Сәрсенбі, 25 Қараша 2020 14:53

Сатып алғалы жатқан пәтерді қалай тексеруге болады?

Сатып алғалы жатқан пәтерді қалай тексеруге болады? Сурет интернеттен алынды

Жарнама мен делдалдың көмегімен екінші деңгейлі нарықтан бағасы қолайлы пәтер таптыңыз делік. Сатушымен келісіп, үйді көруге бармақсыз. Ең алдымен не нәрсеге мән беру қажет? Жаңа пәтерді мынадай 5 критерий бойынша тексеріп көрсеңіз болады.

 

Критерий Мәселелер Нені тексерген дұрыс?
Қабат Бірінші қабатта — жертөленің дымқылдығы, көшеден келетін иіс пен шуды бақылап, ұрылардан сақтану шараларын жоспарлау керек. Жертөлені, үй тұрған ауданды, үй ауласының тазалығын тексеріңіз.
Ең жоғарғы қабатта — шатырдан су ағуы мүмкін Шатырды қашан соңғы рет жөндеуден өткізгенін сұраңыз. Қабырғаларды қарап көріңіз, егер шатырдан жиі су ағатын болса дымқыл не судың ізі тұрады.

 

Су ағызып көріңіз — жоғарғы қабаттарда әдетте су ақырын ағады, не ыстық су жетпей, тек мұздай су ағады.

Жарық Оңтүстік Жылы жақ. Бөлме гүлдеріңіз бен аквариумыңыз болса тұруға ыңғайлы.
Солтүстік Егер бөлме ішіндегі әлсіз қараңғылықты ұнатсаңыз қолайлы.
Батыс-шығыс Таңертең және кешке күн барлық пәтерді жарықтандырып тұрады.
Қабаттағы пәтерлер саны Төртеуден көп болғаны жаман Шулы әрі тар болғандықтан, көршілермен сыйысып өмір сүруге тура келеді.
Қабырға мен лифт Қабырға мен лифт шахтасы жалғасып кеткені жаман Лифттің жүргені пәтерге қалай әсер ететінін тексеріңіз, себебі кейде даусы қатты шығып, тыныштық бермеуі мүмкін.
Көршілер Көп болғаны жаман Көршілер көп болған сайын пәтер шулы бола түседі. Мүмкіндік болса, қабырғалас, я қабаттас көршілердің шарапқа құмарлары бар-жоғын бақылаңыз.

Өзіңіз тұратын ауданды тексеріп көріңіз

 

Пәтерді көруге бара жатқан кезден бастап оның қандай ауданда орналасқанын бір бақылап шығыңыз. Тұрғын үй тұрған территорияның жағдайына мән беріңіз:

  • Ауаның тазалығы;
  • Балалар алаңының жайы қалай? Аула таза болу керек;
  • Есік алдында отырған әжелерді әңгімеге тартыңыз, себебі олар үй сатушы айтпаған «тың деректерді» жайып салады. Дегенмен, олардың сөзіне көзсіз сене берудің қажеті жоқ;
  • Көлік қозғалысы қаншалықты ыңғайлы екенін, автотұрақ болуын назарда ұстаңыз;
  • Жақын маңда мектеп пен балабақша болуы керек;
  • Аулада ағаштар мен аллеялар болғаны жақсы.

Пәтерді тек күндіз жақсы жарықта көру керек, себебі бөлменің қаншалықты жарық екенін сол кезде көруге болады. Кешкі қараңғылық бөлмедегі жарықтар мен кемшіліктерді көрсетпей қойғандықтан күн батқан соң пәтер көруге бармағаныңыз дұрыс.

Дұрысы, ұялы телефоныңызға барлық көрген кемшіліктерді түсіріп алыңыз. Барлық пәтерді аралап, алғашқы әсеріңіз басылған кезде кемшіліктерді салыстырып қарауға болады. Терезеден не көрінетініне мән беріңіз — қай бағытқа қарай шығады, алаңқайда не тұр? Егер балаңыз болса, балалардың ойын алаңы көрініп тұруы маңызды.

Пәтер бөлмелерінің орналасуы

 Пәтердегі бөлмелердің орналасуын талғамыңызға байланысты таңдайсыз. Дегенмен, бөлмелері ыңғайлы орналасқан пәтерді қалай таңдағанда мыналарды ескеріңіз:

  • Егер пәтер екі бөлмелі болса, бөлмелер бөлек орналасуы керек;
  • Бір бөлмелі пәтер жарық болу керек;
  • Бөлмелердің кіріп-шығу ыңғайлылығы, арасындағы дәліздердің кеңдігін қараңыз;
  • Әжетхана мен жуынатын бөлме бөлек болғаны ыңғайлы, ал біріккені көп жерді алмайды. Өзіңізге не маңызды екеніне байланысты таңдаңыз.

Мамандардың кеңесі бойынша, отбасы үшін екі кең бөлмелі пәтерден гөрі, шағын, бірақ үш бөлмелі пәтер алған дұрыс. Бұл келешекте адам санына байланысты қайтадан көшіп жүрмес үшін дұрыс таңдау болуы мүмкін.

Пәтердің инфрақұрылымын қарап шығыңыз

Техникалық инфрақұрылым — жөндеудің ең қымбат бөлігі. Пәтердің төбесін көріп, электрсымдардың қалай орналасқанын сұраңыз да, сантехника мен жылыту құбырларының жайын сұраңыз. Вентиляция мен шусыздандыруды тексеруді де ұмыт қалдырмаңыз. Терезе мен бұрыштарға көз салыңыз: егер бөлме дымқыл болса, онда көгерген зең басып тұрады. Пәтер бұған дейін жалға беріліп келсе, үйде сатып алған соң кілтті ауыстыру қажет. Одан бөлек, пәтерде есептеуіш бар-жоғын, бар болса соңғы рет қашан тексерілгенін көріңіз.

Саудаласуға себептер

Алғалы жатқан пәтерде мынадай кемшіліктер болса, саудаласып, үйді төмен бағада алуыңызға болады.

  • «Қауіпті аудан». Үй маңында бөтелке пен ине жатуы мүмкін. Ол пәтерді сатып алу-алмау өз еркіңізде. Бірақ осындай көршілер — бағаны түсіруге жақсы себеп бола алады;
  • Қабырға суық әрі дымқылданған;
  • Бұрышта орналасқан, не бірінші қабаттағы пәтер;
  • Балкон ескі, қауіпті және әйнекпен жабылмаған болса, пәтерге келетін шаң мен шуды желеу етіп бағаны түсірсеңіз болады.

 

7kun.kz

Оқылды 309 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Тігіншілерге керемет кеңес Шардан абажур жасаңыз »

Соңғы жаңалықтар

Қаң 15, 2021

Алматы облысының 2021-2025 жылдарға…

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен облыстық мәслихаттың VII…
Қаң 15, 2021

Асқар Мамин ҚР Премьер-Министр болды

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысы лауазымына Асқар Мамин…
Қаң 15, 2021

Бүйрек жұмысын нашарлататын не?

Бүйрек ауруларымен ауыратындардың саны жыл санап өсіп келеді. Әрі бүйрек аурулары –…
Қаң 15, 2021

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс Төрағасы…

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин Мәжіліс Төрағасы…
Қаң 15, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев VII…

Мемлекет басшысы сессияға қатысушыларды сайлаудың аяқталуымен құттықтап, жаңа құрамдағы…
Қаң 15, 2021

Еліміздің өркендеуіне қажетті…

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің өркендеуіне қажетті көптеген міндеттер мен…
Қаң 15, 2021

Алматы облысында « Жетісу әдеби…

Тұяғынан от ұшқан тұлпар уақыт жетегіне алған тағы бір жыл мәреге жетті. Қойнауына…
Қаң 13, 2021

Партияның 2021 жылға жоспары…

Бүгін Еңбекшіқазақ ауданы «Nur Otan» партиясының бірінші орынбасары Байғоджаев Қуат ПБК…
Қаң 13, 2021

Сайлау нәтижесі талқыланды

Бүгін Еңбекшіқазақ ауданы «Nur Otan» партиясының бірінші орынбасары Байғоджаев Қуат өткен…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2021 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет