Дүйсенбі, 22 Ақпан 2021 15:40

Естен кетпес кездесу

Кешегі Абай мен берідегі Қасымдардың жолын жалғастырған, болмысы бөлек, табиғаты таңғажайып Мұқағалидың шығармасына оқырманның ықыласы қай кезде де ерекше болмақ. Өйткені М.Мақатаев бүтін бір ғасырдағы қазақ поэзиясын биіктетіп кетті.

Ғасырдың ғаламат ақыны, Хантәңірінің мұзбалағы,  ақиық ақын М.Мақатаевтың туғанына биыл 90 жыл.

Бүгін менің туған күнім, ой, пәлі-ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?! – деп жырлап кеткен ақынның бүгінде туған күнін атап өту әрбір қазақтың дәстүріне айналған. Мұқаң жайлы жырламаған жүрек, жазбаған қалам, шертпеген ой жоқ шығар. Биылғы мерейтойын ерекше атап өту мақсатында Бәйдібек би ауылы Н.Островский атындағы орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы Меңтай Әділбайдың бастамасымен, директорымыз Әсем Қанағатованың  қолдауымен туған өлкесі Райымбек ауданы, қасиетті Қарасаз ауылындағы ақын атындағы мұражайға арнайы бардық. Оқушыларға рухани азық боларлық тың деректермен танысып келдік. Ақынның өлеңдерін тебірене жырлап, мұражайды көзбен көрген оқушылар алған әсерлерін қуана айтуда. Онымен ғана шектеліп қалмай, ақынның ұлы Жұлдыз Мұқағалиұлымен ақын атындағы қоғамдық қорды басқарып отырған келіні Бақытгүл Айдаровамен сұхбаттасуға арнайы Алматы қаласына барып, ұлының қара шаңырағында болдық. Ақынның көзін көргендей көкейіміздегі сауалдарды қойдық. 90 жылдық мерейтойға жоспарланып отырған М.Мақатаев атындағы қоғамдық қордың алдағы жұмыстары жайлы ой бөлісіп, керемет көңіл күймен қайттық. Мектебіміздің дарынды оқушыларының жатқа айтқан өлеңдеріне риза болған ақынның ұлы батасын беріп, жыр жинақ кітаптарын балаларға, мектеп кітапханасына қол таңбасын жазып, сыйға тартты. Бұл кездесудің өзі – біз үшін есте қаларлық тарихи сәт, үлкен бақыт. Осындай тарихи сәтке арқау болып, қолдау көрсетіп, мүмкіндік беріп отырған мектебіміздің басшысы Асем Иркенгожақызына айтар алғысымыз шексіз!

 

Майгүл Сатымбай,

Меңтай Әділбай,

Н.Островский атындағы орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері

Оқылды 1528 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 29, 2024

Көктерек қашан «ауыл» болады?

Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…
Нау 29, 2024

Аудан әкімі тағайындалды

Кеше аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХІХ сессиясында аудан әкімі лауазымынаТалғат…
Нау 29, 2024

Межелер пысықталып, жоспарлар…

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы…
Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет