Күндер бойынша реттелген элементтер: Дүйсенбі, 01 Маусым 2020

25 мая учебный год для казахстанских школьников уже завершился. Ну, а выпускников 2020 года впереди ждет самый заветный момент – вручение аттестата. Связи с пандемией, торжественные мероприятия по стране будут проведены в не привычном для всех формате. Об этом на брифинге в «JETISÝ MEDIA» рассказал руководитель департамента по обеспечению качества в сфере образования Алматинской области Сауле Кабимолдаева.

 

«3-4 июня для выпускников школ Алматинской области будет проведено вручение аттестата. Это будет осуществляться на территории каждой школы, под открытым небом и с соблюдением санитарных норм. На вручение выпускники придут в школьной форме и в масках. Также не допускается участие посторонних лиц, кроме родителей. Вручение аттестатов будет организована с соблюдением всех мер предосторожности, и продолжительностью не более 20 минут»,– подчеркнула Сауле Кабимолдаева.

 

Важно отметить, что при проведении выпускных мероприятий не допускается: сбор средств на подарки школе, учителям, администрации школы; привлечение аниматоров, частных студий; проведение пышных празднеств, праздничных столов, выездных экскурсий с привлечением автомобилей на прокат, проведение мероприятий в ресторанах и кафе.

 

После чего, в период с 20 июня по 05 июля планируется проведение ЕНТ. Формат сдачи ЕНТ остается неизменным, но есть ключевые организационные моменты главного итогового мероприятия при такой непростой эпидемической ситуации.

 

До входа в аудиторию абитуриенты будут подвергнуты 5-ти видам дезинфекции:

• дезинфицирующий туннель;

• обработка рук;

• обработка обуви;

• температурный контроль;

• замена маски на респиратор.

 

В аудитории будет сохраняться дистанция (2 метра) между участниками ЕНТ.

Родители, педагоги, посторонние лица не будут допущены к зданиям пункта проведения ЕНТ.

Напомним, что в текущем году по области насчитывается 15 153 выпускника, из них свыше 75% (11494 выпускника) подали заявление на участие в ЕНТ.

Published in Санаты жоқ

Өңірде COVID-19 инфекциясының 8 жағдайы тіркелді

Алматы облысында коронавирус инфекциясының 8 жағдайы тіркелді. Оның 5-еуі – Талдықорған қаласында, 3-еуі Алакөлде анықталды.  
2007, 1981, 1981, 1993, 2018, 2016, 1990  жылдары туған азаматтар бұрын коронавирус инфекциясымен ауырған адаммен байланыста болған, ал 1997 жылғы жүкті әйелдің науқасы профилактикалық тексеруден өту барысында белгілі болған.
Барлығы осыған дейін оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
31 мамырдағы жағдай бойынша Алматы облысында  коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 361 адам тіркелген.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Published in Санаты жоқ

Алматы облысында төтенше жағдай режимі жеңілдеп, әлеуметтік және басқа да қызмет көрсету нысандары кезең-кезеңімен ашыла бастады. Солардың қатарында халыққа қызмет көрсету орталықтары да 14 мамырдан бастап өз жұмысын жалғастырды. Алайда, енді мемлекеттік қызметтер жаңа форматта ұсынылмақ. Бұл жайында, «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңында, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы облысы бойынша директоры Ермек Құралбекұлы Бекжүнісов сұхбат берді.

– Ермек Құралбекұлы, алдымен халыққа қызмет көрсету орталықтарының жаңа форматтағы жұмысы туралы айтып берсеңіз?

Әлемдік пандемия COVID-19 қоғамның барлық салаларына өз әсерін тигізді. Карантин азаматтарға шектеу қойды, бірақ жаңа мүмкіндіктер берді. Елдегі вирустың таралу қауіпі әлі де сақталуына байланысты қоғамдық және жеке ұйымдар жұмыс тәсілдерін өзгертті. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібі де жаңа форматқа көшті. Жаңа формат азаматтардың кезекке тұрып, шоғырлануын болдырмайды және уақытын тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. Енді азаматтар фронт-офистерде тек қағаз жүзінде көрсетілетін 100-ге жуық қызметтер мен egov.kz арқылы рәсімделген өтініштердің нәтижесін ала алады.

Сондай-ақ, қызмет алушылар ХҚО-ға бару үшін 1414 біріңғай байланыс орталығы немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы және Telegram-бот арқылы кезек уақытын алдына ала брондайды. Алдын ала жазылусыз ХҚО-ларда ешқандай қызмет көрсетілмейді.

Бүгінгі таңда электронды үкімет порталында барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын қазақстандықтар өз үйінен немесе жұмыс орнында отырып-ақ алуына болады. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болса болғаны. Қазіргі уақытта ЭЦҚ-ны да egov.kz порталында алу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ кейбір қызметтер мен сервистерді ЭЦҚ-сыз, бір реттік құпиясөздің көмегімен алуға болады. Ол үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет. Электронды түрде қолжетімді қызметтерді азаматтар өздігінен egov.kz порталында, eGov mobile, EgovKzBot2.0 мобильді қосымшаларының, Facebook және Вконтакте әлеуметтік желілері чат-боттар арқылы да ала алады.

–Мұның бәрі жақсы әрине, бірақ үйінде компьютері, интернеті жоқ адамдар не істейді? Мысалы, цифрлық жаңашылдықтарды пайдалана алмайтын ауыл тұрғындары қызметтерді қалай алады?

Осы жерде айта кетейін, жоғарыда айтылған жаңашылдықтар тек қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына ғана қатысты. Ал аудандық маңызы бар қалаларда, сондай-ақ аудан орталықтарында орналасқан бөлімдерде қалаға қарағанда келушілер санының айтарлықтай аз болуына байланысты өзгеріссіз, бұрынғыдай жұмыс жасап жатыр.

Ал компьютері немесе интернетке шығу мүмкіндігі жоқ талдықорғандықтар үшін қала бойынша 10 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылды. Олар әкімдіктердің ғимараттарында, оқу орындарында, медицина ұйымдарында, сауда-ойын-сауық орталықтарында және т. б. нысандарда орналасқан. Алдағы уақытта мұндай бұрыштар санын арттыруды жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ үш санаттағы азаматтар, яғни зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектігі бар азаматтар электрондық қызметтерді ХҚО-дан ала алады. Ол үшін әр фронт-офисте жеңілдік терезелері ұйымдастырылған. Дегенмен, олар да ХҚО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек.

–Қалай ойлайсыз, біздің азаматтар осындай өзгеріске, яғни жаппай цифрлануға қаншалықты дайын?

Әрине, әлемдік сарапшылардың айтуынша пандемиядан кейін әлем бұрынғыдай болмайды, жаңа ережелердің пайда болуы заңды құбылыс. Шынында да солай. Төтенше жағдай енгізілген соң «Азаматтарға арналған үкімет» өз қызметін тоқтатпай, қашықтан жұмыс істеді. Қазірдің өзінде республика бойынша 2000-ға жуық маман қоңырау арқылы азаматтарға консультациялық көмек көрсетіп, қызметтерді онлайн рәсімдеу бойынша ақпараттық сүйемелдеу жасауда. Алматы облысындағы 1414 call-орталықта арнайы оқудан өткен 100-ге жуық қызметкер телефон арқылы кеңес беруде. Бұдан бөлек, филиалдың 50 қызметкері бейнеқоңырау арқылы қызмет алушыларды мобильді азаматтар базасына тіркейді, тағы 20 қызметкер бейнеқоңырау арқылы көрсетілетін қызметті алушыларды бейнеидентификациялау үшін тартылған.

Байланыс орталықтары дүйсенбіден сенбіге дейін таңғы 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Қоңырау шалу тегін.

Сондай-ақ, енді «Азаматтарға арналған үкімет» операторлары қазақстандықтарға egov.kz порталындағы бейне қоңырау арқылы тікелей кеңес бере алады. Ол үшін парақшаның оң жақ төменгі бұрышындағы «Виртуалды ассистент» батырмасын басу қажет. Карантин жағдайында филиал қызметкерлері бірыңғай байланыс арқылы қоңырау шалған аймақ тұрғындарына 62 мыңға жуық кеңес берді. Үйден жұмыс жасаған қызметкерлеріміз ұялы телефон арқылы 72 мыңнан аса кеңес берді және 120 мыңға жуық бейнеқоңырауға жауап берді.

Айта кетейік, соңғы екі айда 12 мынға жуық дайын құжаттар берілді және мандандырылған ХҚО арқылы онлайн режимінде азаматтарға 300 жуық жүргізуші куәлігі берілді және автокөлікті қайта тіркеу бойынша 150 астам қызмет көрсетілді Сондай-ақ, карантин уақытында egov.kz электронды үкімет порталы, Telegram боттағы eGovKzBot2.0, eGovMobile мобильдік қосымшалары арқылы қызмет алуға өтініш берушілер саны артқанын байқадық.

–Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қауіпсіздік шаралары қалай орындалып жатыр?

Бүгінде аймақтағы ХҚО бөлімдері барлық санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарға сәйкес жұмыс жасап жатыр, Атап айтқанда, орталықтардың ғимараттарында маска режимі сақталған. Ғимараттарда санитарлық тазартқыштар орналастырылып, антисептиктермен қамтамасыз етілген. Вирус жұқтыру қаупін болдырмау мақсатында кезекте тұрған азаматтар үшін ғимараттардың ішінде де, сыртында да 1,5-2 метр қашықтықта таңбалар қойылған.

Сұхбат соңында Ермек Бекжүнісов, бүгінде кең таралған мемлекеттік қызметтердің электронды түрге өткенін еске сала кетіп, халыққа қажетті құжаттарын онлайн рәсімдеуге кеңес берді.

Published in Санаты жоқ

«Барша қазақстандықтарды Балаларды қорғаудың халықаралық күнімен құттықтаймын. Бұл – өскелең ұрпақтың амандығына, денсаулығы мен қауіпсіздігіне аға буын жауапты екенін еске салатын мереке. Еліміздегі әр бала мейірімге бөленіп, балалық шағын бақытты әрі қызықты өткізуге қақылы» делінген Мемлекет басшысының Twitter-дегі хабарламасында.

Published in Санаты жоқ

31.05.2020ж. №13 Қаулы     

Талдықорған қаласы    

«Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығына және «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылдың 30-шы мамырдағы №38 Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасында СOVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы материалдарды қарап, оның ішінде Алматы облысы аумағында СOVID-19 сырқаттанушылығының 3,2% өсуімен, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

 

1.  Алматы облысында карантинді алып тастау, және Алматы облысының аумағында шектеу шараларды кезең-кезеңімен босаңсыту. Шектеу іс-шаралардың режимі мен мерзімдері «COVID-19» коронавирустық жұқпасының таралу жағдайының өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.

 

2. Аудандар мен қалалар, ауылдық округтерінің әкімдері, полиция департаменті және Алматы облысының басқа да іске қосылған қызметтері қамтамасыз етсін:

 

2.1 Облыстың периметрі бойынша, облыстың аудандары мен қалалары арасында барлық блок-бекеттер мен санитарлық бекеттерді алып тастауды.

 

2.2 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 12 және 15 қосымшасына сәйкес алгоритмдерді сақтай отырып, мемлекет ішінде барлық көлік түрлерімен жолаушылар тасымалдауларын, қоғамдық көліктің жұмысын шектеусіз жаңдандыруды.

 

2.3 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 23 қосымшасына сәйкес, әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, басқа да кеңселердің жұмысын жандандыруды. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 30% қашықтықтан жұмыс нысанында қалады (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер).

 

2.4 Жабық үй-жайларда ойын-сауық, бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды, сондай-ақ спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салуды.

 

2.5  Кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да нысандардың қызметіне тыйым салуды.

 

2.6 Денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салуды.

 

2.7 Қоғамдық тамақтану нысаналарында кальянды пайдалануға тыйым салуды.

 

2.8 Әкімдік жанындағы мобильды топтардың нысандарға іріктеп тексеру жүргізу және эпидемияға қарсы режим талаптарының, жұмыс режимінің сақталуына мониторинг жүргізуді.

 

2.9 Әскери бөлімдерге келгеннен кейін әскерге шақырылушыларды ПТР әдісімен COVID-19 зертханалық тексеруді.

 

2.10 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 18-қосымшаға сәйкес әрбір рейстің алдында қоғамдық көлікті, әуежайларды, теміржол және автовокзалдарды, супермаркеттерді, базарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын (күніне кемінде екі рет), жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өтпелерінің таяныштарын, спорттық снарядтарды, балалар және спорт алаңдарын, орындықтар мен сәкілерді, банкоматтарды, банк терминалдарын, POS-терминалдарды жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді.

 

2.11 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 25-қосымшасына сәйкес жеке қорғаныш құралдарын пайдалану және кәдеге жарату жөніндегі ұсынымдарды сақтауды.

 

2.12 Халық арасында COVID-19 таралуының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді.

 

2.13 Банктердің, почта бөлімшелерінің, халыққа қызмет көрсету жұмысын алдын ала жазылу бойынша, электрондық кезекпен және басқа да шаралар бойынша халықтың жиналуына жол бермеу және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында ұйымдастыруды.

 

2.14 Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларымен белгіленген қосымша талаптарды және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып мемлекеттің басқа аймақтарына/ аймақтарынан авиа ұшуларға, жолаушыларды тасымалдайтын теміржол және автокөліктерге рұқсат беруді.

 

2.15 Білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқыту, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін жүргізуді.

 

3.  Алматы облысының тұрғындарына:

 

3.1 Облыс ішінде және одан тыс жерлерде еркін қозғалуға рұқсат етіледі.

 

3.2 Жабық үй-жайларда және көшеде, оның ішінде сауда объектілерінде, қоғамдық орындарда, қоғамдық көлік аялдамаларында және басқа да көпшілік жиналатын орындарда бір-бірінен кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтау.

 

3.3 Барлық жерде, оның ішінде қоғамдық көлікте бетпердесіз болуға тыйым салынады.

 

3.4 Респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері (тұмау, түшкіру, дене қызуының көтерілуі) пайда болған кезде жедел медициналық көмекті 103 нөмірі бойынша шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай, үйде дереу медициналық көмекке жүгінуге болады.

 

3.5 Жабық үй-жайларда ойын-сауық, бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды, спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;

 

4.  Облыс аудандары мен қалаларының әкімдері, облыстық полиция департаменті, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы және "Атамекен" ҰКП келесі қызметтердің тоқтатылуын қамтамасыз етсін:

 

4.1   Кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің, интернет және компьютерлік клубтардың, ойын мекемелерінің.

 

4.2 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 19-қосымшасына сәйкес онлайн-тапсырыстарды ұйымдастыруды және жеткізуді қоспағанда, 50 орыннан асатын қоғамдық тамақтану нысандары.

 

4.3  Түнгі клубтар, кальян барлар.

 

4.4 Ойын-сауық объектілері (букмекерлік, бильярд, караоке, ps-клубтар, квест, антикафе, боулинг-орталықтар және т.б.).

 

5. Облыс аудандары мен қалаларының әкімдері, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы және «Атамекен» ҰКП күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қызметке рұқсат беруді қамтамасыз етсін:

 

5.1 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 26-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим ұйымдастырылған өнеркәсіптік, өндірістік кәсіпорындар, құрылыс компанияларының (құрылыс салушалардың).

 

5.2 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 4-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим және аймаққа бөлу талаптарын сақтай отырып, меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдар (орталықтар).

 

5.3 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 27-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим талаптарын сақтай отырып, меншік нысанына қарамастан стоматологиялық ұйымдар (орталықтар).

 

5.4 Ветеринариялық қызметтер, оның ішінде ветеринариялық және мал шаруашылығының жедел жәрдем қызметтері.

 

5.5 Зертханалардың барлық түрлері.

 

5.6 Супермаркеттер, азық-түлік дүкендері, оның ішінде көп пәтерлі тұрғын үйдегі, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы дүкендер.

 

5.7 Дәріханалар, оның ішінде ветеринарлық.

 

5.8 Облыстың коммуналдық қызметтері мен инфрақұрылымдары (электр энергетикалық компаниялар, сумен жабдықтау/жылумен жабдықтау, өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері, тұрғын үй қорын басқару саласындағы қызметтер (электриктер, сантехника, аулалар мен үй-жайларды жинау, авариялық қызмет, оның ішінде лифтілерге қызмет көрсету), көшелер мен үй-жайларды жинау, қоқыс пен қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату, дезинфекциялық қызметтер, жол қозғалысын реттеумен техникалық құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдар.

 

5.9 Телекоммуникация және байланыс (инженерлік қызмет қызметкерлері үшін (ұялы байланыстың базалық станцияларын, жөндеу бригадаларын, коммуникация желілерін басқару және карантин кезеңінде барлық жабық нысандарға, оның ішінде базалық станциялар және байланыс операторларының жабдықтары орналасқан сауда нысандарына қол жеткізе отырып, техникалық қолдау орталығын монтаждау және салу), ұялы байланыс операторларының абоненттік бөлімшелері.

 

5.10  Бұқаралық ақпарат құралдары.

 

5.11 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 13-қосымшасына сәйкес жұмыс алгоритмін сақтай отырып, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізетін ұйымдар мен жұмысшылар.

 

5.12 Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып және қалыпты жұмыс кестесімен автожанармай құю және автогаз құю станциялары.

 

5.13 Толымдылығы отыратын орындардың санынан аспайтындай, қоғамдық көлікпен адамдарды тасымалдауға арналған қызметтер, таксидің ресми қызметтері. Мамандандырылған көлік тиісті белгілермен (таксиге арналған белгі) және жүргізушінің жеке басы туралы ақпараты жолаушыға көрнекті орында (жүргізушінің паспорттық деректері, кәсіпорынның деректері, телефон нөмірі, атауы, автомашинаның нөмірі) жабдықталуы тиіс.

 

Санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау талаптарын күшейту. Әрбір рейстен кейін дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, есік тұтқаларын және салонның ішінде ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізуге міндетті, әрбір 3 сағат сайын ауыстырудың кезеңділігін ескере отырып, жеке қорғаныш құралдарын (қорғаныш бетперделер, қолғаптарды), сондай-ақ қолды өңдеуге арналған антисептиктерді пайдалануы тиіс.

 

5.14 Сауда-логистикалық орталықтар, қоймалар, олардың жұмысын қамтамасыз ететін тұлғалар мен ұйымдар.

 

5.15 Салттық қызмет көрсету нысандары, зираттар.

 

5.16 Мемлекеттік басқарудың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мемлекеттік, құқық қорғау және басқа да мамандандырылған органдар мен олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары.

 

5.17 Жолдар мен көпірлерге, оның ішінде темір жолдарға қызмет көрсету жөніндегі қызметтер.

 

5.18 Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып ұзақ және тығыз қатынасты болдырмайтын нысандар, құрылыс дүкендері, саяжай құралдарын тарататын дүкендер, оптика (дүкендер), фотосалондар, гүл дүкендері, зоодүкендер.

 

5.19 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 6-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып техникалық қызмет көрсету станциялары, автожуу, шиномонтаж, автосалондар.

 

5.20 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 7-қосымшасына сәйкес медициналық бетперде киген келушілерді кіргізуді қамтамасыз ете отырып және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қызмет көрсету саласы объектілерінің (сұлулық салондарының, шаштараздар (алдын ала жазылу бойынша), химиялық тазарту, кір жуу, ұйым.техникасын жөндеу) жұмысын;

 

5.21 Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып бизнес орталықтары, сақтандыру компаниялары, адвокаттың, нотариустың, бухгалтердің және консалтингтің, коллекторлық қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т.б).

 

5.22 Ашық ауада көрерменсіз спорттық іс-шаралар мен жаттығулар (спорт алаңдары, ипподромдар).

 

5.23 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 10-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып халыққа қызмет көрсету нысандары: баспаханалық қызмет көрсететін нысандар, тігін ательелері, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу бойынша сервис, химиялық тазалау, кір жуу орындары және үй-жайларды жинау, ұзақ, тығыз қарым-қатынасты болдырмайтын өзге де нысандар.

 

5.24 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 12-қосымшасына сәйкес жұмыс алгоритмін сақтаумен аэропорттар, теміржол және автокөлік вокзалдары.

 

5.25 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 15-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және қосымша талаптарды сақтай отырып, толымдылығы отыратын орындар санынан көп емес қоғамдық көліктер.

 

5.26 Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып халыққа қызмет көрсету орталығы.

 

5.27 Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып екінші деңгейдегі банктер, кредиттік серіктестіктер, микроқаржы ұйымдары, ломбардтар.

 

5.28 Жұмыс режимі әдеттегідей айырбастау пункттері, оның ішінде банктік емес пунктері.

 

5.29 Күзет ұйымдары

 

5.30 Ақпараттық-коммуникациялық технология компаниялары.

 

5.31 Саябақтар, скверлер, олардың ішіндегі ойын және ойын-сауық нысандарының қызметін қоспағанда.

 

5.32 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 17-қосымшасына сәйкес, әлеуметтік ара-қашықтықты, отырғызуды және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, келушілердің саны 50 адамға дейін шектелген қоғамдық тамақтану нысандары(оның ішінде жазғы павильондар).

 

5.33 Барлық азық-түлік емес дүкендердің, оның ішінде сауда үйлерінің (орталықтардың) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып.

 

5.34 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 5-қосымшасына сәйкес, азық-түлік және азық-түлік емес базарлары күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

 

5.35 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 42-қосымшасына сәйкес, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, моншалар, сауналар, СПА, массаж орталықтары, бассейндер.

 

5.36 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 14-қосымшасына сәйкес, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мектепке дейінгі ұйымдардар.

 

5.37 Қызметкерлер мен балалардың денсаулық жағдайына бақылау жүргізумен (дене қызуын өлшеумен), ЖРВИ белгілері бар қызметкерлер мен балаларды шеттетумен, сондай-ақ күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, білім беру орталықтары, үйірмелер (жазба бойынша).

 

5.38 Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, құтқарушыларды, техникалық қауіпсіздік бойынша жауаптыларды, күзет жән басқа мамандандаырылған ұйымдарды қайта оқыту үшін мамандандырылған оқу орталықтарын.

 

5.39 Көрермендерсіз, 50 орынға дейінгі ашық стадиондар.

 

5.40 Қапшағай қаласының РМҚК «Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы».

 

5.41 Көрермендерсіз спорт нысандары, мәдениет нысандары.

 

5.42 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 8-қосымшасына сәйкес, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып халыққа қызмет көрсететін фитнес, спорткешендері.

 

5.43 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 11-қосымшасына сәйкес, халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы нысандар (қонақ үйлер, отельдер) мен туризм нысаналары.

 

5.44 Балалардың коррекциялық кабинеттері (алдын ала жазу бойынша) қызметкерлер мен балалардың денсаулық жағдайына бақылау жүргізумен (дене қызуын өлшеу), ЖРВИ белгілері бар қызметкерлер мен балаларды шеттетумен, сондай-ақ күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып.

 

5.45 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 16-қосымшасына сәйкес, әлеуметтік қашықтықты, желдету режимін және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, діни нысандар.

 

5.46 Шипажайлық-курорттық мақсаттағы объектілер, демалыс үйлері Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысына 41-қосымшаға сәйкес алгоритмді сақтай отырып, жағалаудағы демалыс аймақтарын, жағажайларды қоспағанда, жұмысын 2020 жылғы 13 маусымнан бастап қайта бастауды.

 

5.47 Елді мекен аумағында қолайлы эпидемиологиялық жағдай болған жағдайда балалардың ойын алаңдарын, кинотеатрларды және олардағы фуд-корттарды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтары.

 

5.48 Ақпараттық арналар арқылы қызметіне рұқсат етілетін нысандарды хабардар ету, бейінді қауымдастықтардың қатысуымен бейнеконференциялар өткізу, ресми веб-ресурстарға қажетті ақпаратты орналастыру.

 

6. Алматы облысының аудандары мен қалаларының ведомствоаралық комиссиялары, облыстың аудандары мен қалаларының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері ведомстволық бағынысты аумақтардағы эпидемиологиялық жағдайға және COVID-19 аурушандығының өсу қарқынына байланысты өзге де қатаңдату шараларын қабылдауға құқылы.

 

7. Облыс аудандары мен қалаларының әкімдері, облыстық денсаулық сақтау басқармасы және де басқа да тартылған мемлекеттік органдар (ұйымдар) қамтамасыз етсін:

 

7.1 COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын симптомдары бар науқастар үшін қосымша провизорлық стационарлардың жұмысын;

 

7.2 COVID-19-ды жұқтырудың жоғары қаупі болған адамдардың карантинін және COVID-19-бен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды тасымалдауды;

 

7.3 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 29-қосымшасына сәйкес, COVID-19-бен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды оқшаулау үшін карантиндік стационарлардың жұмысын;

 

7.4 Карантиндік стационарларды медициналық емес мақсаттағы ұйымдарда (қонақүйлер, жатақханалар, шипажайлар және т.б.) орналастыру кезінде оларды жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуді және эпидемияға қарсы жұмыс режимін сақтауды көздей отырып, тәулік бойы карантин талаптарының сақталуын бақылау бекеттерінің жеткілікті көлемдегі жұмысын;

 

7.5 COVID-19 жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациенттердің шұғыл көрсетілімдері бойынша емдеуге жатқызу үшін көп бейінді стационарлардың жұмыс істеуін;

 

7.6 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 4-қосымшасына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарын аймақтарға бөлуді және жұмыс режимін сақтауды;

 

7.7 Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, реанимациялық жабдықтардың және шығыс материалдарының қажетті санын сатып алуды;

 

7.8   Теміржол және автовокзалдардың кіреберісінде температураны қашықтықтан өлшеуге арналған құралдармен;

 

7.9 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 30-қосымшасына сәйкес COVID-19 коронавирустық инфекциясынан қайтыс болған адамның мәйітін жерлеуді қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізуді.

 

8. Меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылған ұйымдарда жұмыс істейтін барлық ұйымдардың басшылары елдің басқа өңірлерінен, аудандарынан, қалаларынан, облыстың елді мекендерінен іссапарға келген барлық тұлғалардың нәтижесін алғанға дейін CОVID-19 зертханалық тексеру жүргізу үшін үй карантинінде оқшаулауын қамтамасыз етісін. COVID-19 зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін теріс нәтижесі бар адамдар жұмысқа қайтарылады, оң нәтижесі бар адамдар емдеу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады.

 

9. Аэропорттың басшылары қамтамасыз етсін:

 

9.1 Шетелден келгеннен кейін әуе кемелерін, оның ішінде жер үсті жабдығы мен көлігіне қызмет көрсететін жабдықтарды қорытынды дезинфекциялауды.

 

9.2 Әрбір тұрақты және чартерлік рейстерден кейін әуе кемелерін ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды.

 

9.3 Тұрақты және чартерлік рейстердің жолаушыларын түсіруге және отырғызуға тартылған әуежай терминалдарының барлық үй-жайларын ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды.

 

10. «Қазпочта» АҚ Алматы облыстық филиалы бөлімшелердің жұмысын, әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қызметкерлердің халыққа бір реттік қолғаптар мен медициналық бетпердеде қызмет көрсетуін, пошта хат-хабарларымен (хаттар, сәлемдемелер және т.б.) байланысты жұмыстарды жеке қорғану құралдарымен (халат, медициналық бетперде, қолғаптар) жүргізуін қамтамасыз етсін.

 

11. Шектеу шаралары кезінде жұмыс істейтін нысандарға мынадай санитариялық және дезинфекциялық режимдерді сақтау қажет:

 

11.1 Жұмысы қашықтан жүргізілуі мүмкін қызметкерлерді қашықтан жұмыс режиміне ауыстыру.

 

11.2 Кіру және шығу кезінде қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату.

 

11.3 Барлық қызметкерлерге бір рет қолданылатын бетперде мен қолғаптарды пайдалану.

 

11.4 Үстелдердің, сөрелердің, орындықтардың, баспалдақтардың тұтқаларының, есіктердің едендері мен барлық беттерін дезинфекциялық құралдармен қолдану нұсқаулығына сәйкес күніне кемінде 3 рет өңдеу.

 

11.5 Келушілердің бетпердесіз болуына жол бермеу.

 

11.6 Келушілердің әлеуметтік қашықтығын кемінде 2 метр сақтауды қамтамасыз ету.

 

12. Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы (Ысқақ Б.) қамтамасыз етсін:

 

12.1 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 38-қосымшасына сәйкес COVID-19-ды қадағалау шеңберінде ПТР әдісімен тестілеуді ұйымдастыруды және ПТР зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар жағдайлар туралы хабарлауды.

 

12.2 Эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, COVID-19-бен ауыратын науқастарды оқшаулау үшін инфекциялық стационарларда жеке төсектер бөлуді.

 

12.3 Эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, COVID-19 жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар науқастарды оқшаулау үшін жеке провизорлық төсектер (стационарлар) бөлуді.

 

12.4 Барлық денсаулық сақтау ұйымдарында COVID-19 жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациент анықталған жағдайда оны оқшаулау үшін көрсетілетін медициналық көмектің ерекшелігін ескере отырып, үй-жайлар бөлуді.

 

12.5 Пациенттердің күнделікті ағымын (басқа да нозологиялық аурулар бойынша) COVID-19 ауруына күдікті пациенттермен қиылысуын болдырмай бөлуді.

 

12.6 Босанатын әйелдер босандыру ұйымына, сондай-ақ көп бейінді стационарларға COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар өмірлік көрсеткіштері бойынша шұғыл көмек көрсетуді қажет ететін пациенттер түскен кезде медициналық көмекті жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып, эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, оқшауланған үй-жайда көрсетуді қамтамасыз етсін. Пациентте COVID-19 диагнозы расталған кезде медициналық көмек көрсетуге тартылған персонал үй карантинінде оқшаулауға және COVID-19-ға зертханалық тексеруге жатады. Оң нәтиже болған жағдайда жұмыстан шеттетіледі және емдеуге жіберіледі, теріс нәтиже болған жағдайда өз қызметтік міндеттерін одан әрі жалғастырады және 14 күн бойы медициналық бақылауға жатады.

 

12.7 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 31-қосымшасына сәйкес COVID-19-ға зертханалық тексеруді.

 

12.8 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 31-қосымшасына сәйкес күдікті науқастардан материалды қауіпсіз алуды ұйымдастыруды.

 

12.9   Инфекциялық, карантиндік, провизорлық және басқа да медициналық ұйымдарда эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтауды.

 

12.10  Провизорлық, карантиндік және инфекциялық стационарларда әртүрлі рейстерден, үй ошақтарынан келген байланыста болған, жұмыс (оқу) орны бойынша байланыста болған адамдар ағымының қиылысуын болдырмауды.

 

12.11 Қажет болған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын (еңбекке жарамсыздық парағы) үйде карантиндегі адамдар үшін медициналық ұйымдарға бармай ресімдеуді.

 

12.12   Жоспарлы медициналық қызметтер көрсетуді қалпына келтіруді.

 

12.13 Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19-бен ауыратын пациенттерді емдеу үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілігін.

 

12.14  Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 4-қосымшасына сәйкес, барлық медициналық ұйымдардың таза және лас аймақтарға бөле отырып, инфекциялық стационар қағидаты бойынша жұмыс істеуін.

 

12.15  Стационарлық денсаулық сақтау ұйымдарында карантинді сақтауды.

 

12.16  Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 32-қосымшасына сәйкес, медицина персоналының инфекциялық қауіпсіздігін.

 

12.17 Мәйіттерді ашу кезінде патологоанатомиялық қызмет, сот-медициналық сараптама саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда (аутопсия) эпидемияға қарсы шараларды сақтауды – өзін-өзі оқшаулаусыз жұмысқа шығу кезінде дене температурасын өлшеуді қоса алғанда, қызметкерлердің денсаулық жағдайын одан әрі бақылай отырып, жеке қорғаныш құралдарын пайдалануды.

 

12.18  Барлық денсаулық сақтау ұйымдарында пациенттердің барлық ағымының дене температурасын өлшеу үшін тепловизорлармен қамтамасыз ете отырып, шлюздер ұйымдастыруды.

 

12.19  Барлық денсаулық сақтау ұйымдарында COVID-19-ға жедел тестілеу жүргізу үшін үй-жайлар бөлуді және жарақтандыруды қамтамасыз етуді.

 

12.20   COVID-19-ға жедел тестілеуге арналған жедел медициналық жәрдем бригадасын жарақтармен қамтамасыз етуді.

 

12.21  Көп бейінді ауруханалардың қабылдау бөлімінде пациенттердің күнделікті ағымын хирургиялық және терапиялық бейіндер бойынша бөлуді.

 

12.22 Жедел медициналық жәрдем станциясының диспетчерлерін СОVID бойынша чек – парақ бойынша, эпидемиологиялық және биологиялық қауіпсіздік қағидалары бойынша, стандартты операциялық рәсімдерді (СОР) орындау, СОVID – 19 – ға күдікті науқасты тексеру чек-парағын пайдалану бойынша қашықтықтан триажға үздіксіз оқытуды.

 

12.23  Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 2-қосымшасына сәйкес, іс-қимылы COVID-19 күдікті науқастарды қараумен, тасымалдаумен, ошақтағы жұмыспен, емдеуге жатқызумен, емдеумен және оларға қызмет көрсетумен байланысты медицина қызметкерлерінің және персоналдың тиісті қорғау деңгейіндегі ЖҚҚ-ны пайдалануын бақылауды.

 

12.24  Денсаулық сақтау ұйымдары үшін COVID-19 эпидемиологиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы мәселелері бойынша семинарлар ұйымдастыруды және өткізуді.

 

12.25  COVID-19 кезінде эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу бойынша өңірдің медициналық ұйымдарының барлық қызметкерлерін толық қамту арқылы жеке қорғаныш құралдарын пайдалану бойынша нұсқама жүргізуді.

 

12.26  Клиникалық хаттамаға сәйкес тексеру үшін 3 күнге дейінгі мерзімге COVID-19 науқастарды инфекциялық стационарға жатқызуды. Симптомсыз вирус тасымалдаушылық кезінде (SARSCoV-2 ПТР РНК оң нәтижесі, өкпені аспаптық визуализациялау кезінде шағымдардың, клиникалық симптомдардың және патологиялық өзгерістердің болмауы) пациент емдеуші дәрігердің шешімі бойынша, бөлім меңгерушісінің келісімімен және Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық және қалалық басқармаларының эпидемиологының келісімі бойынша шығарылады.

 

12.27   Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 33-қосымшасына сәйкес, COVID-19 жұқтыру тәуекелі жоғары болған адамдар үшін оқшаулауды.

 

12.28   Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 34-қосымшасына сәйкес, клиникалық хаттамаға сәйкес COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарды оқшаулау жағдайлары болған кезде үйде карантинді және медициналық қадағалауды.

 

12.29   Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған жағдайда COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарды карантиндік стационарға жатқызуды.

 

12.30   Тұрғын үйдің үй карантинін ұйымдастыру үшін талаптарға сәйкестігін бағалауды.

 

12.31  Үйде медициналық бақылау жүргізуді және үй карантині талаптарының сақталуын бақылауды.

 

12.32   Шет елден келген адамдарды COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарға жатқызуды.

 

12.33 COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарды және шет елден келген адамдарды әртүрлі карантиндік стационарларға орналастыруды.

 

12.34  Медициналық персоналды карантиндік стационарларға олардың орын ауыстыруын болдырмай (COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарға арналған карантиндік стационарлардың медицина персоналын және шет елден/өңірлерден келген адамдарға арналған карантиндік стационарлардың медицина персоналын араластыруға жол берілмейді) бекітуді.

 

12.35 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 2-қосымшасына сәйкес, карантиндік стационарларының медицина персоналының 2-қорғау деңгейіндегі ЖҚҚ-ны пайдалануын.

 

12.36  СОVID-19 науқастарымен байланыста болған адамдарды СОVID-19-ға зертханалық тексеруді (ықтимал байланыс) және оларға СОVID-19 ықтимал симптомдары туралы түсіндіруді.

 

12.37  Үйде оқшаулау жағдайында 14 күн бойы COVID-19 науқастарымен байланыста болған (жақын байланыс) адамдарды зертханалық тексеруді (үй карантині) және медициналық бақылауды.

 

12.38  Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының ІV бөлімінің 26 тармағының 7 тармақшасына сәйкес,   СОVID-19 зерттеулерінің ПТР оң және теріс нәтижелері күмәнді жағдайларда, ретестілеу жүргізу.  

 

12.39 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 35-қосымшасына сәйкес халыққа профилактикалық егулер жүргізуді.

 

12.40  Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 31, 33, 34 қосымшаларына сәйкес байланыста болғандарды және симптомсыз вирустар тасымалдаушыларды медициналық бақылау және зертханалық тексеруді.

 

13. Қоғамдық тамақтандыру саласындағы 50 орыннан асатын кәсіпкерлік субъектілеріне (нысандарына):

 

13.1 Тұтынушыға дейін тауарды бір реттік орамда (тағамдарды, сусындарды және басқаларды) жеткізу арқылы ғана қызметті жүзеге асыру.

 

13.2 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 19-қосымшасына сәйкес Уақытша ережелер талаптарын жұмыста басшылыққа алу.

 

13.3 Персоналмен жұмыс кезінде бір рет қолданылатын қолғаптар мен бетперделердің пайдалануын қамтамасыз ету, бетперделерді 3 сағат сайын, қолғаптарды 2 сағат сайын ауыстыру есебімен, антисептикткалық құралдарымен және қолды жууға арналған құралдарымен.

 

13.4 Жіті респираторлық жұқпалары (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітуі және т. б.) бар қызметкерлерді жұмысқа жібермеу.

 

13.5 Кіру және шығу кезінде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату.

 

13.6 Нысананың барлық үй-жайларында, тағайындалуына қарамастан экспозиясы кемінде 30 минут бактерицидті шамдарды пайдалану, әрбір 2 сағат сайын тоңазытқыш және технологиялық жабдықтарды өңдеу. Тек қолғаппен жұмыс істеу.

 

13.7 Қызметкерлер штатын минимумға дейін қысқарту, күнделікті термометрия күніне 2 реттен кем емес. Кешке барлық арнайы киім жібітіледі және өңделеді, күнделікті арнайы киімді ауыстыру және объект қабырғасында өңдеу. Бір рет қолданылатын арнайы киімді пайдалану ұсынылады.

 

13.8 Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (немесе кемінде 6 сағаттан кейін) санитарлық-эпидемияға қарсы іс - шараларды жүргізуді қамтамасыз ету-қызметкерлер мен келушілерге арналған есіктердің, тұтқалардың, технологиялық жабдықтардың, үстелдердің, санитарлық тораптардың тұтқаларын дезинфекциялық салфеткалармен (немесе дезинфекциялық құралдардың ерітінділерімен) сүрту жолымен дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, үй-жайларды желдету және ылғалды жинау, кварцтау.

 

13.9 Өнімді жеткізу кезінде тұтынушымен байланысты болдырмау, алдын ала клиентті телефон арқылы хабарлай отырып (қақпау, қоңырау шалмау, қоңырау шалу түймелеріне тимеу), есіктің жанында өніммен себетті қалдырып, тұтынушымен байланыс жасамау.

 

13.10  Жоғарыда көрсетілген тармақтардың сақталуын қамтамасыз ететін объектіде жауапты қызметкерді бекіту.

 

14. Алматы облысының полиция департаменті қамтамасыз етсін:

 

14.1  Аумақтағы Бас санитарлық дәрігерлердің қаулысы бойынша науқастардың және байланыста болған адамдардың тұратын орындарын қоршап, оқшаулауды.

 

14.2  Жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, оның ішінде профилактикалық сипаттағы шараларды қолдануды.

 

14.3 COVID-19 науқастарымен байланыста болған және басқа өңірлерден келгендерді санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарынан мәліметтер беру бойынша іздеуді.

 

14.4  Қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермей, провизорлық, карантиндік стационарларды және үй карантиніндегі адамдарды күзетуді.

 

15.  Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 20-қосымшасына сәйкес пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйесі мекемелерінде санитарлық-дезинфекциялық режим алгоритмінің сақталуын қамтамасыз етсін.

 

16. Аудандық, қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларына қамтамасыз ету:

 

16.1 COVID-19 науқасынан COVID-19 жағдайының тіркелгені туралы хабарлама алған сәттен бастап 3 сағат ішінде сауалнама алуды.

 

16.2 COVID-19 жағдайының тіркелгені туралы хабарлама алған сәттен бастап 24 сағат ішінде эпидемиологиялық тергеп-тексеру картасын ресімдей отырып, COVID-19-дың әрбір жағдайын эпидемиологиялық тергеп-тексеруді.

 

16.3 COVID-19 науқастарымен бірінші (жақын) және екінші (жұмыс, оқу орны бойынша) байланыс дәрежесін анықтауды.

 

16.4 COVID-19 науқастарының ошақтарында эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізуді.

 

16.5 Жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес дереу шаралар қолдануды.

 

16.6 Халықты кепілді сападағы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдай отырып, сумен жабдықтау объектілерінің жұмысын бақылау.

 

16.7 Әкімшілік шаралар қолданусыз, халыққа берілетін су сапасының санитарлық-эпидемиологиялық мониторингі.

 

16.8 Шектеу режимінің сақталуын бақылау шеңберінде азық-түлік дүкендерін және тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдарын қадағалау.

 

17. Облыстың ішкі саясат басқармасы және бұқаралық ақпарат құралдары:

 

17.1 Үй жағдайында COVID-19 туындаған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алуға, жеке алдын алу шараларына және ауру жағдайында мінез-құлық тактикасына баса назар аудара отырып, түсіндіру-ағарту жұмыстарын күшейту.

 

17.2 Халық үшін ресми көздерден шынайы ақпаратты орналастыру (coronavirus2020.kz ескерту. anti-corona.kz және әкімдіктердің ресми сайттары).

 

18. Шаруашылық субъектілерінің (объектілердің) басшыларына, барлық жеке және заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне, жеке кәсіпкерлерге, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерге, меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, осы қаулының және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының талаптарын қатаң орындау.

 

19. Осы қаулы барлық мүдделі органдардың, ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.

 

20. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

21. Осы қаулы күшіне енген сәттен бастап Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 мамырдағы «Алматы облысының аумағында карантин және карантиндік шараларды босаңсыту туралы» № 12 Қаулысының күші жойылды деп танылсын.

 

22. Осы қаулы 2020 жылғы 1 маусым сағат 00:00 бастап (2020 жылғы 31 мамырдан 1 маусымға қараған түні) күшіне енеді.

 

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері   Қ.Баймухамбетов  

 

 

 
Файлы для скачивания:  Загрузить (1.99 МБ, pdf)

 

 

 

Published in Санаты жоқ

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында (ӘМСҚ) Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы өтті.

Іс-шараның өтуіне себепкер болған белгілі қазақстандық журналистер мен блогерлер – Қоғамдық кеңес мүшелері болды. Отырыс барысында Қор басшысы Айбатыр Жұмағұлов қазіргі таңда халықты толғандыратын келесідей сұрақтарға жауап берді: ӘМСҚ қаражатының жұмсалуы; эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын медицина қызметкерлерінің үстеме ақысы; КВИ-ға ПТР-тестілеуден сақтандырылған адамдардың өту мүмкіндігі жайлы тақырыптар қозғалды.

«Біз халықты ақпараттандыру және пациенттерден кері байланыс алу бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізудеміз. Осы мақсатта Қорымызда сапалы медициналық қызмет көрсетуді дамыту үшін, өзекті мәселелерді талқылауға арналған Қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамында жұмысты әділ бағалайтын түрлі салалардың тәуелсіз сарапшылары бар. Бүгінгі отырыс осыны растайды», – деп атап өтті Айбатыр Жұмағұлов.

Сонымен қатар, отырыста коронавирус індеті жағдайында медициналық ұйымдарды қолдау үшін ӘМСҚ-ның дағдарысқа қарсы шаралары қаралды. 

ӘМСҚ  Басқарма Төрағасы  «Қор коронавируспен күреске және одан әрі қаржыландыру тактикасын анықтауда, медициналық қызметтерді жеткізушілердің қаржылық тұрақтылығын анықтау үшін талдау жүргізді. Біз медициналық ұйымдарды тұрақты қаржыландыруды және азаматтардың медициналық қызметтерді тұрақты алуын қамтамасыз ету үшін дағдарысқа қарсы бірқатар белсенді шараларды іске асырудамыз», – деді.

Үкіметтің қаулысымен COVID-19 алдын алу жөніндегі іс-шараларға республикалық бюджеттен қаражат Қор арқылы жүргізілді, себебі медициналық қызметтерге ақы төлеудің пысықталған тетігі болды. Жалпы эпидемияға қарсы іс-шараларға 55,9 млрд теңге қарастырылған. Бұдан басқа, КВИ бойынша қосымша іс-шараларға 23,4 млрд теңге бөлінді.

Қоғамдық кеңес мүшелері бірқатар мәселелерді көтерді. «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ Басқарма төрағасы Абай Байгенжин Қордың жұмысын атап өтті.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тек алғашқы қадамдар жасағанын ескере отырып, осындай қысқа уақыт ішінде оң нәтижелерге қол жеткізді деп ойлаймын. Қазақта: «Көш жүре түзеледі» деген сөз бар. Мен Қорға осы жолында табыс тілеймін. Біз Қоғамдық кеңес мүшелері ретіндегі көздеген мақсатымыз, ӘМСҚ-ның дұрыс және үдемелі бағыт бойынша жүретініне сенімді болу», – деді медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик Абай Байгенжин.

 Отырыс қорытындысы бойынша кеңес ӘМСҚ жұмысына оң баға берді және оның медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті.

Қоғамдық кеңес мүшелеріне жекелей тоқталатын болсақ, құрамына денсаулық сақтау саласының сарапшылары Мақсұт Құлжанов, Абай Байгенжин, Юрий Пя, Нұрлан Батпенов, Серік Ақшолақов, сондай-ақ саясаттанушылар, экономистер, қоғамдық пікір көшбасшылары мен журналистер Айдос Сарым, Игорь Шахнович, Игорь Неволин, Расул Рысмамбетов, Расул Жұмалы, Марат Қайырбеков, Андрей Чеботарев және басқалар кірді.

Анар САБЫРОВА

Published in Санаты жоқ
Дүйсенбі, 01 Маусым 2020 10:03

ҚОС ҚАСҚЫР

Баяғыда бір қарт кісі немересіне:

–       Әр адамның бойында қос қасқырдың таласындай үздіксіз арпалыс болады. Қасқырдың бірі жамандықты: қызғаныш, өкініш, менмендік, қулық, қастықты білдірсе, енді бірі жақсылықтың: адамгершілік пен сүйіспеншіліктің, сенім мен мейірімнің нышаны, – деген екен.

Ата сөзінің тереңіне үңілген немересі:

–       Түбінде қасқырдың қайсысы жеңеді? – деп сұрапты.

–       Өзіңнің асыраған қасқырың жеңеді, әрине, – деген екен ақсақал жымия.

 

Өз бойыңыздағы қай «қасқырдың» семізірек екенін білесіз бе?

Аударған: Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Published in Әдебиет
Дүйсенбі, 01 Маусым 2020 09:33

БАЛА ҮРЕЙМЕН ӨСПЕСІН

Қорқыныш, үрей, уайым. Мұның бәрі ес кіріп, есейгенде пайда болады деген ойдамыз көпшілігіміз. Балалық шақ уайым-қайғысыз, кіршіксіз таза көрінеді. Бірақ бұлай ойласаңыз, қатты қателесесіз.

Кез келген психологтан сұрасаңыз, біздегі барлық қорқыныштың негізі, бастауы бала күнімізден бойымызға жиналатынын айтады. Біз бұл өмірге аппақ парақтай кіршіксіз таза күйде келеміз. Бірақ алғашқы қорқынышты кіндігімізді кескен кезде-ақ сезінеді екенбіз. Кішкентай сәби үшін сәл қатты шыққан дауыс былай тұрсын, оның киімін ауыстыру да шақалақты уайымға салып, үрейлендіретінін көрінеді. Ал одан кейін балалар жығылып-сүрінуден, қараңғыдан, жалғыз қалудан қорықса, алты-жеті жасқа жеткенде өлімнен қорқу сияқты уайым пайда болады екен.

Балалар қорқынышының психологиясы турасында сөз қозғағанда олардың биіктен, ыстықтан, суықтан, тереңнен, жануарлардан, қаннан қорқатынын айтамыз. Ал сіз балаңыздың «Сіздің көңіліңізден шықпай қаламын ба?», «Тапсырмаңызды орындай алмай қаламын ба?», «Мені тастап кетпей ме?», «Жақсы көрмей қалмай ма?» деп қорқатынын білесіз бе? Баланы басқа емес, дәл осындай ойлар көбірек уайымға салады екен. Сіз – балаңыз үшін ең сенімді адам, ең қауіпсіз орын, арқа сүйер қорғанысыз. Сондықтан да сіздің айғайлап, қол көтеруіңіз – балаңыз үшін ең үлкен соққы болмақ. Мұны ескере бермейміз. Барлығымыз: «Бала менікі. Қалай тәрбиелейтінімді өзім білемін», – деуден танбаймыз. «Бала – Алланың бізге берген аманаты» дегенді тағы ұмытамыз. Оған жақсы тәрбие беру, өсіріп-қанаттандыру – ата-ананың парызы. Бірақ бала – біздің меншігіміз емес. Сондықтан өзімбілемінге салмай, баланың болашағын ойласаңыз, оның бойына қорқыныштың қордалануына жол бермей, мейіріммен өсірудің маңызы мол.

 

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

 

 

Published in Мақалалар
Дүйсенбі, 01 Маусым 2020 09:12

БАРЛЫҒЫ БАЛАЛАР ҮШІН

Ауданның білім бөліміне қарасты 84 мектепте балаларды қорғау күніне орай мемлекеттік саясатты балалардың мүдделері үшін іске асыруға және олардың құқықтарын қамтамасыз етуге қоғамның назарын аудару мақсатында «Барлығы балалар үшін» ұранымен республикалық акция басталды. 20 мамыр 20 маусым аралығында өткізілетін акция барысында түрлі фестиваль-конкурстар, анимациялық шоу, акциялар, сахналық қойылымдар қашықтықтан әртүрлі форматта ұйымдастырылады. Сондай маңызды оқиғалардың бірі болып табылатын, тұңғыш ашық әнші балалар фестиваль-конкурсы 1-2 маусым аралығында өнерлі отбасы байқауларымен ұштаспақ.

Ерекше назар қиын жағдайдағы балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедек балаларға, аз қамтылған отбасындағы балаларға аударылады.

Акцияны балаларға арналған іс-шаралар өткізуді қамтитын 7 тақырыптық блоктарда өткізу ұсынылады. Атап өтсем, «Бала және отбасы», «Балаға мейірімді қала», «Бала құқығы – адам құқығы», «Нұрлы жол – болашаққа бастар жолым!», «Балалық шақты қорғау қоғамы», «Табысты болу құқығы» және «Құқықтық сағат». Аталмыш тақырыптар аясында түрлі іс-шаралар балалар игілігі үшін ұйымдастырылады.

Сөз соңында ел ертеңіне ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілеймін.

 

Бәтес АМАНОВА,

білім бөлімінің басшысы

Published in Санаты жоқ
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет