Сейсенбі, 12 Мамыр 2020 15:22

Алматы облысында карантин режимін жеңілдетудің үшінші кезеңі басталды

Күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел аумағында төтенше жағдай режимінің алынып тасталғаны жөнінде хабарлады. Дегенмен, бірқатар аймақта карантин шаралары сақталатын болады. Оның ішінде Алматы облысы да бар. Карантин уақыты мамыр айының соңына дейін созылады деп күтілуде.

ТЖ кезінде Алматы облысы бойынша арнайы штаб тәулік бойы қызмет атқарды. Олар күніне 500 электронды түрде өтінім мен 100 қоңырау қабылдап отырды. Сонымен қатар, Call- орталықта елмен етене қызмет жасады. Ондағы мамандар әлеуметтік сауалдарға жауап беріп отырды. Осы күнге дейін 6 мың сұрақ келіп түскен. Барлығына тұшымды жауап қайтарылған.

Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен ТЖ кезеңінде табысынан айырылған адамдарға әлеуметтік төлем тағайындалған еді. Алматы облысы бойынша аталған көмекке 658 мың адам қол жеткізген. Ал, тегін азық-түлік жиынтықтары 11 мың адамға таратылған. Ол үшін жалпы сомасы 618 млн. теңге қаражат игерілген.

« Біз біргеміз» қоғамдық қоры да халықтың осал топтарына көмек қолын созуда. Облыс орталығының 10-ға жуық тұрғыны аталған қордан 50 мың теңге жәрдемақы алған. Игі іске 497 млн. теңге қаржы қарастырылған. Одан өзге « Біргеміз Жетісу» облыстық қоғамдық қордан 985 отбасына материалдық көмек көрсетілген. Саупты амал жолында 9,5 млн. теңге жаратылған.

5 мамырдан бастап облыста карантин режимін кезең-кезеңімен жеңілдету басталған болатын. Қазір үшінші кезеңі жүзеге асуда. 8 сәуірден бері бірқатар кәсіпорындар жұмысына кіріскен. Соның арқасында Алматы облысының 75 мың тұрғыны жұмыстарына қайта оралды.

Алдағы уақытта Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, ХҚКО, қоғамыдық көліктер, бизнес орталықтары, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік агенттіктері, аумағы 500 метірден аспайтын азық-түлік дүкендері жұмысқа кіріседі.

Сондай-ақ, мәдениет саласының іс-шараларға дайындалуына рұқсат етілген. Тек адам саны 30-дан аспауы тиіс. Бұл санатқа, шеберхана, баспа үйі, тігін шеберханасы, аяқ киім жөндеу орындары да кіреді.

Айта кетер басты жаңалықтың бірі, әуежайда әуе көлігі тасымалы іске кірісті.

ТЖ режмі енгізілгеннен күннен облыс аумағында 12 бекет жұмыс жасаған. Оның 4-і тұрақты. Яғни, карантин аяқталғанша жұмысын жаслғасырады.

Осы екі айдың ішінде қалаға 301 мың көлік пен 627 мың адам кірген. Карантин шараларын сақтамаған жағдайдар тіркеліп, 300-ге жуық хаттама толтырылған. Барлығы 6 млн. 250 мың айыппұл салынған.

Баршаны алаңдатып отырғаны білім саласындағы өзгерістер. Оқушылардың қашықтықтан оқу жүйесіне ауысқаны сол еді, ел соңғы қоңырау салтанаты мен ҰБТ жайы туралы сұрап әлек.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановтың айтуынша, ҰБТ уақыты өзгеріссіз қалады. Демек, жылдағыдай 20 маусым мен 5 шілде аралығында түлектер сынақ тапсырады.

Биылғы жылы облыста 15 мың 122 оқушы мектептен түлеп ұшқалы тұр. Соның ішінде 11 мыңы ҰБТ –ден өтеді екен. Ал, мектеп бітіру кеші 3-4 маусым аралығында өтетін болады.

Қызметтеріне кіріскен өндіріс орындары мен өзге де нысандардың санитарлық талаптарды сақталауына басым назар аударылады. Егер аталған талаптар сақталмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бірнеше тәулікке қамауға алынуы мүмкін.

Оқылды 2913 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет