткіші тұрақты түрде төмендей бастады және қазіргі уақытта 2 есеге, яғни 0,82-ге дейін азайды.

Бұл ретте республика басшылығының еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне жан-жақты және дер уақытында қолдау көрсеткенін атап өткен жөн. Соның нәтижесінде қымбатқа түсетін диагностикалаумен науқастарды тегін қамту артты. Бүгінде Қазақстан ПТР диагностикамен қамту бойынша әлемде 37-орында тұр.

«Елдегі ауырғандар көрсеткіші өзгертіліп, тіркелген жағдайлар саны артты. Қазіргі уақытта Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша әлемде 43-орында тұр. Анықталған пациенттердің дер уақытында өзін-өзі оқшаулауы, амбулаториялық және стационарлық емдеумен қамту, сонымен қатар байланыста болған адамдарды бақылауға алу аурудың таралуын тежеуге, жағдайы ауыр науқастарды бақылауға алуға мүмкіндік берді. Қазақстан дер уақытта коронавирусты диагностикалаудың нәтижесінде Covid-19-дан қаза тапқандар көрсеткіші бойынша 70-орында тұр», - деді ол.

Айта кетерлігі, еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа бойынша аймақтық бюросымен бірқатар техникалық консультациялар өткізгеннен кейін аурулардың халықаралық жіктелуінің кодтарына сәйкес COVID-19 жағдайларын жаңаша кодтауға және есепке алуға көшкен болатын. Яғни, 1 тамыздан бастап зертханалық расталған COVID-19 жағдайлары, соның ішінде ПТР теріс нәтижесі бар пневмония жағдайлары біріктірілген еді. Осыған орай Денсаулық сақтау министрлігі тамыз айының алғашқы 10 күнінің деректері негізінде репродуктивтік көрсеткішіне қайтадан есептеу жүргізіліп жатыр. Бұған қоса Қазақстан клиникалық-эпидемиологиялық мәліметтер негізінде зертханалық нақтылаусыз коронавирус инфекциясы жағдайларын тіркеуді алғашқылардың бірі болып қолға алған болатын.

«Бұл ең бірінші кезекте ел халқының індет ауқымын түсінуі үшін қажет болды», - деді министр.

Оның атап өтуінше, статистикаға жаңа әдіс енгізу төсек-орын қорын айтарлықтай кеңейту есебінен стационарлық ем алатын пациенттер санын барынша ұлғайтуға мүмкіндік берді.

«Бұл жүздеген өмірді сақтап қалды. Өйткені, адам өмірін сақтап қалу үшін қажетті дем алуды жасанды қолдау тек стационарлық жағдайда ғана көрсетіледі. Коронавирус індетіне байланысты жедел жәрдем шақыру 62 пайызға төмендеді. Қабылданған шаралардың арқасында денсаулық сақтау жүйесіне жүктеменің негізгі көрсеткіштерін төмендетуге қол жеткізілді. Елімізде орташа есеппен аурудың тәуліктің өсімі 2 есеге жуық төмендеп, емделіп шыққандар саны 73,6 пайызға артты», - деді Алексей Цой.

Есте болса, елімізде коронавирус індетін жұқтырғандар санының күрт артып кетуіне байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен шілде айының 5-інде шектеу шаралары күшейтілген болатын. Араға екі аптадан астам уақыттан кейін, нақты айтқанда 23 шілдеден бастап инфекцияның репродуктивтік көрсеткіші тұрақты түрде төмендей бастады. Бұл көрсеткіш 4 тамызда 0,89-ға дейін қысқарса, бүгінде 0,82-ге дейін төмедеді. Бұл ретте эпидемиологиялық тұрғыдан алғанда аталған көрсеткіштің 1-ден төмен болғаны маңызды. Қазіргі уақытта бұл көрсеткішке Түркістан облысынан басқа барлық өңір қол жеткізіп отыр. Ауруға шалдығу көрсеткіші де 100 мың адамға шаққанда 56,73-тен 36,2-ге дейін төмендеген.

Алексей Цойдың сөзіне қарағанда, осындай оң динамика денсаулық сақтау жүйесіне жүктеменің азайғанын және негізгі көрсеткіштердің жақсарғанын көрсетеді әрі карантин шараларын кезең-кезеңмен жеңілдетуге мүмкіндік береді.

«Бұл жеңілдету қоғамдық орындарда маска тағу режимі мен гигиенаны қатаң сақтай отырып, сонымен қатар барлық ақпарат арналарымен халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы атқарылуы тиіс. Карантинді кезең-кезеңмен жеңілдету бойынша қорытынды ұсыныстар комиссияның таяу отырысында енгізілетін болады», - деді министр.

Осы мәеелеге қатысты түйін сөз айтқан ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде еліміздегі коронавирустың таралу деңгейі және осыған байланысты барлық көрсеткіштердің қарқынды төмендеуі тіркеліп отырғанына баса назар аудартты.

«Соның ішінде вирустың репродуктивтілік деңгейінің орташа көрсеткіші 0,82 пайызға дейін төмендеді. Емделіп шыққандардың үлесі 73,6 пайызды құрап отыр. Қалғандары қажетті ем алып жатыр. Ауруханалардың жүктемесі 61 және жедел жәрдем шақыру 62 пайызға төмендеді. Осы нәтижелер қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді. Қалыптастып отырған эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына бейсенбі күні енгізуді тапсырамын», - деді Үкімет басшысы.

Дереккөз
Оқылды 2196 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет