Сейсенбі, 29 Қыркүйек 2020 15:13

Сенімге селкеу түсірмеу үшін...

Қазіргі уақытта Америка құрама штаттарының астанасы Вашингтон қаласында 1 млн-ға жуық халық тұрады екен. Ал ондағы мемлекеттік қызметкерлер саны жүзге жетпейді. Яғни, азаматтық қоғам институттарына басымдық берілген. Мұндағы ішкілік жұмыстардың бәрін қоғамдық қорлар атқарады. Бұл өз кезегінде ыңғайлы әрі халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуда жемісті. Мемлекет басшысының азаматтық қоғамды дамытудағы тапсырмалары да осынау межені бағындырудың баспалдақтары десек артық емес. Тіпті Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында онлайн-петициялардың бірыңғай заңды институтын құру қажеттігін ашық айтты. «Азаматтарымыз реформаларға бастамашы болып, ұсыныстар беру үшін онлайн-петициялардың бірыңғай заңды институтын құру қажет. Мұндай құрылым қан-дай да бір бұрмалау әрекеттерінен толық қорғалуы тиіс. Үкімет азаматтық қоғаммен бірлесіп, осы маңызды жобаның нормативтік-құқықтық базасын әзірлеуге және оның барлық техникалық мәселелерін шешуге тиіс» деді.

Алаңдатары сол, азаматтық қоғам институттары осынау Президент артқан сенімнен қаншалықты шыға алады? Осынау сұрақ туындауы да тегін емес. Статистикаға сүйенсек, бүгінде еліміз бойынша 6000-ға тарта қоғамдық қорлар бар. Оның нақты жұмыс атқаратыны жартысына жетер-жетпес. Қалғаны құжатта бар, істе жоқ. Бұл – бір. Екіншіден, қазір мемлекеттік тапсырыс шеңберінде құжат айналымы электронды. Бума-бума қағазбен конкурсқа қатысудың ауылы алыстады. Осы ретте қоғамдық қорлардың басым көпшілігі құжатта кемшілік жібереді. Кейіннен онлайн конкурсқа сын айтады. Демек, бұл да заңды меңгеруге тиіс екендігімізді айғақтайды. Ал Президент жүктеген сенім ауыр. Сенімге селкеу түсірмеу үшін бүгінгі азаматтық қоғам институттары серпілгені дұрыс. Себебі, заман кірпік қаққызбай өзгеріске түсуде.

Ендігі мәселе, ҮЕҰ-ды қолдау мақсатындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты өңірлерде тек бірқатар мемлекеттік органдар атқарады. Ішкі саясат, жастар саясаты мәселелері, әлеуметтік сала. Бұл аз. Сондықтан бұл іске мәдениет, спорт, дін істері, білім, және кәсіпкерлік басқармалары атсалысуы тиіс. Сондай-ақ өңір аралық кооперациялар саласында ҮЕҰ арасында әріптестікті нығайту қажет.

Шыны керек, Президент жүктеген межеден шығу үшін ҮЕҰ мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істеп, халықпен билік арасында алтын көпір болуы тиіс. Сонда ғана қоғамдағы өзекті мәселерді бірігіп шешуге қол жеткізілмек.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА

Оқылды 2644 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « От малой энергетики – большая польза «Сердце для жизни» »

Соңғы жаңалықтар

Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Тустукбаев Бағлан Ахихатұлы, 1989 жылы 7 сәуірде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Әділхан Азамат Әділханұлы, 1993 жылы 11 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келдім.…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет