Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Сәрсенбі, 05 Желтоқсан 2018 12:02

ШЕЛЕКТЕ "РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" ОРНАТЫЛДЫ

ШЕЛЕКТЕ "РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" ОРНАТЫЛДЫ mezet.kz

  Жас ұрпақ Отанын сүйіп қана қоймай, тарихын да құрметтеуі тиіс. Өйткені, тарих елдің өткені мен бүгінін байланыстырып, болашағына жарқын жол сілтейді. Осыған орай, Шелек тарихи-өлкетану музейінде Рухани жаңғыру аясында тағылымды шара өтті. Жиынға ұстаздар қауымы мен мектеп оқушылары, әртүрлі мекеме қызметкерлері қатысты.

  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ата тарихымыз жайлы бір сөзінде: «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын дербес орны бар ұлт боламыз десек, әлемге мәдени жетістіктерімізбен танылуымыз керек», – деген еді. Музейде өткен жүздесу тарихи ескерткіштер мен ерлікке толы оқиғаларды насихаттау, жас ұрпақты рухани-адамгершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жастарды музей мәдениетіне тартып, тарихын сүюге бағытталды.

  Шараның ашылу салтанатында Шелек селолық округі әкімінің орынбасары Айбек Сәрсенбеков сөз сөйлеп, ата-бабадан қалған құндылықтарды сақтап, дәріптеу және мәдениетіміздің шамшырағын өшірмеу әрбір буынға артылған міндет екенін айтып өтті. «Біз өткенімізді ұмытпауымыз қажет. Мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді білмесек, келешекке қадам басуымыз қиын», – деді ол сөзінде. Шелек тарихи-өлкетану музейінің директоры Ердос Дәркенбаев Елбасының жыл сайынғы Жолдауларына, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына тоқталып, сөз түйінінде мемлекет жасап отырған қамқорлықтың барлығы, айналып келгенде, ел келешегі – жастарға арналғандығын тілге тиек етті. Ал Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Самал Қайыпбаева болса, шараның ауқымдылығына тоқталып, оқушыларға жаңа ғасырда тарих пен тілді білудің маңыздылығы жайлы әңгімелеп берді. Шарада оқушылар да белсенділік танытып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

  Жүздесуде «Рухани жаңғыру» деген үлкен әріптерден құралған логотип бейнелі жазу музей ауласына қойылды. Бұл игі іске облыстық мәслихат депутаты Қуат Сұлтанғазиев демеушілік жасады. Көлік ағыны көп Жібек жолы көшесі бойындағы жазу өткен-кеткен адамдарға алыстан көрінеді әрі тұрғындарды тарихты құрметтеуге шақырып тұрғандай әсер береді.

 

Қ. АБАЙБЕКҰЛЫ

Шелек ауылы,

Еңбекшіқазақ ауданы

Read 32 times

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама