Биылғы жыл талап басқа, алайда, тілек бір: жас буынды елін, жерін сүюге үндеу, бос уақытын тиімді пайдалануға ықпал ету. Бұл мемлекеттің басты назарында. Осы ретте, дәстүрлі «Ұлт рухы» байқауы биыл онлайн форматта ұйымдастырылды. Қолдау білдірген – аудандық ішкі саясат бөлімі, ұйытқы болған – «Мәңгілік Ел тұғыры» қоғамдық қоры мен аудандық жастар ресурстық орталығы. Артықшылығы сол, былтырғы жылы аталмыш байқауға 11 жас қатысса, биыл қатысушылар саны 23-ке дейін өсті. Олар белгіленген ереже бойынша видеосын ұйымдастыру алқасына ұсынды. Нәтижесінде, жеңімпаздар анықталып, арнайы…