Жексенбі, 15 Қазан 2017 19:55

Бәрекелді, Бақтияр!

Жайдарман жаңалық! Жерлесіміз, Шелек спорт мектебінің бокс үйірмесінің тәрбиеленушісі Бақтияр Қалменов топ жарды. Алматы облыстық турнирде 69 келі салмақта жеңімпаз атанып, мерейімізді асырды.

Талайды тәнті еткен Бақтиярдың спорттың бұл түрімен айналысқанына 7 жыл. Тынымсыз төккен тер мен үздіксіз жаттығу нәтижесінде осындай жеңісті арқалап отырған жігіттің де ендігі жоспары біреу: Жетісу кубогын еншілеу. Бұл тұрғыда жаттықтырушылары Бақытбек Сейітбеков пен Әркен Даутовтың да айтары бар екен: – Бақтияр көздегенін құлатпай қоймайтын жас. Осы жолда күн-түні дайындалуға бар. Сондықтан жеңіс тұғырынан көрінетініне сенеміз. Иә, Шелек спорт мектебі бокс үйірмесіне Алматы облыстық мәслихатының депутаты Жангелді Осан үнемі қолдау көрсетіп келеді. Бұл тұрғыда: – Қазір спортшылардың бабын келтіруде оларға толыққанды жағдай жасау керек. Жаттығу алаңы мен формасын қоспағанның өзінде жарысқа бару, қайту жолақылары, ондағы тамақтануы дегендей... Еліміздің туын әлемде желбірететін жас буынды тәрбиелеуде бізге үнемі Жангелді Көшімбайұлы материалдық қолдау көрсетіп келеді. Сондықтан жаттықтырушылар, спортшылар атынан зор алғыс білдіреміз – дейді жаттықтырушылар. Қайнар ЖҰМАҒОЖА.A

 

Оқылды 1801 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Молдағұловалықтар жеңімпаз Бәрекелді, Бақтияр! »

Соңғы жаңалықтар

Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Тустукбаев Бағлан Ахихатұлы, 1989 жылы 7 сәуірде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Әділхан Азамат Әділханұлы, 1993 жылы 11 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келдім.…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет