Бейсенбі, 10 Желтоқсан 2020 14:53

Әл-Фарабиді зерттесек, еліміздің ахуалы мүлде басқаша болар еді

Әл-Фарабиді зерттесек, еліміздің ахуалы мүлде басқаша болар еді Сурет интернеттен алынды

2020 жылы әлемге әйгілі ойшыл, ұлы ғалым, Аристотельден кейінгі Екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Мұхамед ибн Тархан ибн Узлаг Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толып отыр. Ғұламаның мерейтойына орай біршама шаралар да өткеріліп үлгерді. Дегенімен, шындығына келгенде бүгінгі күнге дейін Әл-Фарабиді қай деңгейде тани алдық? Есепсіз жиындар мен түрлі конференциялар пайдасын бере алып жүр ме? Осы сынды сауалдарды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің аға оқытушысы,әлеуметтік ғылымдарының магистрі, фарабитанушы Нұрлан Наурызалиевке қойып көрген едік.

«Фарабиді толық түсінген, зерттеген болсақ, еліміздің жағдайы мүлде басқаша болар еді. Кең байтақ жеріміз, мол қазба байлығымыз болғанымен қатар ғылымды жолға қойсақ халықтың тұрмыс деңгейі бұдан әлдеқайда жоғары болушы еді. Кешегі Абай, Алаш зиялыларының мұраларынан да шет жағасын қалқып ішіп жүрміз. Фарабиді тану әзірге тіпті жолға қойылып отырған жоқ», − дейді Н.Наурызалиев. Расында, «Тарихында Қорқыты, Абайы мен Шоқаны болған қазақ қазір неге өзге елдің техникасына жіпсіз-ақ байланып отыр?» деген ойға қаласың. Бүгінгі күнге дейін бір ғана Фарабидің логика, метафизика, этика, саяси және әлеуметтік философия, музыка мен медицинаға арналған жүзден аса трактаттары сақталып қалған. Кей тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. «Ғұламаның сан қырлығына қатысты мынадай аңыз келтіруге болады: Әл-Фараби шағын қыстақта келе жатып ішін ұстап жатқан адамды көреді. Қараса, әлгінің өңі бұзылып кеткен екен. Аңызда айтылғандай, Фараби оның ішін тіліп, соқыр ішегін алып тастаған көрінеді. Содан науқас сырқатынан толық айығып шыққан. Ел аузында жатталған бұл әңгіменің жаны бар. Әл-Фараби өзі жауынгердің баласы болды. Былайша дәлелдеп көрелік. Мәселен, сақ, ғұндардың кезеңдерін алып қарасақ, талай қанды соғыстар орын алған. Ол жерде қаншама мың жауынгер жарақат алды. Оның барлығын емдеген оташылар, емшілер, тіпті, адам тәнінен бөлек рух беретін бақсыларына дейін болды. Көшпелілерде ежелден бар осы салттың бәрі Әл-Фарабиге әбден сіңген. Және оны ұлы ойшыл ізденімпаздығымен әрі қарай жалғай білген деп түсінемін», − деді фарабитанушы.

Фараби өмір бойы білім іздеумен өтті.Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өскен. Отырардың аса бай кітапханасынан Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Фараб пен Бұқарада бастапқы білім алып, бойына сіңірген соң,  өз білімін жетілдіру мақсатында Бағдатқа аттанады. Фарабидің дүниетанымының қалыптасуына Мерв мектебінің ғылыми дәстүрлері мен философиялық бағдарлары ықпалын тигізген деседі. Бағдадта әл-Фараби ғылым мен әртүрлі пәндерді оқиды. Білімге деген ынтасымен әл-Фараби сол уақыттағы ғылым мен білімнің ордасы саналған Дамаск, Халеб, Каир, Шаш, Самарқан, Бұхара, Мерв, Нишапур, Рей, Хамадан қалаларында да болып, білімін үнемі жетілдірумен болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы шаһарларында ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз деректерімен танысады. Олардан тәлім-тәрбие алды.

«Ол кездің өзінде қайырымды қалалармен қатар надан қалалар да болды. Әл-Фараби тұрғындардың ізгі болғанымен, олардың басшылары қулық-сұмдық ойлайтын болса түбінде бүкіл қала да осыған бейімделіп кетуі мүмкін дейді. Тәрбиенің мақсаты – адамзатты бақытқа жеткізу.

Әл Фарабидің «Бақытты бұл дүниеден іздеу керек» деген сөзі бар.Ондағысы ішіп-жеуді ғана ойламай, рухани баюды да негізі ала өмір сүру керек дегені. Адамды басқа тіршілік иелерінен айырып тұрған ол – сана. Сол себепті, ел қамы, қоғам мүддесі дегендерді әсте естен шығармайық», − деді Н.Наурызалиев.

 

Ілия СҰЛТАН

Оқылды 1660 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Менің қалам Менің қалам »

Соңғы жаңалықтар

Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Тустукбаев Бағлан Ахихатұлы, 1989 жылы 7 сәуірде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Әділхан Азамат Әділханұлы, 1993 жылы 11 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келдім.…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет