Жексенбі, 05 Қаңтар 2020 09:54

2020 жылға жасалған астрологиялық болжам

Тышқан жылы – жыл санағы бойынша жаңа айналымның басы. Осыған сәйкес, 2020 жыл да жаңа бастамалар үшін сәтті болғалы тұр. Өміріңізді жаңа арнаға бұрғыңыз келсе, дамудың жаңа сатысына шығуды қаласаңыз, жаңа кәсіп бастағыңыз келсе – осы жылдың мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

 

Дәл 2020 жылы жүзеге асқан бар шаруа алдағы 11 жылға іргетас болмақ. Карьера және кәсіп Болжамшылар сөзіне сенсек, бұл жыл жақсы болғалы тұр. Әсіресе, қызмет, мансап, кәсіп жағынан толағай табысқа, білім алу, тұлғалық даму жағынан мүмкіндіктерге толы. Тышқан жылы барша жаннан белсенді, еңбекқор болуды талап етеді. Бұл жылы өзіңізді баптамай, баққа сеніп отыра беруге болмайды. Жылдың бар тәттісі, жемісі де, жеңісі де тек оған лайық болғандарға, тынбай тірлік еткендерге ғана бұйырады. Бұл жылы мансап баспалдағымен жоғары көтерілгісі келгендерге талмай жұмыс жасауға тура келеді. Қызмет бабындағы негізгі міндеттермен қатар, өзіңізбен, мінез-құлқыңызбен жұмыс жасаңыз. Рухани өсуге талпыныңыз. Қорқынышты жеңіп, тәуекелге бел байлауды, жаңа білім алып, бұрын жасамаған нәрселерді үйренуді қолға алыңыз. Бірақ, алға жылжуым керек деп біреудің жолын кесіп кетуден барынша сақ болыңыз. Оқи отырыңыз: Жұлдызнама бойынша: КҮЙЗЕЛІСпен қалай КҮРЕСУ керек? Қаржы жағы қалай болмақ? Астрологтар осы жылы тез баюдың жолын іздемеуге, дүниеқоңыздыққа салынбауға кеңес береді. Сондай-ақ, қара басының қамын күйттемеу мен біреудің жолын кеспеуді де ерекше атап өтуде. Өйткені, мұндай әрекеттердің жазасы 2020 жылы әдеттегіден әлдеқайда ауыр болмақ екен. Сонымен қатар ақшасын желге шашпай, үнемдеп жұмсай білгендердің несібесі арта түседі. Астрологтар қарыз алмауға, жақсы танымайтын жандарға қарыз бермеуге шақырады. Жеке өмір жайлы не дейді? Бұл жылы көпшілік адамдар мансап пен кәсіпке, қаржылық жағдайға баса мән беріп кеткендіктен, жеке өмір елеусіз қалып кетуі мүмкін. Cалдарынан түсініспеушілік, реніш көп туындайды. Оны болдырмау үшін алдын алу керек. Жақындарыңызға бұрынғыдан да көбірек көңіл мен уақыт бөліңіз. Айналаңыздағы адамның бәріне сый-құрметпен қарап, сынап-мінеуден, тік мінез танытудан, талап қоюдан аулақ болған абзал. Жылдың мезгілдері жайлы ма? Болжамшылар жыл басында біршама қиындықтар болатынын айтуда. Кейбір белгі иелері үшін жылдың бастапқы үш айы нағыз сынақ мерзімі болуы ма ықтимал. Тек төзімді бола білу керек. Сыннан сынбай өткендердің өмірі сәуір-мамыр айларында жақсы жаққа қарай өзгереді. Жаз мезгілі – жылдың ең жайлы, жайбарақат бөлігі болғалы тұр. Жыл басынан бергі төккен тер, атқарылған шаруа, жасалған еңбектің жемісін жаз айларында жейсіз. Жеткен жетістіктің деңгейін айқындап беретін де – осы жаз. Жылдың қалған айларын құрдан-құр өткізгіңіз келмесе, тамыздың соңын ала етек-жеңіңізді жинап, жаңа жоспар құрыңыз да, іске кірісіңіз. Ойға алған тірлікті тындырып тастауға, көздеген мақсаттың межесіне жетуге ең оңтайлы шақ – қыркүйек. Біраздан шешімін таппай тұрған, қордаланып қалған мәселелер болса, оларды қарашаның соңына дейін шешіп тастауға барыңызды салыңыз. 2020 жылы кімдердің жолы болады? Тышқан жылы туғандардың өз белгісі болғандықтан, жайлы да жылы өтеді. Кәсібі өрге домалап, несібесі артып, мансап баспалдағында биіктерге шығады. Отбасылық жағдайы да жаман емес, жақындарының қолдауы мен махаббатына ие. Тек жұлдызшылар ұсақ-түйек үшін күйіп-піспеуге, спортпен айналысуға, өмірге позитивті көзқараспен қарауға шақырады. Осылай еткен жағдайда денсаулыққа төніп тұрған қауіптің алдын аласыз. Сиыр жылы туғандар үшін Тышқан жылы оңайға түспейді. Әйткенмен, басы қатты болса, аяғы тәтті болатынын ұмытпау керек. Жалпы, Сиырлар өзін дамытуды, рухани баюды қолға алса, жыл жемісті болғалы тұр. Барыс жылы дүние есігін ашқандарға да Тышқан жылы қайырымды. Жеке өмір мен қызмет орнында аздаған келіспеушіліктер болуы мүмкін. Қуанышты сәттер де жоқ емес, бар назарды соған салыңыз. Ал кедергілер мен келеңсіздіктерге өмірдің өткінші сынағы деп қараған абзал. Қоян жылы туғандарды бұл жылда үлкен өзгерістер күтіп тұр. Ол жаңа достар, жаңа әуестік, жаңа қызмет не жаңа үй болуы мүмкін. Шекара асуыңыз да ғажап емес. Ойда жүрген жоспарларды жүзеге асыруға оңтайлы жыл. Тек ескі достарды естен шығармай, өзгелердің кеңесіне құлақ түре білсеңіз болғаны. Ұлу жылы туғандар үшін бұл жылы сәттілік пен сәтсіздік кезектесе келгелі тұр. Қандай жағдай болса да салыңызды суға кетірмеңіз. Бәрі де өткінші. Бәрі оңалады. Оған қоса, жаныңыздан қолдау білдіретін жандар қашан да табылады. 2020 жылдан төбеңізді көкке жеткізетін жаңалық күтіңіз. Жылан жылы туғандарға келер жыл қомақты қаржы ағынын ұсынады. Алайда, оңды-солды шашылудан аулақ болыңыз. Тышқан үнемшілдікті ұнатады. Мол табыспен қоса, пайдалы, ықпалды тұлғалармен жаңа таныстықтар да көп болмақ. Жылқы жылы туғандарды 2020 жылы жеке өмірде де, мансап жолында да жағымды жаңалықтар күтіп тұр. Көптен бергі бір арман – саяхатқа шығудың реті келеді. Қой жылы дүниеге келгендердің қызмет пен кәсіпте тасы өрге домалайды. Алайда, жеке өмірде аздап қиыншылықтар болмай тұрмайды. Бастысы, қандай мәселе болса да өз ішіңізде сақтамай, жанашырлармен бөлісіңіз, көмек сұраңыз. Сонда жеңіл-желпі өтеді де кетеді. Мешін жылы туғандардың жеке өміріне Тышқан жылы біршама есте қаларлықтай жағымды сәттер, жеңіс сыйлағалы тұр. Жаңа таныстықтардың барлығы дерлік жақын достыққа ұласады. Сондай-ақ, қаржылық жағынан да сәттілік күтуде. Тиімді ұсыныстар мен мүмкіндіктерді қалт жібермеңіз. Тауық жылы туғандар да жолы болғыштар мен жеңімпаздар қатарынан табылады. Сәттілік қашанда Тауықтармен бірге. Ұсынылған сыйдан бас тартпаңыз және ойдағы жоспарларды ж.зеге асыруға асығыңыз. Ит жылы туғандарды да өмірдің барлық саласында жағымды жайлар күтіп тұр. Тек өмірді өзгертем деп тыраштанбай, қолда барға қанағат етсе болғаны. Әсіресе, жеке өмірде. Доңыз жылы туғандардың бұл жылы сәттілікке, баққа үміт артуы бекер. Оларға бәрі тек төккен термен келеді. Жетістікке жету үшін жан аямай еңбектену шарт. Дұрыс бағытта батыл да табанды қадамдар жасаса, еңбегі де, үміті де толығымен ақталады.

Дереккөз: http://ernur.kz

Оқылды 3097 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Тустукбаев Бағлан Ахихатұлы, 1989 жылы 7 сәуірде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Әділхан Азамат Әділханұлы, 1993 жылы 11 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келдім.…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет