Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 29 Қараша 2018 15:12

Өткенімізді саралап, бүгінімізді бағалап, болашақты бағдарлау

Өткенімізді  саралап, бүгінімізді бағалап, болашақты бағдарлау mezet.kz

   Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және  болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі.

Н.НАЗАРБАЕВ.

   Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тағы да  бір  жарияланымымен таң қалдырып, таңдандырып емес-ау рухани жаңғырушыларды да, жаңғыртушыларды да мұздай «қаруландырып» отыр десек болады. Өйткені «Ұлы  даланың жеті қыры» мақаласында сол «Рухани жаңғыру» бағдарламасын нақтылап, тереңдетіп, өткенімізді қай тұрғыдан мақтан етіп, қалай әлемдік  орнымызды нығарлай  түсуге  пайдалану керек екенін егжей-тегжейлі түсіндіріп отыр. Жеделдетіп жазылып  отырған  бұл  мақалада өзіме  таныс екі мәселе жайында айтып өткім келеді. «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» бөлімінің бірінші  тақырыбы «Атқа міну мәдениетімен» басталады. Шындығында ауылда  туып өскен, тіпті  қалада тұрып ауылға қонақтап барған қала баласы да атқа екі-үш жасынан-ақ  отырып жүре береді-ау. Яғни атқа міну мәдениеті  қанымызда. Ал ат әбзелдері, жүген, ертоқым, үзеңгі  дегендер біздің  солтүстік өңірдегі «Ботай» қонысынан табылған археологиялық қазбалар ғана дәлелдеп отырған жоқ. Европалық америкалық тарихи киноларда құлдық заманындағы атты әскердің, жайдақ атқа мініп соғыс салғанын да  көріп едік. Сыртқы киімнің жоғарғы, төменгіге бөлініп шалбар дегеннің біздің ата-бабаларымыздан шыққанын да келтіріпті Нұрсұлтан Әбішұлы. Сол Ботай қазбаларынан  табылған  жылқының  бас  сүйегіндегі қажалған тістер жүгеннің темірден жасалған ауыздығының іздері  екенін  айқындап  тұр. Яғни бұдан  бес  мың жыл   бұрынғы бабалар  атты мініске үйретіп  қана  қоймай, темір  ауыздық, темір үзеңгі жасай  білсе, металлургия да о заманға таңсық болмағаны. Ал Тәуелсіздіктің  алғашқы жылдары Елбасы-ның  Есік қаласындағы көрмеге келіп,  көзімен  көрген Алтын адамның тұлғасы  ше?!

   Бұны  да мақала авторы Н.Ә.Назарбаев біздің түп  қазықтағы бабаларымыздың  жауынгерлік қасиеттерінен басқа қол-өнерінен де құралақан болмағанын мысал  етіп көрсетеді.

   Ұлы  дала төсіндегі ұлан-ғайыр кеңіс-тікті игерген түркі әлемінің түп қазығы бүгінгі  қазақ  елінің аумағы  екені  ақиқат. Ендігі біздің алдымызға  бұл  мақаланың  қойып отырған  мақсат-міндеті – тарихымызды  таразылап халқымызға жеткізіп қана  қоймай әлемге айғақтау, көшпелі деген айдар тағып, кемсітуге, көштен қалған ел етіп көрсетуге ұмтылғандарға тосқауыл қоя  білу, түп-тамырымызды айқындап, патриоттық сезімімізді ояту.

   Уақыт  пен  кеңістікті философиялық  тұрғыда зерделей отырып, осы екі  өлшем-дегі өткендегі, бүгінгі орнымызды анықтап болашаққа жол көрсету деп түсіну керек бұл  мақаланың  мазмұнын.

 

Хайролла Ахметжанов,

Қазақстанның құрметті журналисі.

Read 39 times

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама