Сәрсенбі, 07 Қазан 2020 11:11

Шаттыққа толы шаңырақ

Қайырымдылық – адамзат атаулыға ортақ аса қасиетті ұғым. Қоғамда қайырымды жандардың қатары артқан сайын, өмір ізгіліктің шуағына шомады. Бағы мен соры тең тайталасқан тірлікте мейірімді жүректердің жылуына мұқтаж жандар қаншама. Әсіресе, тастанды болған тағдырлар аялы алақандардың әлпештеуін аңсайды. Қамқорсыз қалған сәбилерге қорған болуға, отбасы жылуын сыйлап, бала асырап алуға бағыт-бағдар беруді көздеп, жетімдер үйін азайту мақсатында облыстық білім басқармасы 2016 жылы «Балалар үйінсіз Жетісу» атты жобаны қолға алған болатын. Көптеген жетім балалардың көз жасын сүрткен игі бағдарлама  бүгінде  өз жалғасын табуда.

Аталған бағдарлама аясында жақында Есік қаласында отбасы үлгісіндегі тағы бір балалар үйі шаңырақ көтерді. Аталмыш отбасылық балалар үйінің ашылуына Есік қаласы әкімі міндетін атқарушы Айдар Бошкулов, аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Әсел Молдасбаева, Абылай хан атындағы № 4 мектебінің директоры Ләйлә Тункаева, «Есік сәулет» ЖШС-ның директоры Ерік Абитов және Есік қаласындағы алғашқы отбасылық балалар үйінің иесі  Роза Есенова қатысты.

Отбасылық  үлгідегі балалар үйінің ашылуын  құттықтай келген қала басшысы Айдар Бошкулов, балаларды қанатына алған Ирина Ершованың  игі ісіне сәт-сапар тіледі. Сонымен қоса Ломоносов көшесіндегі №66 үйде орналасқан осы балалар үйіне жуық арада ақысыз газ тарту жұмысын өз міндетіне алатындығын айтты. Ал Абылай хан атындағы № 4 мектеп ұжымы отбасылық балалар үйіне теледидар тарту етті.

Аудандық білім бөлімінің маманы Алмагүл Дүйсебекованың сөзіне қарағанда, жаңадан  бой көтерген отбасылық үлгідегі балалар үйінде  қазір 7 жеткіншек бар. Олардың ойдағыдай өмір сүруіне  мемлекет тарапынан арнайы қаржы бөлінген. Бұл – Есік қаласында ашылған отбасылық үлгідегі екінші балалар үйі. Бұдан бұрын Есеновтар отбасы 10 баланы өз қамқорлығына алған.

Отбасылық  жылу мен ана құшағын  аңсаған жәутең көздерге өз мейірімін төккен жандардың  да көкірек көгін көктеменің күніндей шуақ жайнап жатса керек. Осы ретте  жеті жетім баланы өз қамқорлығына алған  Ирина Ершова: «Бұлар жаны пәк періште ғой. Олар менен мейірім күтеді. Мен оларға барымды иіп беруге бармын. Балалар әлі-ақ өмірімнің бөлшегіне айналып  кетеді», – дейді.

Біз от басқан сезімдерден тағдыры талқандалған, өмір өзегінен тепкен өрімдей балалардың жүзінен қуаныш лебін байқадық. Енді олардың оттай ыстық отбасы, шаттыққа толы шаңырағы бар. Шерлі жүректердің күлімдеген көздерінен күллі әлем нұрланғандай әсерде қалдық. Ол үшін көкірегі зарлы көкөрімдердің көз жасын сүрткендерге мың алғыс.

               Ерзат  АСЫЛ

Оқылды 4076 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Тустукбаев Бағлан Ахихатұлы, 1989 жылы 7 сәуірде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Әділхан Азамат Әділханұлы, 1993 жылы 11 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келдім.…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет