Ер сүрінбей, ел танымас, Ат сүрінбей, жер танымас. Малы жоқ деп, Ерден түңілме. Егіні жоқ деп, Жерден түңілме. Нар тәуекел – ер ісі Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар. Ер – намысының құлы. Сойылды соға білмеген өзіне тигізеді. Айлалы батыр алдырмас. Бөрі азығы мен ер азығы жолында. Оқ жетпес жерге қылыш суырма. Ылдисыз өр болмайды, Табыссыз ер болмайды. Ер қартайса, қазаншы болады. Бүркіт қартайса, тышқаншы болады. Шын орақшы орақ таңдамайды, Шын батыр құрал таңдамайды. Әлі келген алып та…