Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 10 Қаңтар 2019 15:00

«Туған өлкеңді таны»

«Туған өлкеңді таны» enkaz.kz

  Ел Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болып, Қоғамдағы жаңғыру үдерістеріне зор серпін берді. Бұл бастаманы әрі қарай жалғастырып қана қоймай оның аясын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толықтыру қажет екеніне баса назар аударылған. Бүкіл ел болып қолдаған бағдарламаға үнқосу да аз емес. Терең ойлы тәрбиелік мәні зор, тарихымызды, салт-дәстүрімізді дәріптеуге бағытталған мақала-жарияланымдармен қатар, «талқыладық, қолдадық, қостадық» деген жалпылама, бос шелектей салдырлаған баяндаулар да жетіп артылады. Осы соңғыны сезгендей Елбасымыз өткен жылдың қараша айында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жариялап кеңістік пен уақыттың көкжиегі тоғысқан кездегі ұлт тарихының кезең-кезеңін архив-мұрағаттар, тарихи ғылым салаларының жаңалықтарын сараптап-саралай отырып, өткенімізге мақтаныш, патриоттық сезім ұялата білуіміз керек екенін баса айтқан болатын. Елбасы Н.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» жобаларын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастыратынын хабарлады.

  Ел Президентінің Жолдауының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен оның жалғасы аталған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының аясында «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің (ЕМТМҚМ) осы жолдау-бағдарламаларды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында жоспарын ұсынған екен. Бұл жоспарда тарихы да табиғаты да бай ауданымызда ЕМТМҚМ-ның тарихшы, археолог ғалымдары өз мақалаларын жариялауды көздеп отыр. Бұл жарияланымдар негізінен аудан аумағындағы тарихи ескерткіштер мен археологиялық жәдігерлерге байланысты болғанмен Есік қаласындағы, Шелек ауылындағы өлкетану мұражайлары, Ақшидегі Ұста Дәркембай Шоқпарұлы атындағы қазақ қолөнері музейі де белсенді қатысар деген үмітпен

«Еңбекшіқазақ»

газетінің редакциясы.

Read 169 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама