Дүйсенбі, 07 Желтоқсан 2020 09:42

Тәлімді ұстаз тағылымы

Тұлғасы білім мен мейірімнен қаланған ұлағат иесі ұстаз болу – асқан жауапкершілік. Себебі, сары ауыз балапандай алдына келген баланың қанатын қатайтып, өмір айдынына бейімдеу – атанға артарлық жүк. Мұны қазіргі карантин жағдайында жақсы біліп отырмыз. Әлбетте, әр істің бір қайыры бар. Осынау ел басына төнген сын сағат бір-біріміздің қадірімізді ұғынуға, еңбегімізді бағалауға мүмкіндік берген сыңайлы. Мектеп – ұстаз – ата-ана... Арасындағы жіпсіз байланыс нәтижесі – тәрбиелі, білімді жас ұрпақ. Осы орайда Б.Майлин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Гүлнұр Жұмаханова жайлы әңгіме болмақ.

Әрине, мұғалім көп. Әйткенмен, бала бойындағы қабілетті көре білу, әрбірімен жеке жұмыс жүргізу, тұлғалық қасиетін дамыту екінің бірінің қолынан келмейді. Ақиқатында, біліксіз маман, жауапсыз ата-ана бар, ал жаман оқушы жоқ. Осыны жіті ұғынған Гүлнұр Абдвалиқызы 30 жылға жуық шәкірт тәрбиелеумен айналысуда. Жуырда еңбегі еленіп, аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Аудандық «Ұстаздар әулеті» байқауында үздық шығып, облысқа жолдама алды. Әке-шешесі осынау ұлы қызмет жолына ғұмырын арнаған ұстаздар әулетінен шыққан Гүлнұр Абдвалиқызы пайым-парасатымен оқушылары алдында абыройлы.

Бүгінгі жас буын – желкілдеп өскен жас шыбық іспетті. Оны қалай бұрсаң, тамыры солай бекиді. Біздің қуанатымыз – Гүлнұр Жұмаханова секілді білікті ұстаз қолында балапандарымыз тәрбиеленіп жатқандығы. Әрине, осындай ұстаздар саны еселеп өссе деген тілекпен

 

Б.Майлин атындағы

мектептің 3 «ә» сынып ата-аналары

Оқылды 1268 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы 1982 жылдың…
Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет