Жұма, 23 Қазан 2020 11:18

Аспириннің сіз білмейтін пайдасы

Ацетилсалицил қышқылын қолданудың қай-қайсымызға да қажет болуы мүмкін 10 әдісін ұсынамыз.

  1. Безеулермен күресуге көмектеседі

Қабынуға қарсы қасиетінің арқасында аспирин теріні тыныштандырып, безеуді кішірейтеді. Ол үшін аспириннің 2-3 таблеткасын (қабықшасыз болғаны маңызды) ұнтақтап, лимон шырынымен араластырамыз. Қосындыны безеуге жағып, бір минут шамасында ұстаңыз. Артынша жуып тастаңыз. Бұл  қоспаны күнге шығар алдында қолдануға болмайды.

  1. Жәндіктер шаққанда пайда болатын қышуды басады

Сонымен қатар аспирин маса шаққанда пайда болатын ісіну мен қышынуды басады. Қабықшасыз аспирин таблеткасын сумен араластырып, шаққан жерге жағып, бірнеше минутқа қалдырыңыз.

  1. Беттегі саңылауларды кішірейтеді

Аспирин май бездері секрециясын қалыпқа келтіреді. Нәтижесінде терідегі саңылауларды кішірейтіп, бет терісі тегіс әрі жарқырай түседі. Ол үшін мына масканы жасап көріңіз.

  • Аспириннің қабықшасыз 7 таблеткасы
  • 3 ас қасық табиғи йогурт не қаймақ
  • 1 ас қасық бал

Масканы таза теріге жағып, 3-5 минут көлемінде ұстаңыз. Мұнан соң сумен жуыңыз.

  1. Қайызғақтан арылтады

Қайызғақ тек көркіңізді бұзып қана қоймай, қышуы себепті жайсыздық тудырады. Одан арылу үшін,аспириннің 2 таблеткасын ұсақтап, өзіңізге жеткілікті мөлшердегі сусабынмен араластырыңыз.

  1. Эксфолиант ретінде қызмет етеді

Ацетилсалицил қышқылы терідегі өлі жасушаларды жояды. Эксфолиант дайындау үшін екі таблетка аспиринді сумен араластырыңыз. Қоспаны теріге жағып, бірнеше миутқа қалдырыңыз. Артынша бетіңізді уқалап, сумен жуып тастаңыз. Егер теріңіз сезімтал болса, мұндай эксфолиантты абайлап қолданыңыз. Ол теріңіздің тітіркенуіне алып келуі мүмкін.

  1. Аяқтағы мүйізгектерден арылуға көмектеседі

Бұл таблеткалар, тіпті, табан терісін жұмсарта алады. Себебі қышқыл қабыршақтанған теріні тамаша кетіреді. 7 таблетка аспиринді ұнтақтап, 1 ас қасық лимон шырынымен араластырыңыз. Қоспаны табаныңызға жағып, 10 минутқа жылыда ұстаңыз. Одан кейін қиындық тудыратын жерлерді кеуектаспен ысқылаңыз.

  1. Зақымдалған шаштарды қалпына келтіреді

Аспирин шашңызға да пайдасын тигізеді. Ол шашыңызды тегіс әрі жарқыраған етеді. Оған қоса бояғаннан кейін түсін сақтауға көмектеседі. Бір шыны жылы суда аспирин блистерін ерітіңіз. Шашыңызды жуған соң дайындалған масканы жағыңыз. 15 минутқа қалдырып, жуып тастаңыз.

  1. Киімдегі терден қалған дақты кетіреді

Терден қалған дақтар себепті жарамсыз күйге түскен киіміңізге аспирин екінші өмір сыйлайды. Аспириннің бір таблеткасын жылы сумен араластырып, дақтарға жағып, бір түнге қалдырыңыз. Мұнан соң киіміңізді жуыңыз. Нәтижесінің қуантары анық.

  1. Жуыну бөлмесіндегі сабын дақтарын ерітеді

Сабын дақтарын ысқылаудан шаршағандар үшін тамаша әдіс бар: 5 таблетка аспиринді ұнтақтап, тазартуға арналған құралмен араластырыңыз. Қоспаны сабын дақтарына жағып, жарты сағатқа қалдырыңыз. Мұнан кейін оларды ысқышпен оңай сүртіп аласыз.

  1. Кесілген гүлдердің өмірін ұзартады

Құмырадағы суға аспириннің 1 таблеткасын қоссаңыз, гүл шоғы ұзақ жайқалып тұрады. Ол дәрінің судағы pH-ты өзгертіп, бактериялардың көбеюін баяулатуымен байланысты. Бұл әдіс, әсіресе, раушан гүлі үшін тиімді.

Ұсынылған кеңестерді қолданар алдында терапевт немесе дерматолог маманмен ақылдасуға кеңес береміз.

Оқылды 1146 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Тустукбаев Бағлан Ахихатұлы, 1989 жылы 7 сәуірде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Әділхан Азамат Әділханұлы, 1993 жылы 11 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келдім.…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет