Сейсенбі, 23 Ақпан 2021 16:17

«...Мұқағали Мақатаев бар мұнда!»

«...Мұқағали Мақатаев бар мұнда!» Сурет интернеттен алынды

«Бүгін менің туған күнім, ой  пәлі-ай,

Мына адамдар жатыр соны тойлап-ай».

Дәл бүгін тау тұлғаның туғанына тура 90 жыл толып отырғанда ақынның аталған әйгілі өлең жолдарын осылай өзгертіп жазсақ  та жарасады. Бірнеше жылдан бері ақын дүниеге келген ақпан айында оның есімін елеп, ел көлемінде туған күніне орай үлкенді-кішілі шараларды ұйымдастыру дәстүрге айналды. «Мен ХХІ ғасырдың құрдасымын. Бәлкім одан кейінгі ғасырлардың да құрдасы шығармын» деген сөздерді күнделігіне жазып кеткен шайыр өзінің шығармашылық ғұмырын дәл болжады. Оның өлеңдері қазіргі ғасырда да ел аузынан түспей жүр. Ал, әнге айналғандары қаншама!

9 ақпан күні ақынның  90 жылдық мерейтойына арнап  Қазақстан ауылы, Ж.Қайыпов атындағы орта мектебінде  «...Мұқағали Мақатев бар мұнда!» атты  әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Өлең мен ән қатар өрілген кешке келген көрермен Мұқағалидың рухымен сырласты. Сахнаның төріндегі Хантәңірі шыңы кескінделіп, ақынның «Мен – таулықпын» жырымен шымылдық ашылып,  Алатау биігінен қанатын қомдап ұшқан мұзбалақ Арқа төсіне қонғандай әсер етті. Концерттің басында мектебіміздің «Домбыра – дастан» ансамблі орындаған «Ата толғауы» күйі  жиналғандарға жігер берсе, одан кейін халықаралық байқаулардың жеңімпазы кішкентай бүлдіршін Бекжаннның шырқаған әні мен Кәусар, Алина, Арай, Дамирлердің әндері отырған көрерменді бір серпілтіп тастады. Оқушылардың ақын шығармашылығынан оқыған жырлары мен жыр перзентіне деген арнаулары қандай ғажап. Елена Әбдіхалықованың «Есіңе мені алғайсың» әнін Сымбат Мырзақанова шырқағанда балалық кезіміз есімізге түскендей.

Мұқағалимен бірге ең алғаш майталман музыкант Нұрғиса Тілендиев ән жаза бастап еді. Екеуі 35 күн бірге жүріп, 31 ән жазып тастаған екен. Кеште ақынның жырларымен қатар «Жоқ, дәрігер», «Шеше, сен бақыттысың», «Өмір», тағы басқа да шығармаларын мәнерлеп оқыған оқушылар көрерменді таңдай қақтырды. Сонымен қатар бұл кеште баса айта кетер жайт, Мұқағалидың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы желісімен 10-11 сынып оқушыларының қойған көрінісі қандай ғажап десеңізші. Бұл көріністен болашақ жастардың біліммен қатар өнерге деген құлшынысын байқағандаймыз. «Махандар жоқ, Махандардың сарқыты Мұқағали Мақатаев бар мұнда» депті бір өлеңінде ақиық ақын. Осы тұрғыдан алғанда «Жазылар естеліктер мен туралы» деп Мұқағали Мақатаев өзі жырлап кеткендей ақынға  арналған естелік кітабына мектеп директоры Мирамкул Мырзоянқызы мен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Дина Бейсбекқызы өз естеліктерін айтып, кеш бағдарламасына қисынды кіріктірілген кітапқа қолтаңбаларын қалдырды.

Концерттік бағдарлама соңында атсалысқан және өнер көрсеткен әр қатысушы алғыс хаттармен марапатталды. «Дәл Мұқаңдай қазақта ақын бар ма?» деп бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен халқына деген махаббатын поэзияда ғана емес өмірде де, күресте де, үлкен азаматтықпен қорғай білген М.Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емеc және оны жаттап, біліп жүру – біздің парызымыз. Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт игілігіне асыратын XXI ғасырдың жастары – біз мен сіз!  «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан-жылға, ғасырдан-ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали – мәңгілік өмір!

 

Нұргүл САБАҚАНОВА,

журналист, Ж.Қайыпов атындағы орта мектебі директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Оқылды 1573 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…
Сәу 15, 2024

Жанаргуль НИЕТАЛИЕВА,…

Тургенский филиал Иле-Алатауского ГНПП такие акции с участием школ Тургенского сельского…
Сәу 15, 2024

Алматы облыс әкімі Марат…

Облыстағы аталған бағыт аясында Жамбыл ауданындағы «Жамбыл Жабаев» мұражайы, «Таңбалы»…
Сәу 11, 2024

Аманаттықтар көмек қолын созуда

Алматы облысында су тасқыны болған өңірлерге көмек жинау қызу жүріп жатыр. Игі бастамаға…
Сәу 04, 2024

Ұлт саулығына төнген қатер

Денсаулық – бірінші байлық. Сондықтан саламатты өмір салтын ұстанып, деннің сау болуына…
Сәу 04, 2024

Әлеуетті мекеннің өрісі кең

Ауданымыз жер көлемі мен ел көлемі бойынша алдыңғы қатарда екені белгілі. Соған сай…
Сәу 04, 2024

Сатираның сардары

«Адамгершілігі жоқ қоғамның сатиригі хайуандар туралы мысал жазады. Уот тәк!» – деп…
Нау 29, 2024

Көктерек қашан «ауыл» болады?

Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет