Елдің ең үлкен байлығы – оның тәуелсіздігі. Еркін елдің таңы ақ, аспаны ашық, көңілі тоқ. Жоқшылық көрмей - тоқшылықта, бағынышты болмай - бостандықта өмір кешіп жатқан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне келесі жылы 30 жыл толады. Осыған орай арнайы логотип те бекітілген-ді.