Дүйсенбі, 23 Қараша 2020 10:30

Өнерлі өрге жүзер

Әр адамның өзінің бойына ерекше біткен таланты болады. Соның бірі – өнер. Осы өнер арқылы өмірдің кең тынысы, тіршілік құбылыстары, адамның әр түрлі сезімі бейнеленеді. Әрбір адамның табиғат  сыйлаған  дарыны болады. Міне, сондай өнерлі, дарынды ұстаз – Балтабай орта мектебінің музыка пәні мұғалімі – Әділжан Әкімжанұлы.

Өнерлі жан өзіне ғана емес, өзінің білім алушыларына да бақыт сыйлай алады. Бүгінде  Әжілжанның шәкірттерінің бірнеше байқауларда қол жеткізген жетістіктерін ауыз  толтырып  айтуға болады. Қазірде талғампаз  ұстаз еліміз болып жатқан қиындықтарға қарамай, шәкірттерінің өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған  түрлі байқауларға  қатыстырып келеді. Жақында Әділжанның  шәкірттері «Ұстаз – ұлы тұлға» республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы онлайн өнер байқауында  түрлі номинациялар бойынша  жүлделі орындарға ие болды. Айталық, Ақеділ Әзілұлы – бас жүлде, Элмира Нұрболқызы – 1 орын, Тамара Қадыр – 1 орын, Жұпар Оңалқызы – 1 орын, Еркеназ Мұхтар – 2 орындарға ие болды. Осы кезге дейін дарынды ұстаздың талантты шәкірттері  көптеген  жүлделерге  қол жеткізді. Әділжан Әкімжанұлы да ерен еңбегі  үшін сертификат, алғыс хат, диплом, құрмет громаталарымен  марапатталған.

Б.Момышұлы айтқандай «Өнер адам-ның рухани азығы, ол халықтың бүгіні мен келешегі, арманы мен қиялы, жалпы болмысы». Біз дарынды ұстаздың талай биіктерді бағындыратынына сенеміз.

 

Бағиля ТОҚҚОЖАҚЫЗЫ,

Балтабай орта мектебі, көркем еңбек, музыка пән бірлестігінің жетекшісі

Оқылды 72 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Зорлық-зомбылыққа жол жоқ! Ақшиім – алтын бесігім »

Соңғы жаңалықтар

Қаң 21, 2021

Қазақы ауылдың жаңа келбеті

Ауыл – ел бесігі. Осынау алтын бесіктің құшағында тербелген тұрғындардың тұрмысы жайлы,…
Қаң 21, 2021

VII шақырылған Еңбекшіқазақ аудандық…

«Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы»…
Қаң 21, 2021

Тәні саудың жаны сау

Спорттың адам өміріндегі орны ерекше екендігі баршамызға мәлім. Спортпен айналысқан…
Қаң 21, 2021

Қызыл аймақта 6 облыс, 1 қала тұр

Денсаулық сақтау министрлігі 21 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын…
Қаң 21, 2021

На 1,2 млрд тенге защищены права…

Палата предпринимателей Алматинской области в прошлом году защитила права…
Қаң 21, 2021

Алматы облысындағы 16 мыңнан астам…

2020 жылы Алматы облысында 16 мыңнан астам кәсіпкер сервистік қызметтер мен кеңестер…
Қаң 20, 2021

Коммуналдық төлемдерге тарифтер…

Баға бағамы шарықтаған тұста коммуналдық қызмет саласындағы тариф құнының тұрақты болуы…
Қаң 20, 2021

Алматы облысында індеттің қарқыны…

ҚР эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасы бойынша Алматы облысы "сары" аймақта. 2021…
Қаң 20, 2021

«Инклюзивті білім беру» кабинеті…

"Табиғаттың мүмкіндігі шектеулі деп есептемейік! Адамның өнері арқылы бұл мүмкіндіктің…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2021 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет