Жұма, 13 Қараша 2020 17:04

АЙНАЛАМЫЗДЫ КӨГАЛДАНДЫРУ – САУАПТЫ ІС

Жер тоңы ұйқыға қалқыған шақта шыбық қадап, тал отырғызу – сауапты іс. Өйткені жерге шаншылған әрбір тал күтімі жақсы болса, күні ертең жапырағы жазда сая, қыста қамсау болады. Әрі экологиялық ахуалды жақсартып, қоңыржай климат қалыптастыруға әсерін тигізеді.

Бұл бағытта Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылы, М.Ломоносов орта мектебінде ұзақ жылдан бері ағаш отырғызу, күтіп-баптау жұмысы тұрақты түрде атқарылып келеді. Қараша айында 5 бозаршамен 15 түп шырша отырғызылды. Оған қоса «Жүз гүл, жүз ағаш» акциясы аясында «Бегония» гүлін өсіруге айрықша назар аударуда. Қазіргі таңда мектебімізде жүз түп гүл құмырасына отырғызылды. Акция жүргізу барысында мектеп директоры Мусина Гулнар Байзуллақызының бастамасымен оқушылар құрамынан «Көгалдандыру жасағы» құрылып, жетекшісі ретінде химия пәнінің мұғалімі Шлыкова Марина Васильевна тағайындалды. Шараның басты мақсаты мектеп оқушыларын табиғатты аялауға шақыру, аймақты қалпына келтіру және сақтау, сондай-ақ мектеп ауласын бірлесіп көгалдандыру.

Табиғат – тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Табиғат, Жер-ана, Атамекен, Туған жер, ауылым, деген бір-бірімен тамырлас әрі тағдырлас. Туған жердің барлық табиғи қадір қасиеті тұла бойға тарайды.

 Қорыта келгенде «Бір тал кессең – он тал ек» демекші барлықтарыңызды көшеттерді отырғызуға атсалысуға шақырамыз.

 

А.Жанатова,

«М.Ломоносов орта мектебі»  КММ

Оқылды 1326 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ұлттық валюта – теңге күні Жігіт сұлтаны »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы 1982 жылдың…
Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет