Сәрсенбі, 14 Қазан 2020 09:32

Нұр-Сұлтанда карантин шектеулері енгізіледі

Нұр-Сұлтанда карантин шектеулері енгізіледі google.kz

14 қазаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жанна Пірәлиеваның Қаулысы жарияланды.

Бұл Қаулыға сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту бөлімі, мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпорындар, кәсіпкерлік субъектілері келесі талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

- меншік нысанына және жұмыс істейтіндердің штаттық санына қарамастан, барлық ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 60% қашықтықтан жұмыс істеуге көшіруі қажет;

- бизнес-орталықтардың (адвокаттық, нотариустық, бухгалтерлік, консалтингілік, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктердің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының, туроператорлардың, азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен заттарды өткізу жөніндегі бутиктер (бөлімдердің) санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қызмет етеді. Демалыс күндері оларда орналасқан азық-түлік емес тауарлар мен заттарды сататын бутиктердің (бөлімдердің) жұмысына тыйым салынады;

- қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысын (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) орналасқан жеріне қарамастан, ғимараттың ішінде және жазғы алаңда 30-дан аспайтын отыратын орын мен көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және бір үстелге 4-6 адамнан аспайтындай етіп отырғызып, күшейтілген санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесі жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін белгіленеді. Осы қаулыда белгіленген уақыт өткеннен кейін келушілердің тамақтану залында болуына тыйым салынады. Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады;

- бассейндерді іске қоса отырып моншалардың, сауналардың (бір келушіге 4м2 есебімен, бір мезгілде келушілердің саны нысан сыйымдылығының 30%-нан аспауы қажет) қызметі күшейтілген санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін және демалыс күндері сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша) белгіленді.

Қаулы талаптарының сақталуына бақылауды Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жүзеге асыратын болады.

«Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті... Қаулы 2020 жылғы 14 қазаннаң бастап күшіне енеді», - делінген Ж.Пірәлиеваның қаулысында.

Оқылды 15682 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Тустукбаев Бағлан Ахихатұлы, 1989 жылы 7 сәуірде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Әділхан Азамат Әділханұлы, 1993 жылы 11 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келдім.…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет