Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2020 09:40

Алматы облысында оқушыларға 40 мыңға жуық компьютерлік техника таратылмақ

Оқу жылы онлайн форматта басталғаны баршаға аян. Қашықтықтан оқу ісіне керекті ең қажет құралмен қамтамасыз ету жайы бүгінде өзекті.

 Сымсыз байланысқа жіпсіз байланған кезеңде компьютер мен ғаламтордың көмегіне жүгінкен кез жетті.

Осы ретте Алматы облысы білім басқармасы өңірдегі барша ұстаз бен оқушының сауатты білім нәрімен сусындауына бар жағдайды жасап бағуда.

Ұрпаққа білім беретін мұғалімдер қауымының жалпы саны облыс көлемінде 41 625-ті құрайды. Барлығы дерлік компьютермен жабдықталған дейді мамандар. Ұстаздар қауымының  49,9%, жеке лимитсіз  Интернет желісіне және 3G/4G –45,7%, қосылған.

Жарқын болашақтың ертеңгі иелері оқушылардың 57,4%-нің  компьютері немесе ноутбугі бар. Дейтұрғанмен аталған құрылғыға қолы жетпей отырғандарда табылады. Олардың саны 95 105. Бұл мәселенің күрмеуі шешілетін күн алыс емес дейді өңірдің бас ұстазы Майгүл Омарова.

Осы тектес жұмыстарды ретке келтіру үшін әуелі мектептердегі  23 678 компьютер оқушыларға уақытша пайдалануға берілген. Сондай-ақ, оқу жылының басында білім алушыларға демеушілер  есебінен 445 компьютер, 503 ноутбук,661 планшет, сонымен қатар, облыстық бюджеттен 6000 ноутбук таратылған.

Бұл бағыттағы амалдар толастар емес. 20 мың компьютерлік техника сатып алуға  4 млрд. тенге қаржы бөлінген.  Ал республикалық бюджет есебінен 55 686 бірлік компьютерлік техникаберілді, бұл компьютерлік техника 51 254 аз қамтылған отбасы балаларына, 1 682 жетім, 2 750 ерекше білім беруді қажет ететін балаларға табысталмақ.  Сонымен қатар, 5 млрд теңге көлеміндегі қаржыға мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында  20 мың бірлік компьютерлік  техника алу жоспарланған, сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Білім беру жүйесіндегі жұмыс мұнымен тоқталған жоқ. Интернетке қосылу ісі де жолға қойылған. Жергілікті бюджеттен 38994 роутер сатып алуға қосымша  730 млн.теңге  қаражат бөлінді, роутерлар 5 қазанға дейін сатып алынады.

Естерізге саламыз, облыс бойынша 760 мектепте 430206 бала білім алуда, 1 сыныпқа 47 мыңнан астам бала қабылданды.

«Бүгінгі күні  189 мектепте 15681 бала штатық режимде, 571 мектептің 370 761 оқушысы  қашықтықтан оқытылуда.  Сонымен қатар, мектептерде 1-4 сынып оқушылары үшін ата- аналарының өтініші негізінде 3742 кезекші сынып ұйымдастырылды, онда 46602 оқушы білім алуда. 18 тамыздан бастап 678 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде  2021 кезекші топ жұмыс істеуде, 26882 бала қамтылған.Сонымен қатар,  6 арнайы мектеп интернаты,  40 қосымша білім беру мекемелері  қашықтықтан жұмыс жасайды»,-.дейді Алматы облысы білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова.

Оқылды 1536 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы 1982 жылдың…
Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет