Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 27 Желтоқсан 2018 15:00

Жадымыз бен тарихымыз тоғысқанда

Жадымыз бен тарихымыз тоғысқанда mezet.kz

  Әр жылдың өз жаңалығы, өзгешелігі мен ерекшеліктері бар. Осы орайда, жеті қазынаның бірі – ит жылының халыққа, елге бергені мол. Оның ең үлкені – тыныштық пен бейбітшілік. Ұлттар арасындағы достық.

  Бүгінде жер жүзінде неше түрлі оқиғалар болып жатыр. Оның ішінде Қазақстан тыныштық аралындай болып, өзгелерге үлгі көрсетуде. Осы жылы экономикамыз қарқынды дамып, мәдениетіміз гүлденіп, мемлекетіміз халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында біршама жұмыстар атқарылды. Бұл 2018 жылдың үлкен жетістігі. Сонымен қатар, осы жылы ұлтымыздың өткен тарихына үңіліп, оны зерделеуге байланысты Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарыққа шықты. Мемлекет басшысының аталған  бастамасы бұрын «Рухани жаңғыру» бағытында жүргізілген жұмыстардың жалғасы болып табылады.

  Кейбір ғалымсымақтар бұрын Қазақстан деген ел болмаған, жері болмаған деген жаңсақ пікірлерді таратқаны баршамызға аян. Тарихқа үңілер болсақ, біздің заманымызға дейінгі 250 жылдары, одан бері шығыста наймандар, оңтүстік-шығысында үйсіндер мемлекеті елге танылған болатын. Қазір біз осының барлығын архивтерден  тауып, тарихшылардың жазбасынан іздеп ата-бабамыздың қандай болғанын көріп отырмыз. Алысқа бармай-ақ, Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» өзі ежелгі қазақ даласында сақтардың мекендегенін дәлелдейді. Ендігі кезекте, Елбасының тарихқа, бабалар мұрасына деген қамқорлығының арқасында бұл жәдігерлер толыққанды зерттеліп, құндылықтарымыз түгенделе түспек.

  Жады мен тарих үш нәрседен құралады. Біріншісі, Құрманғазы мен Тәттімбет сынды тұлғалардың фольклорлық туындылары халық арқылы ұрпақтан-ұрпаққа берілуі – халық есіндегі жады. Музейлер, археологиялық қазбалар мен көне ескерткіштер – халықтың қолымен ұстап көретін жады болып табылады, бұл – екі. Үшіншісі, кітаптар мен жазба деректер. Осы үшеуі түгел болса, болашаққа басқан қадамымыз нық болмақ. Осылардың Отаны саналатын музейлер – танымдық, ағартушылық орталық. Бұған соңғы кездері мән беріліп жатыр. «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалада біздің жадымызды, тарихымызды ескеретін музейлер жайлы да айтылды. Мұражай жанынан археологиялық топтар құру мәселесін де сөз қылды Мемлекет басшысы. Доңыз жылында құжаттағы сөздер іске асып, музейлердің материалдық-техникалық және кадрлық мәселелері оң шешімін  табады деген үлкен сенім бар.

  Әрбір адам келер күннен жақсылық күтеді. Бүгінде әлемдегі алпауыттар арасында экономикалық қақтығыс орын алып жатқандығы жасырын емес. Еліміз осындай келеңсіздіктерден аман-есен өтіп, береке-бірлігіміз нығая түссін. Еліміз жаңа жылда жаңа белестерді бағындырып, еңбегіміз табысты болсын. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын!

 

Әбілбек АЙТАҚЫНОВ, Шелек тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушысы

Read 35 times

Күнтiзбе

« Қаңтар 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама