Күндер бойынша реттелген элементтер: Жұма, 22 Мамыр 2020

25 Мамыр дәстүрлі түрде мектеп және колледж оқушылары үшін оқу жылының аяқталатыны аян. Қауіпті індетке байланысты төтенше жағдайдың жариялануы әсіресе, мектеп және колледж оқушылары мен ұстаздар қауымы үшін ауыр тигені де белгілі. Оларға жаңа форматта білім беру үрдісін тез арада ұйымдастыру міндеті жүктелді. Ал, мек- теп оқушылары әдеттегі мектеп алаңында сыныптастарымен ойын ойнау қызығынан қағылып, компьютер алдында сабақты онлайн түрде оқуға мәжбүр болды. Оқу жылы аяқталды, ауыр жүк жеңілдеді десек те, ұстаздар алдында әлі де міндеттер жетерлік. Осыған орай аудандық білім бөлімінің басшысы Бәтес Амановамен сұхбат құрған едік.

–       Елімізде коронавирус індетіне байланысты енгізілген төтенше жағдай кезеңінде мектеп және колледж оқушыларын қашықтан оқыту тәсілі қолданылғаны аян. Осыған байланыс-ты қиындықтар туындаған шығар?

–       Мектеп оқушыларын қашық-тықтан оқыту барысындағы ең бірінші  туындаған қиындық ұстаздардың ақпараттық технологияларды толығымен меңгермегендігі болды. Бұрын ұстаздар   тек компьютерлік бағдарламаларды білетін болса, қашықтықтан оқыту әдісін қолдану барысында  оқыту платформаларының функцияларын жетік білмеу және оларды басқа платформалармен ұштастыра алмау кедергілері  кездесті.  Алайда, білікті мамандардың тәжірибелерін  тарату және өзара тәжірибе алмасу барысында  бұл түйткілді мәселелер шешімін тапты.  Ауылдық округтерде ғаламтор жылдамдығының баяулығы мен  кейбір отбасылардың әлеуметтік жағдайының төмендігі  салдарынан уақытылы байланысқа шыға алмау да қашықтықтан оқыту барысында кедергілер келтірді. Десек те, бұл кедергіден  әр мектеп қабырғасында құрылған еріктілер  тобының арқасында төтенше жағдай режимін сақтай отырып аптасына бір рет тапсырмалар беріп, оқушымен кері байланыс орнату арқылы  мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты бақылауда ұстап отырдық.

–       Мектептер мен ұстаздар қауымы цифрлы технологияларды қолдануда қандай жетістіктер немесе кемшіліктер көрсетті?

– Ұстаздар қауымы  цифрлы технологияларды  қолдануда  жетекші мектептердің шығармашыл ұстаздарының қолдауымен коучингтер мен тренингтер өткізіп, аз уақыт аралығында «clasytime», «classroom» платформасының қыр-сырын тез арада меңгерді. «Дарын Онлайн», «Вilim Land» платформалары арқылы сабақтарға түрлі электронды ресурс-тарды  шебер қолдану мүмкіндігіне қол жеткізді. Мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағанбетов, Вице-министр Ш.Каринова үнемі онлайн режимінде қашықтықтан оқытуға байланысты құқықтық нормативтик құжаттармен таныстырып нұсқаулықтар беріп отырды. Сонымен қатар, министрлік тарапынан ұйымдастырылған телесабақтар мұғалімдер үшін жеңілдіктер туғызды. Шығармашылық жұмыстарына бағыт- бағдар сілтеді.

Облыстық білім басқармасының басшысы М.Омарова қашықтықтан оқыту барысында мұғалімдермен, оқушылармен, ата-аналармен және анасы жоқ отбасында көп баланы жалғыз тәрбиелеп отырған әкелермен онлайн режимінде кездесулер өткізіп, қашықтықтан оқытуда туындаған қиындықтарды шешу жолдарын түсіндіріп, ұстаздарға көрсеткен  ата-аналардың қодауына алғысын білдірді. Облыстық оқу-әдістемелелік орталығы мен аудандық әдістемелік орталық тарапынан мұғалімдердің кәсіби шығармашылығын дамыту мақсатында жүйелі әдістемелік вебинарлар өткізіліп, бағыт-бағдар берілді. Аудандық білім бөлімі әдіскерлері мектеп директорлары мен олардың орынбасарларына, пән мұғалімдеріне пәндік тақырыптарда «ZOOM» платформасы арқылы видеосеминарлар және облыстық педагогикалық шеберлік орталығының тренерлерімен бірлескен «Қашықтықтан оқыту барысында электрондық ресурстарды пайдалану тәсілдері», «Кері байланыс-ты ұйымдастыру», «Қашықтықтан оқыту жағдайында қалыптастырушы бағалауды жүргізу», «Оқу тапсырмаларын құру» тақырыптарында вебинарлар, видеоконференциялар өткізіліп, Yutube каналына жіберілді. Оған 3400 мұғалім, 84 мектеп директорлары, 84 мектеп директорының орынбасарлары қатысты.

Сондай-ақ, бүгінгі күнде «Күнделік KZ» Платформасын100% жалпы – 5039 мұғалім, «Дарын Онлайн» платформасын 50% ұстаздар, «Вilim Land» платформасын 100%, яғни – 5039 мұғалім, «Opid.kz» – 50%, «Aimektep» – 30%, «YouTobe» – 100%, «Mobizem» – 10%, «Class classroom» – 80%, «Mektep» – 20%, «Smart nation» платформасын – 20% ұстаздар қауымы меңгерген. Мессенджерлерден «Телеграмм» – 100%, «WhatsApp» – 100%, «Zoom» – 100% ұстаздар қауымы қолдануда. Мұғалімдер арасында видеосабақтар түсіріліп онлайн режимде тәжірбие алмасу мақсатында сайттарға жіберілді. Ата-аналар, ұстаздар, оқушыларға психологиялық қолдау көрсету мақсатында бейнежазбалар арқылы тренингтер өткізілді. Сонымен қатар, оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануларына ықпал ету мақсатында денешынықтыру, технология пәні мұғалімдері қашықтықтан байқаулар, шеберлік сабақтар  ұйымдастырып, оқушылардың денсаулығы мен шеберліктерін шыңдады. Ауданымызда қосымша білім беретін мекемелерде де қашықтықтан оқытуда өз шеберліктерін танытып, ата-аналар мен оқушылардың көңілінен шықты. Ұстаздар мен оқушылар республикалық, облыстық, аудандық онлайн байқаулар мен олимпиадаларда жүлделі орындарды иеленді. Мамандар тапшылығына байланысты кей пәндерден зейнеткер ұстаздарымыз сабақ беруде. Олар цифрлы технологияларды қолдануда оқушылармен кері байланысты WhatsApp мессенджері арқылы орнатты.

–       Қашықтықтан оқыту тәсілі арқылы оқушылар белгіленген оқу бағдарламасын өз деңгейінде игере алды ма? Төртінші тоқсан қорытындысы қалай шығарылды? Бақылауға алынған болар.

–       Қашықтықтан оқыту  тәсілі  арқылы  оқу бағдарламасы толықтай игерілді. Ата-аналармен кері байланыс күнделікті жүргізілуде.  Бұрын үлгерімі орташа оқушылар ата-аналар тарапынан қатаң түрде қадағалау болғандықтан, орташа оқитын оқушылардың сапа динамикасында  оң өзгерістер байқалады. Төртінші тоқсан қорытындысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына сәйкес 1-10 сыныптарда тоқсан бойынша жиынтық бағалау нәтижесі бойынша шығарылады. Ал, 11-ші сыныпта оқу пәндері бойынша бақылау жұмыстары жүргізіледі. 9 және 11-ші  сыныптардың білім алушылары қорытынды аттестаттауды тапсырмайды, аттестат ағымдағы оқу жылының жылдық бағалары негізінде беріледі. Әрине жиынтық бағалаудың өткізілуі  мұғалімдердің оқушыларға «Күнделік KZ» арқылы берген тапсырмалары мен кері байланыстары  арқылы бақылануда.

–       Биыл елімізде ҰБТ тапсыруға ниет білдірген түлектер рекордттық көрсеткішке жетті. Яғни 130 000 адам. Бұл жыл сайынғы 70%-дан артып, 80%-ды құрап отыр. Ауданымыздың ҰБТ тапсыруға ниетті түлектер саны қанша?

–       2019-2020 оқу жылында жалпы 1695 оқушы орта мектепті бітіреді. Ондағы 1111 оқушы ҰБТ тапсырады. Бұл 11-ші сыныпты бітірушілердің 65,5 пайызын құрайды.

– Ауданымызда «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасымен  1500 орындық мектеп салынады деп күтілуде. Мектеп құрылысы нақты қай жерде жүргізілмек және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін мектептерді атап көрсетсеңіз?

– «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасымен Есік қаласы  үшінші ықшам ауданынан заманауи 1500 орындық мектеп ғмиаратының құрылысы басталды. Сонымен қатар, осы бағдарлама аясында Аймен ауылындағы Аймен орта мектебіне және Гайрат ауылындағы  И.Саттаров атындағы орта мектебі ғимаратының бос тұрған бөлігіне шағын орталық ашу үшін, Қызылжар ауылындағы О.Жандосов  атындағы орта мектептің шатырына күрделі жөндеу және 42 мектептің ішкі дәретханаларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Ауыл – ел бесігі» атты бағдарлама      бойынша Шелек ауылындағы Х.Бижанов атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

– Ауданымызда үш ауысымда білім беретін мектептер бар. Салыну тиіс 1500 орындық мектеп Есіктегі осы мәселенің түйінін тарқата ма?

– Есік қаласы мен қала маңындағы сая-жайларда халық санының артуына байланысты бүгінгі күні қала мектептерінде  жобалық куаттылығынан екі-үш есе көп мөлшерде, мәселен 300 орындық Р.Тоқатаев атындағы орта  мектебінде – 825 оқушы, 540 орындық Абылай хан атындағы орта мектебінде – 1800, 640 орындық В.Терешкова атындағы орта мектепте – 1990,  540 орындық Қ.Сатпаев атындағы орта мектебінде – 1400 оқушы білім алуда. Қала маңындағы саяжайлардан тағы 550 бала Ташкенсаз және Бөлек ауылындағы  мектептерге тасымалдау арқылы оқытылуда. Биылғы жылы қала бойынша 230 оқушы орта мектепті бітіретін болса, бірінші сыныпқа қабылданатын оқушылар саны – 920. Қала маңындағы 600 орындық Рахат №1 орта мектебінде – 1904 оқушы бар.  Яғни, салынатын  1500 орындық мектеп – тек саяжайлардан тасымалданып оқытылатын оқушылар мен Рахат №1 орта мектебіндегі 700 оқушыға және биыл мектепке қабылданатын 700 оқушының ғана орын тапшылығын жояды. Әлі де 1500-2000 оқушыға орын тапшы. Осы мәселенің түйінін тарқату үшін аудан әкімі Рахат №1 орта мектебінің жанынан тағы бір 900 орындық мектеп салу үшін жер  мәселесін қарастыруда.

– Төтенше жағдай режимінің алынуына байланысты аудан аумағындағы балабақшалар жұмысы қалай жүргізілмек? Оларға қойылатын талаптар жайында айтып өтсеңіз.

– Балабақшалар Алматы облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Алматы облысы аумағында карантин және карантиндік шараларды босаңсыту туралы» 17 мамыр 2020жылғы № 11 қаулысының 4 тармағының 37 тармақшасының негізінде санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып Қазақстан Республикасының Бас мемлекттік санитарлық дәрігерінің қолданыстағы  қаулысына сәйкес, ата-аналардан сұраныс  түскен жағдайда кезекші топтар жұмыс істейтін болады.

– Ұстаздардың мәртебесі туралы заң қабылданғаны аян. 2020 жыл осы заңды жүзеге асыру кезеңі болып табылады. Төрт бағытты қамтитын заң жобасының ауданымызда жүзеге асу жолдарын айтып өтсеңіз.

– Ұстаздардың құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстан босату, жүктемесін азайту бағытында аудан ұстаздары бұрынғыдай мөлтек аудандарды жаяу аралауға және бұрынғыдай сенбілік жұмыстарға тартылмайды. Сондай-ақ, олардың жүктемесін азайту  бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020  жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығында  орта білім беру ұйымының педагогтері жүргізуі міндетті құжаттар тізімі нақты атап көрсетілген. Ал, өзге өзіне қатысы жоқ жұмыстармен ұстаздар айналыспайды. Және де өзге де жеңілдіктер мен материалдық емес стимулдар қарастырылған.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қашықтықтан оқыту әдісін әрмен қарай жетілдіру жөнінде айтып өткені аян. Бұған ата-аналар мен ұстаздардың дайындығы қалай және қажетті техника жеткілікті ме?

– Бүгінде цифрлы технологиялар қарқынды дамып, қоғамдық өмірдің түрлі саласына дендеп еніп келеді. Біз  осы үрдіске аса мән беріп отырмыз. Бұл – қазіргі заманның талабы. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы елімізге тың серпіліс беруде және білім саласын түбегейлі жаңғыртудағы біздің алдымызға қойылған міндеттердің бірі. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында сөйлеген  сөзінде: – Қашықтықтан оқытудың заманауи технологиясын  жылдам енгізген абзал. Білім беру бағдарламаларының  мазмұнын қайта қарап, оны қолжетімді және интерактивті етуіміз қажет – деген болатын. Бұл қашықтықтан оқыту әдісін әрмен қарай жетілдіру деген сөз. Сондықтан оқытудың бұл жаңа форматына әрине ұстаздарымыз дайын, ата-аналарымызда біршама  төселіп қалды. Егер ата-ана ұрпағының заман ағымынан қалмай, бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптассын десе, бұл реформаны қолдайды деп ойлаймын. Ал қажетті техника мәселесі бойынша  айтар болсам әрине, кедергілер баршылық. Біріншіден, компьютерлік техниканың жетіспеушілігі бар. Аудан мектептерінде бір компьютер 15-16 балаға ортақ. Осы орайда, мектептерде интерактивтік байланысты қамтамасыз ету үшін кең жолақты интернет жүйесіне қосуға қосымша Wi-fi модемдер, планшеттер, «Робототехника», «3D модельдеу» және «Цифрлық білім беру зертханалары» бар кабинеттерімен жабдықтау жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Сондай-ақ, алыс елді-мекендердегі және саяжайлардағы  ғаламтор желілерінің төмендігін айтпасқа болмас. Бұл да шешімін күтіп отырған мәселе.

– Карантин режимі еліміздің бірқатар аймақтарынан алынғаны белгілі. Осыған байланысты дәстүрлі түрде мектеп бітіруші түлектер соңғы қоңырау рәсімін өткізетін болды.  Бұл қалай жүзеге асырылмақ? Әлеуметтік қашықтық мәселесі қалай сақталмақ?

– 18 мамырда ҚР Білім және Ғылым вице министрі Ш.Каринова ҚР орта білім беру мекемелерінде «Birgemiz түлек-2020» атты мектеп бітіру шараларының тұжырымдамасымен таныстырды. 22 мамырда республика көлемінде Еларна және Балапан арналары арқылы 11 сыныптарға арналған кәсіби бағдар беру мақсатында телесабақ болады.

25 мамыр күні 1-10 сыныптар үшін онлайн-тәрбие сағаты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтеді. Оны әр сынып жетекші ата-аналардың, қонақтардың, қамқоршылық кеңестің қатысуымен жеңілдетілген  кесте бойынша өткізеді. 2020 жылдың 3-4 маусым күндері аралығында мектеп бітіруші түлектерге арналған соңғы қоңырау және арнайы аттестат тапсыру салтанатты жиыны мектеп алаңында, ашық аспан астында санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі. Аталған нұсқаулықтар білім беруші мекеме басшыларына таныстырылып, жіберілді.

–       Сұхбатыңызға рахмет.

Әңгімелескен Әділет САРЫБАЙ

Published in Мақалалар

Алматы облысының мамандандырылған ХҚО-лары арқылы 5000-ға жуық автокөлік тіркеліп, 1600 жүргізуші куәлігі берілді.

13 мамырдан бастап Алматы облысының автоәуесқойлары үшін Талдықорған қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа форматта іске қосылды.
Енді мамандандырылған ХҚО-ға бару үшін 1414 байланыс орталығы немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы және Telegram-бот арқылы кезек уақытын алдын ала брондау қажет болады.
Бұл азаматтардың ХҚО-да көптеп жиналуын болдырмайды және вирусты жұқтыру қаупін жояды. Осы ретте қызмет алушылар да өз уақытын үнемдейді. Алдын ала брондаусыз еш қызмет көрсетілмейді.
Сонымен қатар, облыс бойынша Қарасай ауданындағы мамандандырылған ХҚО және Қапшағай қаласы, Панфилов, Сарқан, Енбекшіқазақ аудандарында орналасқан секторлары еш өзгеріссіз жұмыс жасайды.
Дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін мамандандырылған ХҚО ғимаратында көлік құралын тіркеуге және қайта тіркеуден өткізуге, жүргізуші куәлігін ауыстыруға болады. Жүргізуші куәлігіне қосымша категориялар бойынша практикалық емтихан тапсыру және медициналық тексерістен өту жұмыстары Талдықорған қаласында орналасқан мамандандырылған ХҚО-да ғана жүзеге асырылады.
Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында автоХҚО-ға кезектің уақытын брондау үшін egov.kz порталы немесе 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы белгілуге болады. АвтоХҚО-ға барған кезде қашықтықты сақтауды сұраймыз, медициналық маскалардың болуы міндетті.
Естеріңізге сала кетейік, сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы жүргізуші куәлігін ауыстырып, автокөлігін қайта тіркей алады.

**********

За неделю в спецЦОНах Алматинской области зарегистрировали около 5 000 авто


Кроме того, гражданам во вновь открытых спецЦОНах выдали 1 600 водительских удостоверений.

Регистрацию автомобилей и выдачу прав в регионе возобновили с 13 мая. В данное время центры обслуживания автомобилистов открыты в Талдыкоргане и Карасайском районе, в селе Кемертоган. Кроме того, клиентов принимают сектора спецЦОНов в Капшагае, Есике, Сарканде и Жаркенте.

Перерегистрировать свою машину, сдать экзамены на права и получить водительское удостоверение граждане могут с понедельника по субботу с 10:00 до 17:00. При этом талдыкорганский спецЦОН принимает автомобилистов только после предварительной брони очереди по номеру 1414, через специальный сервис на портале egov.kz. или через Telegram-бот eGovKzBot2.0, чтобы исключить скопление граждан, снизить опасность заражения и сэкономить время услугополучателей. А все остальные учреждения на базе ЦОНов — в обычном порядке.
Сдать теоретический и практический экзамены, а также пройти медосмотр для получения водительского удостоверения сегодня можно только в спецЦОНе Талдыкоргана.
При посещении центров обслуживания прошу соблюдать дистанцию. Без маски граждан обслуживать не будут.

Published in Санаты жоқ

Жауапты қызметке тұру қағидаты біршама жеңілдеді. Ендігіде мемлекеттік жұмысқа қабылдану қиынға соқтырмайтын болады.

«Б» корпусы лауазымына орналасуға өткізілетін конкурс туралы ережедегі негізгі өзгерістерге тоқталсақ. Бұл ереже соңғы рет ағымдағы жылдың наурыз айында қайта жаңартылып, қарастырылған.

Бұдан былай конкурсқа қатысушылардың біліктілігін персоналды басқару қызметі анықтайтын болады. Ал, комиссия мүшелері төрағаны қоса алғанда үш адамнан аспайды деп көрсетілген. Бұрынғы кезде комиссия мүшелері бес адамнан құралған еді. Тағы өзгерген жайт ол комиссия хатшысы болып мемлекеттік қызметшілердің ішінен тағайындалуы.

Ендігі кезде орта буын басшылық лауазымдарға, басқарма, департамент басшыларының орынбаралары мен бөлім басшылары, аудандық/қалалық бөлім басшыларының орынбасарлары, ауылдық округ әкімінің орынбасарларынан эссе жазу талаптары алынып тасталды.

Сондай-ақ, жаңа қағида білім басқармасын да айналып өтпеді. Алдағы уақыттан бастап аудандық білім басқармаларының басшылары облыстық комиссияның шешімімен, облыстық білім басқармасының ұйғарымы арқылы лауазымына тағайындалады.

Комиссия отырсына 18 жасқа толған ҚР азаматы қатыса алады, оның ішінде уәкілетті органның қызметкерлері.

Кезекті жаңашылдық үміткермен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан видео байланыс орнату арқылы сөйлесуге болады. Жаңа ережеге сәйкес, қазір жалпы конкурс бойынша мемлекеттік қызметке алғаш және қайта келушілерге тек үш құжат қана ұсыну керек: өтініш, қызметтік тізім, білімі туралы диплом көшірмесі.

ПБҚ (кадр қызметі) «Е-қызмет» жүйесі арқылы кандидаттың тестілеуден өткені туралы мәліметті тексереді. Қызметтегі мемлекеттік қызметшілер жалпы конкурсқа тек өтініш пен қызметтік тізімді тапсырады, тестілеуден өтпейді.

«Өткен жылдың қараша айынан бастап мемлекеттік қызмет істерінің заңнамасына өзгеріс енгізілді. Ондағысы мемлекеттік қызметкерге «Сәйкестендіру карталарын» тарату еді. Осыған орай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының бұйрығымен «Сәйкестендіру карталарының сипаттамасы, оларды беру мен пайдалану қағидалары» бекітіліп, 2020 жылғы 1 маусымнан бастап күшіне енеді»,- деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ләззат Бейсеқұлова.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің сәйкестендіру картасы – қызметкердің мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат.

Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытын есепке алу және еңбек тәртібін сақтауды бақылау мақсатында сәйкестендіру картасы мемлекеттік органға кіріп-шығуды бақылау және басқару жүйесінде тіркеледі және мемлекеттік органның ғимаратына кіруге рұқсаттама ретінде қолданылады. Айта кетерлігі, Сәйкестендіру картасы төрт жыл мерзіміне беріледі.

Қазіргі таңда 603 жергілікті атқарушы органдарында 4245 мемлекеттік штаттық бірлік бар. Нақты саны – 4005 адамды құрайды.

Облыс көлемінде өткізілген ішкі конкурс нәтижелері бойынша тағайындалғандардың саны - 67 бірлік, оның ішінде жоғары лауазымдарға тағайындалған мемлекеттік қызметшілер үлесі 73,1%, немесе 49 бірлікті құрап отыр.

Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет саласында 9-тексеру жүргізілді, оның ішінде 4 – профилактикалық бақылау, 2-мемлекеттік қызметшілердің өтініштері бойынша, 3-жеке тұлғалардың өтініштері бойынша.

Тексеру барысында 58-заң бұзушылық анықталып, нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы 4-нұсқама, 5-ұсыныс енгізіліп, 4 -азаматтың құқықтары қалпына келтірілді.

Тексеру нәтижесі бойынша 7-мемлекеттік қызметші сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ұсынылған есептерге сәйкес, 2020 жылдың І тоқсанында жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдерімен 479–жеке консультативті көмек көрсетілді, 187–азаматтарды жеке қабылдаулары өткізілді, 196-түсіндірме жұмыстары жүргізілді, 50–аймақтарға шығу іске асырылды.

 

Анар САБЫРОВА

Published in Санаты жоқ

Алматы облысында бір күнде 19 адам індет жұқтырған деген дерек тіркелген. Соңғы мәліметтерді қоса алғанда Жетісу өңірінде 238 тұрғын кеселге шалдыққан.

Инфекция күн санап өршуде. Кешегі ақпараттарға сүйенсек, Талдықорған қаласында-12, Кеген ауданында-4, Талғар-2, Қарасайда – 1 адамнан СОVID – 19 індетінің белгілері анықталған.

«Барлығынан алынған сынама яғни, ПТР-талдау нәтижелері бойынша барлығына COVID-19 диагнозы қойылды.Ауырған адамдар алдын ала оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды»,-дейді Алматы облысы бойынша бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Асхат Чарапиев.

Олармен байланыста болған тұлғалар анықталып оқшауланады және коронавирустың бар-жоғын анықтауға зертханалық тексеруден өтеді. Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары қолға алынған. Мамандар вирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандарды жедел, дер кезінде бақылауға алып отыр.

Қазіргі таңда облысымызда профилактикалық скрининг енгізілген. Скрининг енгізілгелі бері, жасырын індет ошақтарын, симптомсыз формалары белсенді түрде, жедел анықтауға көмектесіп жатыр.

Скринингке жататын контингенттің шеңберін кеңейту жоспарланған.

Сондай-ақ, қала аумағына кіріп-шығу әлі күнге қатаң бақылауда тұр. Еске салатын жайт, облыс орталығына тек медициналық тексеруден өтуі тиіс және арнайы рұқсаты бар тұрғындар ғана кіре алады. Мамандардың айтуынша, қосымша шектеу шаралары қарастырылады.

«JETISÝ MEDIA»

Published in Санаты жоқ
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет