Бейсенбі, 30 Шілде 2020 16:06

Көшеде міндетті түрде маска тағып жүру керек - қаулы

Қазақстанның мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова 2020 жылдың 27 шілдесінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 26 маусымындағы №43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа қаулыға қол қойды. Жаңа ереже бойынша қазақстандықтар жабық нысандармен бірге көше мен көлікте де маска тағып жүруге міндеттелді.

Қаулыда көрсетілгендай, халық үшін мына жағдайда маска тағуға міндеттеледі:

- жабық нысандарда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйым, халыққа қызмет көрсету саласындағы ұйымдар мен басқа жерлерде), сонымен бірге көлікте және көшеде жүргенде;

- COVID-19 ауруы бойынша күдікті адамға көмектесетін сау азаматтар;

- коронавирус инфекциясына ұқсас ауру белгілері пайда болған жағдайда (дене қызуының көтерілуі, жөтел немесе түшкіру);

Қаулының бұл бөлігі міндетті түрде орындалуы қажет. Талап сақталмаған жағдайда кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Read 149 times

Күнтiзбе

« Тамыз 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет