Сәрсенбі, 11 Қараша 2020 15:06

Мұны әр бикеш білуі керек!

Мұны әр бикеш білуі керек! Сурет интернеттен алынды

Төмендегі кеңестердің керегіңізге жарарына күмәніңіз болмасын. Оларды тәжірибеңізге енгізіп, жақындарыңызбен бөлісіңіз.

  1. Сақинаның ішін тырнаққа арналған түссіз лакпен бояп қойсаңыз, саусақта сақинаның ізі қалмайды.
  2. Пемзамен киіміңізді қыл-қыбырдан тазалаңыз.
  3. Қол сөмкелерін пердеге арналған ілгекке ілуіңізге болады. Бәрі қаз-қатар жинақты тұрады.
  4. Ақ шарап қызыл шараптан қалған дақты кетіреді. Сондықтан да киіміңізді қызыл шараппен былғап алсаңыз, тезірек үстінен ақ шарап құйыңыз. Сонда еш дақ қалмайды.
  5. Бірнеше кілттің ішінен керектісін оңай табу үшін тырнаққа арналған түрлі лактарды пайдаланыңыз.
  6. Шарапты қатырылған (мұздатылған) жүзіммен суытуға болады. Сонда шарап су татып тұрмайды.
  7. Магнит таспасын шашқа тағатын ұсақ түйреуіштерді жинау үшін қолданыңыз.
  8. Жуынатын бөлмедегі есіктің ішкі бетіне ілгек қағып, шаш кептіретін, бұйралайтын керек-жарақтарыңызды іліп қоюыңызға болады.
  9. Қасық-шанышқы салатын ескі лотоктарды әшекей бұйымдарды салуға қолданыңыз.
  10. Орамалдар мен мойынорағыштарды киімілгішке іліңіз.
  11. Аяқкиімнің жағымсыз иісінен арылу үшін ішіне ас содасын себіңіз. Ол жағымсыз иісті ғана емес, түрлі бактерияларды да жояды.
  12. Шарап бөтелкесінің тығындарын тізбектей қатарластыра қойып, тақта жасауға болады. Ескертпелеріңізді жапсырып қоюға өте ыңғайлы.
  13. Етіктердің қонышы майысып, сынып кетпесін десеңіз, ілгішке іліп қойыңыз.
  14. Кірпік бояуы оңай жағылуы үшін щеткасын жылы суға салып алыңыз.
  15. Шашқа немесе киімге жабысқан сағызды оңай алу үшін мұзды қолданыңыз.

 

Дереккөз : anabol.kz

Оқылды 2739 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Үтіктің табаны күйсе... Тігіншілерге керемет кеңес »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет