Жұма, 05 Ақпан 2021 15:32

Қазақ жерінің қасиетіне тағзым еткен ХАС ТАЛАНТ

Мұқағали  поэзиясы кең дүниенің төсіне ғарыш көктен құйылып жатқан  ақ жауын іспетті. Сондықтан ақиық ақынның өлмес өлеңі өсер өркеннің  көкірегене  отансүйгіш рухтың  жасыл шынарын мәңгілікке  жайқалта бермек. Иә, Мұқағали поэзиясын жадына тұтқан жанның, қазақ даласының асқар тауы мен  ақжал өзенін аңсамауы, бір шымшым топырағын алтыннан артық бағаламауы мүмкін емес. Қалай десек те, Мұқағали өлеңдері туған жерді сүюдің қасиетті оқулығы тәрізді.

Ақиық ақының поэзиясы жер бетіндегі жыр сүйер қазақтың жүрегінің қағысымен бірге тулап жатқаны ақиқат. Өйткені ақын өлеңдерінде адам жаратылысына ортақ құндылықтар кестелі оймен келісім табады. Мен мұны Мұқағали поэзиясына сусындап өскен ұрпақтың өкілі ретінде сенімді түрде айта аламын.Соның ішінде адам жүрегіне ел мен жерді сүюдің асқақ алауын жағатын жұлдызды жырлар тым биіктен жарық шашады.

Отан!

Отан!

Сен болмасаң, не етер ем?

Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,

Өмірден бұл өкінумен кетер ем.

Өлең жолдарынан Отансыз өмір сүре алмайтын лирикалық бейнені көресіз. Яғни, саналы адам баласына Отан, туған жер, ел қаншалықты қымбат екенін бейнелейді. Оны лирикалық кейіпкер сөзімен «Отансыз жан өмірінде оңбайды, ондай адам болса, ол «Нағыз сорлы панасыз?» деп бейнелейді . Өлең бойына терең бойламай, көз жүгіртіп оқыған адамға өмірден түңілген лирикалық кейіпкер бейнесі көрінеді. Алайда, ақын түңіле, таусыла жырламайды. Керісінше, оқырманына ой салар салмақты идея тастайды. Оқырманын, кеудесінде қазақпын деп соққан жүрегі, бойында қазақтың қаны бар әрбір азаматын отансүйгіштікке тәрбиелейді.

Ақынның тұтас бір әлемге айналуы кез-келген таланттың, тіпті, кейде тегеурінді таланттың да маңдайына біте бермейтін құбылыс. Әрине, ақын тұтас бір шығармашылық әлемде бағы жанып, жолы болып кеткендіктен немесе әлдеқандай бір желеп-жебеушілердің қолынан тартып, қолтығынан демегендігінен айналмайды. Өйткені ақын ол шығармашылық әлемді өзінің талант, зейін-зерде, ілім-білім, маңдай тер қуатымен дүниеге әкеледі. Бұл тұрғыдан қазақ поэзиясына өлшеусіз үлес қосқан ақынның бірі М.Мақатаев деп атап айта аламыз.

 ...Батырлар дүбірлеп өткен жер.

 Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,

 Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.

 Сарылып сал-сері кеткен жер...

Өткен мен бүгінді, бүгін мен келешекті байланыстыру қай қаламгердің де назарынан тыс қалмайтын нәрсе. Бірақ соны өрнекті жырмен көркем бейнеге айналдырып жырлау барлық ақынның қолынан келе бермейді. Ал М.Мақатаев осы үш уақытты, яғни өткенді тарихтан айтпайды, бүгінді құрғақ мадақтамайды, келешек туралы сәуегейлеп, көсемдікке салынбайды. Мұның барлығы оның өлеңдерінде тұтас болмысымен көрінеді. Қазақ жерінің қасиетін оның тарихымен, бүгінімен ұштастыра білген.

Сүйемін мен жерімнің

Топырағын, тасын да.

Сүйемін думанды елімнің,

Кәрісін және жасын да.

Сүйемін, өскен Отаным,

Жылысып өткен жылыңды.

Қарыздармын сондықтан,

Беремін талай жырымды.

Жоғардағы жыр жолдары арқылы ақын халықтың тағылымдарды тығыз ұштастырып,суретті сөз жасайды. Қазақ жерінің киелілігі, қазақ елінің біртұтастығы ақынды қуантады. Сондықтан да ақын киелі топырықтың қасиетіне тәнті болады.Қазақ жерінің қай аймағы болсын өз құндылығымен ерекше. Осы баға жетпес құндылық ақын жырларында сыртқы сұлулық пен ішкі тереңдіктен өзара үндестікпен құралған, өлеңдерде адам, болмыс ұғымдары туралы ақынның кесек-кесек ойлары сұлу суретпен айшықталған.    Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы кең жырланған тақырыптардың бірі – туған жер тақырыбы. Кез-келген өлең жолдарынан ақынның туған жерге деген ыстық ықыласын танимыз. Ақынның «Бақ мекен» деп аталытын өлең жолдары да осы туған жердің әсем табиғаты оның қойнауындағы байлығымен сабақтастырыла жырланған.

Құт мекен,

Ырыс мекен,

Асыл мекен,

Ақ бидай ақтарылған шашу ма екен?!

Бабаларым аңсаған бақыт деген

Байқасам, бүгін менің қасымда екен.

 

Немесе:

Құтты мекенге қанатын көктен жайған күн,

Осынау жергекіндігімменен байландым.

Байырғы қазақ бастарыңа кеп бақ қонған,

Мерекелеріңнен, берекелеріңнен айналдым.

Ақын ата мекеннің құт мекенге айналғандығын адамдардың ынтымақты, тату-тәтті өмірі екендігін танытқысы келеді. Өлең жолдарында ой ұшқырлығы мен тапқырлық өзара тығыз ұштасқан. Мұндай татымы келіскен өлең жолдары ақынның барлық өлеңдеріне тән десек те болады. Әңгіме етілген өлеңдердің барлығында да әлем, тыныштық, достық, махаббат деп аталатын ұлы да, мәңгілік тақырыптар өзінің бар болмыс шыншылдығымен, шынайы шырайлылығымен суреттелген. Бұлардан ақынның ақындық қуаты айқын аңғарылады. Осы бір ғана шумақта сурет те, салмақты ой да, ұйқас та – нағыз өлеңге тән қасиеттің бәрі де бар. Өлеңнің аяқталуында түйіндеген ой – татулық, береке, бірлік екендігі даусыз. Қай дәуірде болса да өзектілігін жоймаған адамзат болмысының түйінді проблемасына Мұқағали Мақатаев осылай қарайды. Яғни бейбіт күннің М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық  бітіспес күресі еңбектің жемісі екендігін ақын ойы таныта түседі. Адам санасындағы қайшылық кереғарлықтарды ақын әуелден-ақ контрасты көріністерде бейнелеген. Оның қаламына ұлттық реңктегі бояулар молырақ ілігеді.

 

Tay дейтін алып жүрек Ана туған

Мен таулықпын!

Таудан мен жаратылғам.

Киіктің сүтін еміп ержеткенмін

Қуат алып қыранның қанатынан.

Талабы мен талпынысын тауға балайтын қазақ баласы үшін, асқар шыңан асқан асқақ не бар дейсіз? Ақиықтар түлеген Хантәңірдің мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың өмірге келгеніне биыл 90 жыл толып отыр. Таудың алыстаған сайын айбыны артатыны тәрізді, уақыт озған сайын Мұқағали жырларының даңқы аспандай бермек. Өйткені дара  таланттың  жыр мұрасы жаңғырған тарихтың, жаңарған өмірдің өзімен бірге сан ұрпаққа рухани азық болтыны  сөзсіз.

 

Ерзат АСЫЛ.

Оқылды 2148 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…
Сәу 15, 2024

Жанаргуль НИЕТАЛИЕВА,…

Тургенский филиал Иле-Алатауского ГНПП такие акции с участием школ Тургенского сельского…
Сәу 15, 2024

Алматы облыс әкімі Марат…

Облыстағы аталған бағыт аясында Жамбыл ауданындағы «Жамбыл Жабаев» мұражайы, «Таңбалы»…
Сәу 11, 2024

Аманаттықтар көмек қолын созуда

Алматы облысында су тасқыны болған өңірлерге көмек жинау қызу жүріп жатыр. Игі бастамаға…
Сәу 04, 2024

Ұлт саулығына төнген қатер

Денсаулық – бірінші байлық. Сондықтан саламатты өмір салтын ұстанып, деннің сау болуына…
Сәу 04, 2024

Әлеуетті мекеннің өрісі кең

Ауданымыз жер көлемі мен ел көлемі бойынша алдыңғы қатарда екені белгілі. Соған сай…
Сәу 04, 2024

Сатираның сардары

«Адамгершілігі жоқ қоғамның сатиригі хайуандар туралы мысал жазады. Уот тәк!» – деп…
Нау 29, 2024

Көктерек қашан «ауыл» болады?

Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет