Бейсенбі, 19 Қараша 2020 11:45

Шашыңыз тым жұқа ма?

Шашыңыз тым жұқа ма? Сурет интернеттен алынды

Әдетте, шашы қалың қыздар кез келген шаш үлгісін қиналмастан жасап жатады. Ал шашы жұқа арулар қандай шаш үлгілерін таңдағаны жөн және оларды қалай жасауға болады? Шашты қалың көрсетудің жолдары қандай?

Жұқа шашты қыздарға шаштың боб үлгісі жақсы жараса кетеді. Оны кекілдің кез келген түрімен де, кекілсіз де кестіруіңізге болады. Кекілсіз, шашты бір жаққа жіберсеңіз, шашыңыздың жұқа екені аса білінбейді.

Шаштың пикси үлгісі де жұқалықты жасырмақ. Бірнеше «қабаттан» тұратын шаштың бұл үлгісі айтарлықтай көлемді көрінеді. Ал оның ұзындығы елдің назарын бетке бұрмақ. Әдетте, иыққа дейінгі ұзындық классика саналады. Пикси үлгісі тік шаштан бастап, толқынды шаштарға да жараса кетеді.

Сатылап кесілген шаштың бірнеше қабатқа жіктелетін пішіні ғана емес, көлемі де қараған көзге үлкен көрінеді. Оған қасыңызға дейін түсетін ұзын кекілді қоссаңыз, қалыңдығы одан сайын арта түспек.

Шаш қию үлгілерімен қатар шашты жинау, яғни сәндеу үлгілері де шаш көлеміне көп әсер етеді. Әдетте, жұқа шашқа көлем беру үшін оны астынан тарақпен әбден «түтеді» (начес). Дегенмен, бұл әдістің шашты тез «құртатынын» есіңізден шығармаңыз. Сондықтан оны жиі жасауға болмайды.  Сонымен қатар шашқа көлем беру үшін шашты бос өріп, қараған көзге қалың қылып көрсетеді. Әр өрімді екі жаққа тартып, босата отырып, оны әлдеқайда көлемді етуге болады.

Стилистер шашыңызды кептіргенде еңкейіп тұрып кептіру де біраз көмек болатынын айтады. Демек, шаш аздап болсын, көтеріліп тұрады. Сондай-ақ бұл эффект ұзаққа жетуі үшін термоқорғаныс спрейін қолдануыңызға болады.

Шаштың арасына арнайы заттарды қоса түю, бос өріп, әдемілеп жинау да шашқа көлем береді.

Табиғи шашыңыз тым жұқа болса, қатты қапаланудың да қажеті жоқ. Шашқа түрлі маска жасап, оны түбінен емдеп, қалыңдатуға да, ұзартуға да болады. Ал оған уақыт болмаса, жасанды жапсырма шаштардың да бар екенін ұмытпаңыз. Оны шаштараз мамандары ешкім біле алмастай, өзіңіздің табиғи шашыңызбен бірдей қылып жапсырып береді.

Шашты толқындатып бұйралау арқылы да оған біршама көлем беруге болады.  Әрине, бұйралай отырып, шаштың ұзындығын қысқартып алатыныңыз анық, десе де бұйра шаш әлдеқайда қалың көрінеді.

 

Дайындаған Құралай Мұратқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқылды 25272 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Құлақ тесерде қаперіңізде болсын

Соңғы жаңалықтар

Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы 1982 жылдың…
Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет