Сейсенбі, 24 Қараша 2020 15:01

«Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты аудандық өнер байқауы

Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты білім саласы қызметкерлерінің арасында аудандық өнер байқауы өтті. Байқауды «Алматы облысы білім беру мекемелер қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Еңбекшіқазақ аудандық комитеті филиалы мен аудандық білім бөлімінің әдіскерлері ұйымдастырды.

Қазақтың ұлы ақыны Абайдың  өнегелі өмірі мен даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерінің құндылығын дарытуға ықпал ету және ақынның деректерін ізденіспен жинақтап жандандыруды мақсат еткен бұл шара карантин режиміне байланысты қашықтан өткізілді. Байқауға қатысуға ниет білдірген қырықтан аса білім саласы қызметкерлері zoom платформасының тікелей эфирінде бас қосты.

Қатысушылар «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша Абайдың әндерін орындаса, «Өлең  сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясында ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Сондай-ақ «Өлмейтұғын сөз иесі» номинациясында Абайдың қара сөздерін оқып, ақынның философиясына кеңірек тоқталды. Шара барысында әділқазылар алқасы – кәсіподақ төрағасы С.Надырбаев, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Т. Нусупбаева, Ж. Есимбекова, А.Алботаев, музыканттар А.Саясат және Л.Дуненбаева сайыскерлерге лайықты бағасын беріп, үздіктерді анықтады.

Нәтижесінде, өзгеден оза шауып, жүлделі орындарға ие болған қатысушылар анықталды. Атап айтсақ, «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша 1-орынды Ломоносов орта мектебінің мұғалімі Тулеугизова Көркем, 2-орынды Келешек бөбекжай балабақшасының музыка жетекшісі Сенбай Садет, 3-орынды Қорам орта мектебінің мұғалімі Абдрашитов Айдын мен Малыбай орта мектебінің триосы М.Бакриева, С.Сарсембаева, Курмамбаева жеңіп алды. «Өлең –  сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша 1-орын Көктөбе орта мектебінің мұғалімі Шорманова Әсемге, 2-орын Шапағат бөбекжай балабақшасының қызметкері Мекебаева Балаусаға, 3-орын Рахат орта мектебінің мұғалімі Реимова Жадыра мен Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің мұғалімі Әбілхан Гүлзатқа берілді. «Өлмейтұғын сөз иесі» номинациясы бойынша 1-орын Балтабай орта мектебінің мұғалімі Рахимова Каринаға, 2-орын Нұршуақ бөбекжай балабақшасы қызметкері Шарипов Сағатбекке, 3-орын Баяндай негізгі орта мектебінің мұғалімі Айдар Табиғат және Масақ орта мектебінің мұғалімі Мансамова Гульбанумге берілді. Жеңімпаздар аудандық білім бөлімі мен кәсіподақтың атынан арнайы дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар байқауға атсалысқан барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс хат пен қаржылай сыйлықтар табысталды.

 Н.Алишев,

аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ маманы

 

Оқылды 736 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Әкем салған сара жол Абай дара қазақта »

Соңғы жаңалықтар

Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Тустукбаев Бағлан Ахихатұлы, 1989 жылы 7 сәуірде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Әділхан Азамат Әділханұлы, 1993 жылы 11 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келдім.…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет