Жұма, 04 Қыркүйек 2020 05:13

Тоғызбайдың бойында тоғыз өнер

Тоғызбай Нұрсейітовтің өмірбаяны соғыстан кейінгі ұрпақтардың өмір жолына ұқсас та, ерекшелеу де. Ұқсастығы – орта мектеп бітіре салып, жоғары білім алуға бірден ұмтылғандардан гөрі екі-үш жыл еңбекке араласқан жастардың жұлдызы жанатын. Үш жылдай ұжымшарда қызмет етіп, ҚазҰУ-дің Заң факультетіне түсіп, заңгерлік мамандық алғаннан кейінгі қызметі де кәдімгідей сара жолмен жүргендей ойқыл-тойқылсыз. Қорғаушыдан бастап, тергеуші, аға тергеуші, прокурор көмекшісі, бірінші орынбасары, прокурор лауазымы. Ұйғыр, Шелек, Еңбекшіқазақ аудандарында, кейінірек Кеген, Шелек, Кербұлақ аудандарында, яғни, үлкен Алматы облысының жартысына жуық аумақта заңдылықты бақылап, еңбегін елге сіңіріп, зейнеткерлікке шықты.

Қызметтің жолында жүріп отбасын құруды да ұмытқан жоқ. Жұбайы Хабибамен Елмұрат, Ермек атты ұлдарды, Ләйлә есімді қызды бағып-қағып, жоғары білім алуға жағдай жасады. Әрқайсы өз жолдарымен қызмет етуде. Елмұрат – полиция полковнигі, облыстық көші-қон бастығы, Ермек – заңгер, кәсіпкер, Ләйлә банк жүйесінде, заңгер, немеренің алды Асыл да құқық қорғау жолын таңдады – полиция лейтенанты, Алматының Медеу ауданында. Түгелдей алғанда Нұрсейітовтердің заңгерлік династиясы деп айтуға әбден тұрарлық.

Ал бұл Тоқаңның әулетінің ерекшелігі болса, Тоғызбай заңгер-зейнеткердің өз бойындағы бір ерекшелігі – өнерге жақындығы.

Прокурор дегенде заң бұзылмауын күндіз де, түнде де бақылаудан қолы босамайтын, қабағы қатулы, жымиюды білмейтін жан елестер ме еді, қайтер еді. Қараторы қазақи келбетті Тоқаңның шыбын қонса аяғы сынып, мертігіп қалардай жылтыр қасқа басы өзінің көңілді жүретін әзілқойлығы басым мінезіне сай жарасымды колорит (бояу дегенім ғой) беріп тұр.

Бір жолы өзінен шені анағұрлым биік облыстық прокурордың алдында ән айтпақ түгілі сәлемдесуге именіп тұрған әріптестерінен суырылып шығып, жан тебірентерлік «Ана туралы жырды» қоңыр даусымен домбырамен орындап беріп, талай өткелден өткен, небір қиындықтарды, қатігездіктерді көрген прокурордың көзінен парлап жас ағызуға себепкер болған екен. Тұңғиық терең, өмірлік, пәлсапалық ойға толы жырымен. Жан-тәнімен беріле салған әнімен. Прокуратура генералы сұқ саусағын шошайтып «Осылай жалғастыр!» деп бұйырған екен Тоғызбайға. Менің генералдық шенім жоқ болса да, ағалық жолмен «Жетпісіңмен, Тоқа! – деймін, – Әнді, мәнді, сәнді өміріңді осылай жалғастыр».

Хайролла АХМЕТЖАНОВ,

Қазақ журналистикасының ардагері, ҚР Құрметті журналисі

 

P.S. Әншілік, көптеген музыкалық аспаптарда еркін ойнайтын қабілетімен қатар, өлең жазатын өнері де бар. Классикаға жетер жетпес, бірақ өміршеңдік өлеңдер...

Ақынның баспаға дайындап жатқан «Өмір өткелдері» кітабынан екі өлең ұсынып отырмыз.

   

 

Дін жолында

Мұсылман бол, басқа бол – бәрі адамдар,

Өтті ғой басымыздан не замандар.

Неше жыл қабағына қараумен орекеңнің,

Ұмытып та кеттік қой имандылық бар екенін.

Ішке сақтап, жалтақтаумен өмір кештік,

Дінсіздікке бас ұрдық, дұрыс дестік.

Намаз емес, бет сипасақ қудаланып,

Дінсіздіктің қажет болмай қалғаны анық.

Комсомолдан партияға қабылдандық,

Жалған түрде жоспарларды орындадық.

Имандылық болмаған соң еш адамда,

Барып жүрді имансыздар жат қадамға.

Елбасымыз Нұр ағаның бастауымен,

Бар мұсылман шын жүректен дедік «әумин».

Білгендей іштегі барлық ойды,

Мешіттердің жұмыстарын жолға қойды.

Діни оқу орындарын ашып беріп,

Имандылыққа бет бұруға берді ерік.

Өткен заман біздерден алыстады,

Әруақтарға құранымыз бағышталды.

«Өлі риза болмай, тірі байымас» дейді қазақ,

Дінімізден қалып едік айырылуға өзі аз-ақ.

Уа, пенделер! Тәубе дейік оралғанына дініміздің,

Қазақ болып, мәртебесінің өскеніне тіліміздің.

Қас дұшпандар дінді де бұрмалауда,

Сенімдіміз, оларда бір күн ілінер Алланың сұрағына.

 

*****

 

Өмір өткелдері

Өмірдің көп өткелі.

Өткелдерден өткенше,

Бақытқа біреу кенелер,

Біреулер болар өкпелі.

Бақ қонар-ау басыңа,

Қарамайды ол жасыңа.

«Басыма бақ қонды» деп,

Есірме, асып-тасыма.

Бақытқа біреу кенелер,

Өйткені олар кемеңгер.

Кенелу үшін бақытқа,

Терін төгіп келгендер.

Біреулер болар өкпелі,

Кімге айтады өкпені.

Қонған бақты басынан,

Тайдырып алған өйткені.

Айтпаймын мен де көп көргем,

Өткенмін біраз өткелден.

Ниетім жақсы болған соң,

«Таза» - деп ойлаймын «бетпердем».

Балалары, жандарым,

Ниетім таза болсын де.

Еңбек етем ерінбей,

«Басыма бақ қонсын» – де.

Бәріміз жұмыр жердеміз,

Құлшылық еткен пендеміз.

Еңбексіз келген дәулетке,

Жандарым мүлде сенбеңіз.

Еңбекпен келген дүние,

Артықшылық етпейді.

Ниеті таза пендеден,

Бақ та қашып кетпейді.

Ақылым тағы сендерге,

Болмаңдар құры бос кеуде.

Таразыға салып ойлаңдар,

Бір нәрсені істерде.

Жасамаңдар сараңдық,

Ойламаңдар арамдық.

Естеріңе сақтаңдар,

Жеңетінін адалдық.

Оқылды 154 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Тоғызбайдың бойында тоғыз өнер Даубай ақын »

Соңғы жаңалықтар

Қаз 24, 2020

10 правил ношения масок

10 правил ношения масок: 1. Перед тем как надеть маску, обработайте руки спиртосодержащим…
Қаз 24, 2020

«Жанұя» әлеуметтік орталығының елге…

Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға арналған "Жанұя" әлеуметтік орталығының жұмыс…
Қаз 24, 2020

Тоқаев: Қазақстан БҰҰ Жарғысының…

Қазақстан БҰҰ Жарғысының қағидаттарына адалдығын сақтайды. Бұл туралы Қазақстан…
Қаз 24, 2020

124 науқастың жағдайы нашар

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 869 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың…
Қаз 24, 2020

Медицина қызметкерлеріне үстемеақы…

Бүгін Алексей Цойдың төрағалығымен Денсаулық сақтау министрлігінің алқасы өтті, онда…
Қаз 24, 2020

Кадрлық резерв мүшелері Көктөбеде

Бүгін «Nur Otan» партиясы кадрлық резервінің мүшелері Көктөбе ауылында болып,…
Қаз 23, 2020

Азаматтарды қабылдады

Бүгін аудандық «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев жеке…
Қаз 23, 2020

Жолдау талқыланды

23 қазанда «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат…
Қаз 23, 2020

Биыл 1411 байланыс орталығы…

«Азаматтарға арналған үкіметтің» әлеуметтік-еңбек саласы бойынша 1411 бірыңғай байланыс…

Күнтiзбе

« Қазан 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет