Сәрсенбі, 20 Мамыр 2020 09:43

Біз біргеміз

Елімізде орын алған төтенше жағдай бірлігі жарасқан бір үйдің балаларындай тату ел екенімізді көрсетті. Оның дәлелі – жер-жерде өткізіліп жатқан қайырымдылық акциялары. Мұндай сауапты істен біздің мекеме де тысқары қалған емес.

«Қазселденқорғау» ММ-нің ІААПТБ филиал ұжымы игі істі жалғап, өз үлесін қосты. #БізБіргеміз акциясы аясында мекеме ұжымы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына көмек ретінде негізгі қажетті азық-түлік себеттерін жеткізді. Сондай-ақ халқымыз қашан да «Үлкенге құрмет – кішіге міндет» деген ғой. Аталы сөзді негізге алған ұжым әр жылдары «Қазселденқорғау» ММ-сінде қызмет атқарған ардагер әріптестеріне арнайы барып, сый-сияпат жасады. Бұл да болса, қазіргі қысылтаяң уақытта бір-бірімізге жасалған қолдау. Әрі біріксек, кез келген қиындықтан шығатынымыздың бір дәлелі.

Айдын Көпжасаров,

«Қазселденқорғау» ММ-нің ІААПТБ

Кезекші қызмет бөлімінің басшысы

Read 867 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет