Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 27 Желтоқсан 2018 14:33

Мейірімді жүрек

Мейірімді жүрек mezet.kz

  Тескенсу ауылдық округінде ауыл жастарымен бірлесе «Мейірімді жүрек» қамқорлық акциясы өтті жуырда. Ауылымыздың белсенді жастары Тескенсу ауылының Керебаев көшесінің тұрғыны, жалғызбасты Әлия Тоқмолдаева апамыздың үйіне барып, былтырғы жылдан қалған отынын (кесілген шөрке, шырпылар) отжағарға жарып, қыстық көмірін жабынды жерге жинап берді. Акцияның мақсаты – ауыл жастарын елжандылыққа, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, ізгілікке, мейірімділікке баули отырып, патриотизмге тәрбиелеу. Жастардың бойына үлкенді сыйлау сияқты ізгі қасиетті сіңіру.

 

Ж.Болғамбай,

Тескенсу ауылдық округінің жастар

ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы. 

Read 171 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама