Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Жуырда аудан әкімдігінің мәжіліс залында «НұрОтан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХХІ конференциясы өтті. Күн тәртібінде екі мәселе: Партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың партияның кезекті XVIII Съезінде берген тапсырмаларын – «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобаларын іске асыру барысы туралы және партияның Алматы облыстық филиалының кезектен тыс ХХVI конференциясына делегаттар сайлау. Конференцияны аудандық партия филиалының төрағасы Бинәлі Ысқақ жүргізіп отырды. Алғашқы мәселе бойынша мінберге партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев көтерілді. Съезде берілген тапсырмалардың орындалуы аясында кеңінен әңгімеледі: – Бүгінгі күні ауданымыз бойынша көпбалалы 7902 отбасы бар. Табысы төмен жанұялардың жағдайын жақсарту үшін атаулы…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент сайлауын 9 маусымға қойғаны заман ағысынан туындап отыр. Себебі, Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде: «Елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп, алға басу үшін, бізге айқындық керек» – деді. Шынымен бұл шешім саяси жағынан ұтымды қадам. Өйткені, қазіргі Президентіміз әлемде Елбасы Н.Назар-баевтың сайланған мерзімін аяқтағанына дейін жеткізуші, уақытша тұлға ғана болып қабылданып, оған терең сенім болмайды. Ал біз дүние жүзінің көптеген елдерімен екіжақты шарттарға отырамыз. Елімізге инвестиция тарту мәселесінде де Президент келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ, ішкі мәселелерде де тікелей Президенттің шешімін күтетін маңызды түйткілдер жетерлік. Осынау түйткілдердің түйінін тарқатуда уақытша тұлғаға сенім берік болмайды. Сондықтан ол халық мандатын толық алуы…
Сенбі, 13 Сәуір 2019 14:11

Рухани құндылықтар бастауы

Қазақстанның бүгіні мен болашағы – халқымыздың ынтымақ-бірлігінде, ырыс-құтты тірлігінде. Сол бірліктің арқасында еліміз экономикалық даму мен әлеуметтік жаңару, жаңғырудың даңғыл жолына түсті. Осы тұста ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бізге рухани азық болды. Жолдауда қозғалған бағыттарды кеңінен тарқататын бағдарламалық мақала мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағыт-талған құжат. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Бірнеше тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді Мұхтар Әуезов. Әрбір қазақстандық өз жері мен оның байлығының иесі…
Елбасы Н.Назарбаев жетекшілік ететін «Нұр Отан» партиясы қазақстандық көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейде де бағыт-бағдары айқын және даму барысы дараланған биіктігімен бағалы. Тұңғыш Президентіміз дәстүрлі Жолдауында «Нұр Отан» партиясына басымдық беріп, қоғам тынысындағы қайбір мәселе болмасын партияның араласуына жол ашып келеді. Оған дәлел жуырда өткен партияның ХVІІІ съезі. Бағдары айқын, болашағы жарқын партияның біздің аймақтағы қадамы да тың серпіліспен, жаңа тыныспен алға бастады. Партияның халықтық маңызына сай тұрғындар сөзі қашанда үстем, біз – халық қызметшілеріміз. Сондықтан уақыт үдесінде қандай қиындық болмасын, халықтың қиналмауы үшін барымызды саламыз. Ол турасында съезде Елбасы нақты тапсырмалар берді. Бүгінде біздер тұрғындардың әлеуметтік жағдайын ескеріп,…
Говорите по-русскии, я по-казахскии не понимаю,– деген сөздерді жиі естиміз. Жергілікті қазақтар, қазақ тілін меңгерген тұрғындар оп-оңай орысшаға көше салады. Тіпті, алдында қара көзі жаудырап қазақтың қызы орысшалап тұрса да... Бұл көрініс, әсіресе, тұрғындарға қызмет көрсету аясындағы жеке кәсіпкерлердің тарапынан жиі кездеседі. Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған орта, шағын бизнесті жөнсіз тексеруге мемлекет тарапынан тыйым салынғаны белгілі. «Жөнсіз» деген сөздің астын сызып атағың келеді. Мысалы, азық-түлік саудасы аясында қызмет көрсетуші кәсіпкер пайдалану мерзімі өтіп кеткен тағамдарды сатып жатса да тексеруге рұқсат жоқ па? Бар, әрине. Бірақ тұтынушы, тексеруші алдымен арыз жазып, құқық қорғау органдарына, одан рұқсат алынған соң тұтынушылар құқығын қорғау мекемесіне,…
Бейсенбі, 28 Наурыз 2019 10:15

«Сенімге селкеу түсірмейміз» !

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат БАЙҒОДЖАЕВ: Кез-келген демократиялық мемлекетте партияның қоғамдағы атқаратын рөлі ерекше. Сол секілді еліміздегі саяси ахуалды реттеуде, мемлекеттік қызмет пен стратегиялық бағдарламалардың дұрыс орындалуына бақылау жасауда «Нұр Отан» партиясының ықпалы артып келеді. Халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналды десек, артық айтқандық емес. Жақында аталған алып партияның 20 жылдығы ұйымдастырылып, мерейтой қарсаңында партияның кезекті ХVІІІ Съезі өтті Астана қаласында. Елбасы, партия төрағасы Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен жиында қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және елдің даму стратегиялары талқыланып, партия мүшелеріне нақты тапсырмалар берген болатын. Осыған орай, аталған Съездің делегаты, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат…
Бейсенбі, 28 Наурыз 2019 10:08

Ерім деген елдің қолдауы

Ұлы Отан соғысының ардагері Солтанбай Жарықбасов: Дана xалқымызда «Нар тәуекел – ер ісі» деген сөз Нұрсұлтан Әбішұлына айтылғандай. 1991 жылы Тәуелсіздік алған күннен бастап көрегендігімен, ұзақ жылдарға жоспарлаған Стратегиялық қадамдарымен осынау 27 жылдың ішінде мемлекетімізді дүниежүзіне танытып, экономикасы қуатты, әр күні шуақты 50 елдің қатарына қосты. Тұрақтылық пен келісімді нығайтты. Қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында жыл сайынғы Жолдауларында ел азаматтарының күнкөріс деңгейін, еңбекақы, жәрдемақы және тағы басқа бағыттарды көтеруді назардан тыс қалдырмады. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес бастамасына жол ашты. Жақында Елбасы өзінің Президенттік өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Үндеуін жариялап, сан сынақта қолдау білдірген еліне басын иді, алғысын айтты.…
Сәрсенбі, 20 Наурыз 2019 16:04

Остается с нами

Елбасы Нурсултан Абишевич Назарбаев объявил о своем уходе с поста Главы государства. Но, как и прежде, он остается Председателем партии «Нұр Отан» и Председателем Ассамблеи народа Казахстана. За минувшее 30-летие под его руководством более ста народов Казахстана, сплотившись вокруг исторического преемника суверенного государства – казахского народа, стали единым Народом. С 1995 года успешно действует созданный Елбасы уникальный институт – Ассамблея народа Казахстана, реализующая межнациональную политику, основанную на принципах равноправия граждан, независимо от их национальной и расовой принадлежности и вероисповедания. Конституционно закреплено представительство от АНК в депутатском корпусе высшего законодательного органа – Парламента Республики Казахстан. Созданы и свободно развивают свою культуру…
Сәрсенбі, 20 Наурыз 2019 15:58

Партия бағдарламалары күшінде

Қазақстан Республикасын отыз жылдан бері басқарып келе жатқан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Президенттік өкілеттігін тоқтататынын жариялады. Елім деп еңбек етіп шекарамызды шектеген, тереземізді теңеп, керегемізді кеңейткен, көпұлтты елді бірлік пен тұрақтылықта басқара отырып, Тәуелсіздігімізді баянды етуге күш салған, Қазақстан елін әлемде орнықтырып, бүгінгі бейбітшілігі мен ынтымағы жарасқан, экономикасы тұрақты, дамыған 50 елдің қатарына қосқан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі орасан зор. Әр кездегі халыққа Жолдауында еліміздің әрбір азаматтары үшін білім беру, денсаулық сақтау саласы, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігін арттыру сынды үлкен мәселелерді жақсарту бағытында тынбай жұмыс жасап келді. Алға зор мақсат қойды, мақсатқа жету жолдарын көрсете отырып, әр кез халықтың қолдауына…
Биылғы жылы «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл толған мерейтой аталып өтуде. Жуырда Астана қаласында өткен «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Қазақстан Республикасының Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осы тарихи өлшеммен алғандағы аз ғана уақытта Ел Тәуелсіздігін нығайтуда, мемлекетімізді экономикалық, әлеуметтік, саяси тұрғыда дамыту жолында батыл қадамдар жасалып, күрделі реформалар іске асырылғанын атады. – Осындай өзгерістердің басы-қасында еліміздегі беделді саяси күшке айналған «Нұр Отан» партиясы болды, – деп атап өтті партия төрағасы. «Нұр Отан» партиясының негізін бастауыш ұйымдардан бастап, аудандық облыстық филиалдар құрайды. Он үш мыңнан астам мүшесі бар облыстағы ең ірі Еңбекшіқазақ аудандық филиалы өткен жұмада «Нұр Отан» партиясының…
Page 1 of 19
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама