Сәрсенбі, 04 Қараша 2020 15:23

Өнерлі өрге жүзер

Әр адамның өзінің бойына ерекше біткен таланты болады. Соның бірі-өнер.Осы өнер арқылы өмірдің кең тынысы, тіршілік құбылыстары, адамның әр түрлі сезімі бейнеленеді. Әрбір адамның құдай берген өнері немесе дарыны болады. Міне, сондай өнерлі, дарынды ұстаз Балтабай орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Әділжан Әкімжан.

Өнерлі жан өзіне ғана емес, өзінің білім алушыларына да бақыт сыйлай алады. Жоғарыда айтылған мәліметтерге негіз ретінде Әкімжанның шәкірттерінің бірнеше байқауларда қол жеткізген жетістіктерін айтуға болады. Елімізде болып жатқан қиыншылықтарға қарамай, қашықтықтан байқауларға қатыстырып, шәкірттерінің өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Ұстаз – ұлы тұлға» Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы онлайн өнер байқауында шәкірттері жүлделі орындарға ие болды. Әзілұлы Ақеділ - бас жүлде, Нұрболқызы Элмира – 1-орын, Қадыр Тамара – 1-орын, Оңалқызы Жұпар - 1-орын, Мұхтар Еркеназ – 2-орындарға ие болды. Осы кезге дейін көптеген шәкірттері де біршама жетістіктерге қол жеткізген. Ал өзінің жетістіктері қаншама:I, II , III, IV Республикалық «Ұлы дала ұрпағы» байқауларынан шәкірттерін ынталандырып, таланты мен білімін жетілдіруге атсалысқаны үшін сертификат, алғыс хат, диплом, құрмет громатасы мен төс белгісімен марапатталған.
Б. Момышұлы айтқандай «Өнер адамның рухани азығы, ол халықтың бүгіні мен келешегі, арманы мен қиялы, жалпы болмысы». Өз жолында өз орнын таба алған ұстаз.


Бағиля ТОҚҚОЖАҚЫЗЫ,

Балтабай орта мектебі, Көркем еңбек, музыка пән бірлестігінің жетекшісі

Оқылды 1101 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Мейірімді жандар мерекесі Қыз бала. Қоғам. Отбасы »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…
Сәу 15, 2024

Жанаргуль НИЕТАЛИЕВА,…

Тургенский филиал Иле-Алатауского ГНПП такие акции с участием школ Тургенского сельского…
Сәу 15, 2024

Алматы облыс әкімі Марат…

Облыстағы аталған бағыт аясында Жамбыл ауданындағы «Жамбыл Жабаев» мұражайы, «Таңбалы»…
Сәу 11, 2024

Аманаттықтар көмек қолын созуда

Алматы облысында су тасқыны болған өңірлерге көмек жинау қызу жүріп жатыр. Игі бастамаға…
Сәу 04, 2024

Ұлт саулығына төнген қатер

Денсаулық – бірінші байлық. Сондықтан саламатты өмір салтын ұстанып, деннің сау болуына…
Сәу 04, 2024

Әлеуетті мекеннің өрісі кең

Ауданымыз жер көлемі мен ел көлемі бойынша алдыңғы қатарда екені белгілі. Соған сай…
Сәу 04, 2024

Сатираның сардары

«Адамгершілігі жоқ қоғамның сатиригі хайуандар туралы мысал жазады. Уот тәк!» – деп…
Нау 29, 2024

Көктерек қашан «ауыл» болады?

Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет