Күндер бойынша реттелген элементтер: Сәрсенбі, 22 Мамыр 2019
Сәрсенбі, 22 Мамыр 2019 09:27

Дін – ұстараның жүзіндей нәзік

Рахат №1 орта мектебінің мәжіліс залында «Ислам діні туралы түсінік» тақырыбында жиын өтті. Жиынды жастар ресурстық орталығының маманы Сұлтан Тойғанбай жүргізді. Баяндамашы ретінде Еңбекшіқазақ ауданының дін инспекторы Олжас Сатай, Көктөбе ауылдық мешітінің имамы, аудан имамының наибы (орынбасары) Нұржан Нышан келіп қатысты.

Шара шымылдығы «Ұл» атты қысқаметражды фильмнің көрсетілімімен ашылды. Қонақтарымыз өз сөздерінде: «Дін – адамгершілік, мейірім, ізгілік пен имандылықтың адамзатты алға жетелейтінін уағыздайды. Бүгінгі жиынның мақсат, міндеттері де осы, себебі дін ұстараның жүзіндей нәзік, бұл салада жаза басуға болмайды. Өйткені, адамның санасында діни және ұлттық сезімдер әрдайым тығыз астасып жататыны белгілі. Біз ұрпағымызды жат ықпалдардан қорғауға, адасқандарды ақылға шақырып, оларды оқыс қадамдардан сақтандыруға тиіспіз. Сондықтан да баршаңызды осы мәселеге немқұрайлық танытпай, қолдан келгенше  жан-жақты атсалысуға шақырамыз», - деп басып айтты. Қасиетті рамазан айымен, Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, ораза ұстау тәртібі, білім алу, ата-ананы және ұстазды сыйлау, әлімжеттік жасамау тақырыптарында көптеген мысалдар арқылы ақпараттар берілді. Жастарымыз сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды.

Айжан Әбіт,

Еңбекшіқазақ ауданының жастар

ресурстық орталығының маманы. 

Published in Діни
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет