Сенбі, 31 Қазан 2020 12:14

Фируза Шәріпова Мәскеуде сербиялық боксшыны жеңді

Мәскеу қаласындағы «Кеңестер қанаты» спорт кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтіп жатыр. Онда қазақстандық спортшы Фируза Шәріпова (11-1, 6 КО) өнер көрсетті.

Шәріпова сербиялық Сара Марьяновичпен (7-7, 3 КО) айқасты. Сегіз раундқа есептелген жеңіл салмақтағы жекпе-жек төрешілердің бірауызды шешімімен қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Фируза Шәріпова профи-рингтегі 12-інші жеңісіне қол жеткізді. 26 жастағы спортшымыз үшін бұл – 2020 жылғы екінші айқас. Бұған дейін ол тамыз айында Танзания өкілі Хэппи Даудиді (9-7-1, 4 КО) бесінші раундта нокаутқа жіберген болатын.

Сербиялық Сара Марьянович бүгін өз мансабында сегізінші рет жеңілді. Мәскеудегі бокс кешін «Qazsport»телеарнасы мен SHAMO BOXING Youtube-арнасынан тікелей эфирден көруге болады.

Кеш хедлайнерлері – ресейлік боксшылар Шәміл Хатаев (4-0, 1 КО) пен Грачья Маргарян (7-1-1, 5 КО). Олар орта салмақта WBA Asia чемпионы титулы үшін айқасады.

Оқылды 771 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы 1982 жылдың…
Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет