Жұма, 25 Желтоқсан 2020 11:28

Бақыттың кілті неде?

Бақыттың кілті неде? Сурет интернеттен алынды

Шағын бір қалашықта екі отбасы көрші тұрыпты. Бір үйдегі ерлі-зайыптылар күнде айғай-шу шығарып, жолдарының болмауын бірінен-бірі көріп, ұрсысып жатады екен. Бірге тұрғандары болмаса, мысық пен  итше ырылдасып, дауыстары далаға естілетін көрінеді.

Ал келесі үйден сыртқа тек сыңғырлаған күлкі мен әдемі әуен ғана естіледі екен. Бұл шаңырақтағы ерлі-зайыптылар үнемі қол ұстасып, құшақтасып жүріпті. Олардың бір-біріне қабақ шытқандарын да ешкім көрмеген екен. Көршілерінің мұндай бақытына қызғана қараған долы әйел күйеуіне:

— Мына үйге барып, олардың бақытының сырын біліп кел, – деп бұйырыпты. Бұл сұрақтың жауабын өзі де білгісі келіп жүрген жігіт көршісінің үйіне ұрлана кіріп, бір бұрышқа жасырынады. Ал ыңылдап әнін айтып, жиһаздардың шаңын сүртіп жүрген әйел оны байқамай да қалады. Көрші жігіт бұл үйдегі бақытты жандардың кіршіксіз қарым-қатынасына куә болуды ойлап, әйелдің әр ісін қалт жібермей қарап отырады. Әйел қолына қымбат құмыраны алып, сүрте бергенде телефон шырылдайды. Ол құмыраны үстелдің шетіне қоя салып, басқа бөлмеге жүгіріп кетеді. Сол уақытта жоғарғы қабаттан асығыс түскен күйеуі байқаусызда үстелдің шетінде тұрған құмыраны құлатып, сындырып алады.

«Міне, айғай басталды! Қымбат дүниені сындырды ғой!» деп ойлап, әлдебір айқайдың болатынына шүбәсіз сеніп, күтіп отырған көрші жігіт өзі мүлде күтпеген оқиғаға куә болады. Әйелі күйеуіне:

— Кешірші мені, қымбаттым! Мен кінәлімін. Асығып, үстелдің шетіне қоя салып едім, – дейді.

— Бұл не дегенің, сүйіктім?! Мен кінәлімін. Асығып жүріп, құмыраны байқамай, қолым тиіп кетті. Қой, болды. Ештеңе етпейді. Өзіміз аманбыз ғой, – дейді.

 Бұл көрініске куә болған көрші жігіт үйіне жүрегі ауырып, әрең келеді.

Әйелі:

— Неге сонша жоғалдың? Білдің бе олардың бақытының сырын? – деп сұрайды сабырсыздана айғайлап.

— Иә!

— Ендеше, айтсаңшы! Нені күтіп тұрсың?

— Олардың қарым-қатынасы біздікіндей емес, мүлде басқаша екен. Біз кінәні бір-бірімізден іздесек, олар кінәні тек өздерінен іздейді екен, – депті.

 

Отбасы бақыты сыйластықта. Сыйлай біліңіз, сыйлы болыңыз!

 

Аударған: Құралай Мұратқызы

Оқылды 171 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 22, 2021

Емдік қасиеті бар ғажайып сусын

Ағзаға өте пайдалы шырын дайындайық.3 ай қабылдау қажет. Денсаулық көп ұзамай қалпына…
Қаң 21, 2021

Қазақы ауылдың жаңа келбеті

Ауыл – ел бесігі. Осынау алтын бесіктің құшағында тербелген тұрғындардың тұрмысы жайлы,…
Қаң 21, 2021

VII шақырылған Еңбекшіқазақ аудандық…

«Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы»…
Қаң 21, 2021

Тәні саудың жаны сау

Спорттың адам өміріндегі орны ерекше екендігі баршамызға мәлім. Спортпен айналысқан…
Қаң 21, 2021

Қызыл аймақта 6 облыс, 1 қала тұр

Денсаулық сақтау министрлігі 21 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын…
Қаң 21, 2021

На 1,2 млрд тенге защищены права…

Палата предпринимателей Алматинской области в прошлом году защитила права…
Қаң 21, 2021

Алматы облысындағы 16 мыңнан астам…

2020 жылы Алматы облысында 16 мыңнан астам кәсіпкер сервистік қызметтер мен кеңестер…
Қаң 20, 2021

Коммуналдық төлемдерге тарифтер…

Баға бағамы шарықтаған тұста коммуналдық қызмет саласындағы тариф құнының тұрақты болуы…
Қаң 20, 2021

Алматы облысында індеттің қарқыны…

ҚР эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасы бойынша Алматы облысы "сары" аймақта. 2021…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2021 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет