Жұма, 09 Қазан 2020 11:08

Рауан ТҮКТІБАЕВ: «Б.Саттархановтың жаттықтырушысынан тәлім алғаным – мен үшін мақтаныш»

Елдің рәміздері: Гимн шырқалып, тудың көкке көтерілетін бір уақыты – спорт бәйгелерінен жүлделі орынға ие болған кез. Осындай додаларда намысты қолдан бермей, күллі жұрттың мерейін асырып жүрген спортшыларымыз аз емес. Боксшы Рауан Түктібаев та сол бүгінгі күн батырларының бірегейі іспеттес. Ендеше, осы салаға қатысты, оның ішінде кейіпкерімізге жақсы таныс бокс әлемі жайында аз-кем сұхбат құрған едік.

− Ең алғашқы қадамыңыз қалай бастау алды?

− Спортпен 3-сыныптан бастап айналыса бастадым. Ағаларым бокс үйірмесіне баратын. Ілесіп мен де барып жүрдім. Соларға қызығып спортқа келдім. Теледидардан көрген спорт жұлдыздарына еліктеп өстім десем де болады. Адамға көз алдындағы дүние қатты әсер етеді ғой. Маған да ықпал еткен, бала күннен бергі ағаларымның бейімі, қала берді экраннан түспей, ел аузында жүретін спорт майталмандары болды.

− Бапкеріңіз кім болды?

− Мектеп қабырғасында тәлім берген Найманов Мұхамеджан Құрманғалиұлын ең алғашқы бапкерім ретінде санаймын. Мені Алматы облысы чемпионатына, республикалық додаларға да алып барды.

Мектеп бітіргеннен соң Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің дене шынықтыру және спорт факультетіне түстім.

Облыс чемпионатынан 2-орын, ҚР аймақтық чемпионатында 3-орын, Бішкек қаласында болған халықаралық турнирінде 3-орын иелендім.

− Сіз алмаған жүлде қалмаған сыңайлы. Дегенмен, ендігі мақсатыңыз қандай?

− Олимпиада шыңын бағындырғым келеді.

− Бала күнімде спорт жұлдыздарына көп еліктедім дедіңіз. Қазір сол әдет бар ма?

− Әрине, анық мақсат қойғаннан кейін, оған талпындырып, жетелеп отыратын үлгі де болуы керек. Өзім ауыр салмақта жұдырықтасқандықтан, осы бағытта жүрген британдық былғары қолғап шебері Энтони Джошуаны үлгі тұтамын. Техникалық, физикалық жағынан да еліктеп бағамын десем болады. Қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаевты да үзбей бақылап қараймын.

− Осы спорт түрінен Қазақстанға бәсекелес кім?

− Қамшылау үшін бәсекені де ұмытпау керек. Айналаға көз тастап, өзіңді қарсыластарыңның күшіне сай етіп тәрбиелей білу де өнер. Осы уақытқа дейін бірнеше мемлекеттегі жарыстарда бақ сынадым. Менің ойымша, Ресей мен Өзбекстан бізге табанды бәсекелес. Барлық жағынан спортшылары бабында. Негізінен, шет мемлекеттен тәжірбие алмасқан да жақсы. Қазіргі таңда осы мәселе қолға алынған. Басқа да мемлекеттің жаттықтырушыларынан да сабақ алып жатырмыз. Өз еліміздің тренерлеріне де алғысым зор. Әйгілі спортшымыз Бекзат Саттархановты баулыған Тұрсынғали Еділовтан біраз дүние үйренгенім бар. Мен оны мақтанышпен айта аламын.

− Дәл қазір немен айналысудасыз? Әлде карантин режиміне байланысты демалыс алдыңыздар ма?

− Жоқ, қайта керісінше. Мәселен, алда «Студенттер арасында өткізілетін универсиада» болмақ, осы күні соған қызу дайындық үстіндеміз!

 

Илия СҰЛТАН

Оқылды 952 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Тустукбаев Бағлан Ахихатұлы, 1989 жылы 7 сәуірде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Әділхан Азамат Әділханұлы, 1993 жылы 11 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келдім.…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет