Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Дүйсенбі, 17 Маусым 2019 15:21

Музей түнінде «сақ алауы» лаулады

Музей түні шарасы 1977 жылдан бері Германиядан бастау алып, жыл сайын 150-ден астам елде өткізіліп келеді. Жылына бір рет әлемнің бүкіл музейлері түнгі уақытта келушілер үшін есігін айқара ашады. Аудан тұрғындары асыға күтетін мәдени шара биыл да «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінде дәстүрлі түрде жалғасын тапты. V рет ұйымдастырылған мерекеге мекеме қызметкерлері қызу дайындалған. Шараны ашқан музей директоры Тасқын Тойбаев: – Өздеріңіз білесіздер, музейдің білікті ғылыми қызметкерлерінің жұмысы нәтижесінде осы уақытқа дейін Жетісу жеріндегі Сақ кезеңіне жататын обалардың тізімі, олардың паспорты жасалып, сақталу, қорғалу деңгейлері бойынша анықтау, сондай-ақ, археологиялық қазба жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Алтын адам бүгінде еліміздің брендіне…
Жұма, 31 Мамыр 2019 16:18

«VOICE» жеңімпазы – Іңкәр

Жастар жылына орай ауданымызда дәстүрлі өтетін «VOICE» жас әншілер байқауы Шелек мәдениет үйінде жалғасты. Жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, өнерге аяқ басқан жас буынды ынталандыру мақсатындағы байқауды ұйымдастырушы «Мәңгілік Ел тұғыры» қоғамдық қоры және аудандық жастар ресурстық орталығы. Қолдаған аудандық ішкі саясат бөлімі және Шелек әкімі аппараты. Шара шымылдығын аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айбек Ілебай өзінің құттықтау сөзімен түрді. Қалауындағы патриоттық әндерін орындаудан жас өнерпаздар аспан әлемін әдемі дауыспен әуелетті. Бастапқыда-ақ, табиғи дауыс пен тынымсыз дайындық көріне бастады. Нәтижесінде, шелектіктер Асым Шахзат және Аяжан Рақымжан үшінші орынды, Ават округінен Алихан Шарипов екінші орынға табан тіресе, Шелек ауылы Абай атындағы…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің Нұр-Сұлтан қаласында өткен ІІ «Рухани қазына-2019» фестиваліне біздің ауданнан Қаракемер ауылдық Мәдениет үйінің директоры Арайлым Мамырбекова қатысып, жүлдемен оралды. Төрт күнге созылған жоба аясында облыстық, аудандық, қалалық, ауылдық мәдени ойын-сауық ұйымдарының өкілдерімен дөңгелек үстелдер, шеберлік сағаттар жүргізіліп, қонақтарға экскурсия өткізілген-ді. Ол үшін арнайы сертификаттар тапсырылды. Қызу доданың нәтижесінде, Қаракемер ауылдық Мәдениет үйі «Үздік ауылдық Мәдениет үйі» номинациясын жеңіп алып, 1 000 000 теңгенің сертификатын және арнайы дипломды қанжығалады. Ол турасында: «Алматы облысы бойынша 216 ауылдық мәдениет үйі болса, соның ішінде…
Бейсенбі, 30 Мамыр 2019 15:13

Мәдениет майталмандарына құрмет

Жақында аудан әкімі Бинәлі Ысқақ мәдениет қызметкерлерінің күнінде облыстан жүлделі оралған ауданымыздың бірқатар мәдениет саласының қызметкерлерін қабылдады. Ауданымыздың рухани кемелденуіне, жастардың бойына тарихымызды, мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді сіңіруде жетекші рөл атқарып жүрген мәдениет саласы қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтаған Бинәлі Әбдіқапасұлы ризашылы-ғын білдірді: – Бүгінде ауданымыз барлық салаларда үлкен белестерді бағындырып отыр. Десек те, мәдениет саласында ауданымыз соңғы рет 2013 жылы үлкен жетістікке жеткен еді. Биыл облыста еңбектеріңіз еленіп, «Үздік облыстық мәдениет мекемесі» номинациясы «Ұста Дәркембай атындағы қолөнер мұражайына» бұйырды. Есік археологиялық-өлкетану мұражайы «Үздік мұражай» атанды. «Үздік мәдениет қызметкері» де біздің ауданымыздан шықты. Мәдениет және спорт министрінің Алғыс хаты біздің кітапханашымызға табысталды.…
Сәрсенбі, 29 Мамыр 2019 10:37

Қылқаламның шебері

Өз шығармашылығымен халықты тәнті етіп, жергілікті оқушыларды бейнелеу өнеріне үйретіп жүрген талантты суретшілердің бірі – Көкен Минал. 1989 жылы Моңғолияның Налайық қаласында дүниеге келіп, 1 жасында отбасы тарихи отанына, яғни Қазақстанға қоныс аударған. Бірінші сыныпқа 1997 жылы Еңбекшіқазақ ауданының Рахат ауылында орналасқан орта мектептің табалдырығын аттайды. Мектеп қабырғасында Көкен өзінің көркемдік дарынын, талантын көрсетті. Мектепті бітіргеннен кейін жас жігіт Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне оқуға түсіп, өнер, мәдениет және спорт институтын «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша үздік бітіреді. Көкен үнемі түрлі фестивальдарға, көрмелерге қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Өзі бейнелеу мен сызу пәндерінен сабақ беретін Рахат ауылының мектеп…
Жұма, 24 Мамыр 2019 15:43

Таланты наших читателей

Под таким девизом в районной библиотеке встреча с читателями. Была организована выставка прикладного искусства, подготовленная сотрудниками и посетителями библиотеки. Это и вышивки, рисунки, поделки, плакаты, выполеннные руками читателей. Особый интерес вызвали вышивки, выполненные ветераном библиотеки В.Сиволобовой. С большим восторгом и восхищением были восприняты профессиональные картины самобытной молодой художницы Акмарал Алимжановой, выполненные маслом и акварелью и посвященные родной стране. Также юные дарования Нурадин Молдир, Азалия Турашова читали свои стихи, в частности о Бауыржане Момышулы, Мухамбетбай Арай станцевала казахский танец, Жансая играла на домбре, Влавдислав Гакштетер показал свои рисунки. Старейший и почетный читатель С. Оринич исполнил несколько песен, аккомпанируя себе на баяне.…
Жұма, 24 Мамыр 2019 15:42

Ата өнері – балаға мұра

Қолөнер – сырлы өнер. Онда сан ұрпақтың тыныс-тіршілігі мен қолының табы бар. Байқап қарайтын болсақ, әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік-қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрдің нақтылы көрінісі дерсің. Атадан мұра болған сол өнердің көрнекті өкілі Дәулет Шоқпаровпен кездесу болды жақында аудандық кітапхананың оқу залында. «Ата өнері – балаға мұра» тақырыбымен өткен шараға мектеп оқушылары қатысып, кішігірім көрмемен танысып, көкейлеріндегі сұрақтарды қойды. Сонымен қатар, аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Х.Ахметжанов, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ғалым-хатшысы Досым Зікірия, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, аудан әкімі аппаратының рухани жаңғыру жұмысы бойынша мамандары келелі кез-десудің куәсі болды.…
Кезінде Мұстафа Ататүрік айтқан екен: «Біз бәріміз парламент депутаты бола аламыз, министр бола аламыз, тіпті республика президенті де бола аламыз. Бірақ ешқайсымыз өнер адамы бола алмаймыз» деп. Әлбетте, Жаратқаннан берілген риясыз құдірет тек өнер иесіне тән. Сондықтан талант тарландарын алақанға сап аялау – ел еркелеріне жасалған зор қошемет болмақ. Осы орайда жуырда мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай облыс әкімі Амандық Баталов өнер саласы майталмандарының еңбектерін еледі. Ел алдында құрмет-қошеметке бөледі. Арасында біздің де мақтаныштарымыз бар. Ашылғанына он жылға жуықтаған Ұста Дәркембай атындағы қолөнер мұражайы бүгінде қазақ руханиятының қолтаңбасына айналып келеді. Бабалар өнерін балаға мұра еткен, бар ғұмырын қолөнерге арнаған…
Қазақстан ауылындағы Ж.Қайыпов атындағы орта мектепте асыл тұлға ұстаздардың ерен еңбегін, мол қадірін, тарихтағы баға жетпес орнын паш ету, олардың өмір жолымен жас ұрпақты ұстазды құрметтеуге, адамгершілікке, сыйлап түсіне білуге үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырын ұғындыру және ұстаз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында маңызы зор кездесу кеші өтті. Ардагер ұстаздар ең алдымен мектепте орналасқан Кеңес одағының батыры Ж.Қайыповқа арналған мұражайды араласа, келесі кезекте өз пәндері бойынша жеткіншектерге ашық сабақтар өткізді, одан әрі кеш оқушылардың көңілді концерттік бағдарламасымен жалғасты. Ансамбль жетекшісі Азат Бақасов бастаған өнерлі оқушылар халық күйімен кеш шымылдығын түрді. Мектеп директоры Шарапат Орынбаева: «Бүгінгі күніме мен осы ұстаздарымның…
Бейсенбі, 28 Наурыз 2019 10:52

Қолөнер — еңбектің қайнар көзі

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар. Сіздер оларға қандай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деп жалпы ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктеген еді. Арқалаған аманатқа қиянат жасамау мақсатында Есік мектепаралық оқу-өндірістік комбинатының ұжымы аянбай жан-жақты қызмет етуде. Соның айқын көрінісі – «Қолөнер – еңбектің қайнар көзі» атты аудандық іс-тәжірибелік семинар. «Қазақстан қайта даярлау біліктілікті арттыру» курсынан келген Махмут Жәлелов, аудандық білім бөлімінің әдіскері Қайрат Әукен кезегімен сөз алып, жиынның нәтижелі өтуін тіледі. Іс-тәжірибелік семинарға аудандағы мектептерден технология пәнінің мұғалімдері келіп, оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін арттыру жолындағы тәжірибелерімен бөлісті. Шәкірттердің шеберлігін, білімі мен еңбегін осы күні ұйымдастырылған…
Page 1 of 4
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама