Күндер бойынша реттелген элементтер: Сейсенбі, 04 Маусым 2019
Сейсенбі, 04 Маусым 2019 10:02

Воспитываем думающих людей

В школе имени Аль-Фараби ежегодно на протяжении 3-х лет системно проводится замечательный проект «25 книг и 25 песен» по примеру проекта  Назарбаевских Интеллектуальных школ «100 книг и 100 песен». С января 2019 г. во всех классах «Минутки чтения». В каждом учебном кабинете созданы «Уголки чтения», где дети берут книги. Основной целью стала идея «Каждая культура – это бесценный вклад в мировую цивилизацию». Так же используем воспитательный потенциал школьной библиотеки,  двух музейных  залов этнокультуры. По теме «Народные сказки и народные песни» дети с большим удовольствием инсценировали  и исполняли образцы народного творчества. В проект также включен терме, он имеет огромное воспитательное значение как назидание в музыкально-поэтической форме. Реализуя направление «Өлке тану», в марте традиционно провели общесельское мероприятие «Армысың, әз Наурыз!», где в этом году дети начальных классов стали главными исполнителями народных песен.

Для учащихся 5-11 классов проект «25 книг и 25 песен» прошел в апреле  по теме: «И помнит мир спасенный» о Великой Отечественной войне. На следующий учебный год планируем осуществление проекта «100 книг», где каждый ученик должен читать и пропагандировать чтение среди сверстников.

Чтобы поддерживать интерес к чтению в семьях, в школе состоялись  родительские собрания «Книга в нашей семье», «Книга моего детства», «Роль чтения в жизни ребенка», «Чтение – залог успешного обучения», где классные руководители предлагали памятки для родителей и индивидуальные консультации. Мы твердо убеждены в том, что совершенствуя читательскую грамотность учащихся, мы воспитываем человека думающего, который умеет критически оценивать содержание прочитанного, видеть его глубокий смысл и соотносить его с личным опытом и принимать самостоятельные решения.

 

Гульнар ТУАРШИЕВА,

учитель истории, директор СШ имени Аль-Фараби, с.Байтерек.

Published in Жастар
Сейсенбі, 04 Маусым 2019 09:57

Жастар арт фестивалі өтті

Суретшілердің қиялы шексіз. Олар қашанда өз ойындағы әлемді қылқалам мен бояулар арқылы жеткізуге тырысады. Алайда, көп суреттің ішінен бірнешеуі немесе біреуі ғана жұртшылықтың қошеметіне ие болатыны  – заңдылық. Осыған орай, Еңбекшіқазақ ауданының жастар ресурс-тық орталығының ұйым-дастыруымен Есік гуманитарлық-экономикалық     колледжінде бір адамның қиялынан туып, жүздеген адамның жүрегін жаулайтын жас суретшілердің суреттер топтамасын қамтыған «Бақытты болашақ» жастар арт фестивалі өтті.

Шараға колледж ұстаздары, жас суретшілер, «Жас Отан» ЖҚ белсенді мүшелері, студенттер, БАҚ  өкілдері қатысты. Шараның негізгі мақсаты –  киелі шаңырағымыз  Қазақстанның баға жетпес асыл қазыналарын бейнелеу арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру, ұлттық игіліктер мен адами құндылықтарды қастерлеуге, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып бос уақытты маңызды етіп ұйымдастырып, тиімді пайдалану. Талантты, дарынды суретші жастарды қолдау. Шара аясында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеулес Ұзақов, аудандық мәслихат депутаты, аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі, «Жас Отан» ЖҚ аудандық филиалының төрағасы Айбек Ілебаев сөз сөйлеп, алдағы өтетін сайлау науқаны жайлы да айтып өтті. Артынан Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Мариям Жақыпбекова және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлнар Байтүкенова  жастарға сәттілік тіледі. Фестивальге қатысқан жас суретшілер ай сайын дүниеге келетін өнер туындыларының ішінен ең таңдаулы деген жұмыстарымен таныс-тырды. Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, патриоттық суреттер бейнеленген жастардың шығар-машылығы таңдай қақтырады. 

 

Сұлтан Тойғанбай,

Еңбекшіқазақ ауданының жастар ресурстық орталығының маманы.            

Published in Жастар
Сейсенбі, 04 Маусым 2019 09:47

Ұлттық құндылықтар ұлықталды

Көсіле аққан көлді де, бетегелі белді де, қойнауы құт тауды да, бақша менен бауды да кие тұтқан қазақ баласы емеспіз бе? Шыңына қарап шыңдалып, көліне қарап көсілетін, бұлағынан сыр бағып, дархандай көңілімен алдына келсе атаңның құнын да кешіретін алаш арыстарының қаны бар бізде. Күңіреніп күн түбіне жортқан Көктүріктің, малдарынан Ар Заңын артық қойған асылдардың Ары бар бізде. Тасқа түскен таңбасы, алтынға толы арнасы, домбырасы төрінде, Бәйтерегі тіреп көгіңде, қасиет бар киіз үйіңде, бұл менің жеті кереметім! – дұшпандар сүйін мейлі сүйінбе!Құмай тазы, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, қақпан мен өткір кездік – бұл менің жеті қазынам! Домбыра шертер, желқобыз, адырна үнінен бойыма біткен саз ұғам. Міне, бұл менің ұлттық мұра, асыл қазынам! Жеті сарқыраманың жиегінде, «Батан» демалыс орнында өткізілген «Мәдени мұра – асыл қазына» тақырыбында өткен іс-шараның маңыздылығы да осында: ата-дәстүрлерімізді дәріптеу арқылы рухани кемелдену.

«Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек». Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында дәл осылай деген еді. Рас, ұлттық бітім-болмысымызды ұлықтай-тын сәт туды. Осы ретте келелі іс-шарада аудандық дене шы-нықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерболат Сарабеков, «Мәңгілік Ел тұғыры» қоғамдық қорының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Қайнар Жұмағожа және Ұста Дәркембай атындағы қолөнер мұражайының директоры Дәулет Шоқпаров сөз сөйледі. Ерболат Сарабекұлы барша жиылған қауымға іс-шараның маңыздылығын атап берсе, Қайнар Жұмағожаұлы туған жеріңді құрметтеу, туған өлкеңді танудан басталатынын баса айтты. – Шынында, біртұтас халық тарихын игеру ең әуелі туған өлкесін танудан басталады. Қайрақты мен Аюлы сарқырамасы арқылы әлемге аты танылған қазыналы Түрген шатқалы да тарихқа бай. Қына үстіне мекендеген Шыңтүрген шыршалары да талайды тәнті етті. Табиғи қалпын сақтаған осынау өңірде бас қосып отырғанымыздың өзі асыл қазыналарымызды құрметтеуге үндесе керек. Алтын адам қойнауында, төрт түлігі Асыдайын жайлауында, табиғаты көз тартарлық, 54 ұлыс өкілі бір-біріне туыс-бауыр байламында бұл – Еңбекшіқазақ ауданы. Ендеше, біздің құндылық, киелі жеріміз, көгорай белі-міз, ынтымақты еліміз, елін ойлаған еріміз! Лайым осынау ұлттық құндылықтарымыз, мәдени мұраларымыз мәңгі болсын! – деді.

Ал Дәулет Дәркембайұлы атқа міну мәдениеті туралы кеңінен сөз қозғады. «Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының  тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді» – деген еді Елбасымыз өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында. Шындығында, ердің сенімді серігі, сауса саумал, сойса ет, мінсе көлік болған жылқыны үйрету ұлы даланың ұлттық коды. Ал қазақтың ат әбзелдеріне ер, тоқым, өмілдірік, құйысқан үзеңгі, айыл,   пыстан, жүген, ноқта, көпшік шылбыр, қамшы және тағы басқа жатады. Сондай-ақ, аттың айылы ердің қаңқасына тағылатын, көбіне қайыстан жасалған ат арқасына ерді берік бекітетін жабдықтар айыл-тұрман тобын құрайды. Айыл-тұрман жасалу ерекшелігіне қарай қайыстан жасалған өрмелі, берік матадан жасалған ызбалы сияқты түрлерге бөлінеді. Ат әбзелдерінің түрлерінің сан алуандығы ертедегі қазақтардың әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық жағдайымен тікелей байланысты болды. Ауқатты байлар, ел басқарған хандар, сұлтандар мен билер ат әбзелдерінің түрлі асыл тастар мен бағалы металдармен әшекейлеп жасаған қымбат түрлерін қолданды, – деп жан-жақты тоқталды.

Шара барысында ұлттық спорт түрлерінен де жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды. – Өздеріңіз байқап отырғандай, ат әбзелдерін, ауданымыздан табылған Алтын адамның әшекей бұйымдарын, ұлттық сусындарымызды көрмеге қойып, барша келушілерге және туристерге таныс-тырудамыз.Сондай-ақ, тұмса табиғаты бар ауданымыздың табиғи байлықтарын да көрсетуге ынталандық. Мұның бәрі келешек үшін көздің қарашығындай қорғалуы тиіс мәдени мұраларымыз – дейді аудандық рухани жаңғыру орталығының маманы Динара Қоқанова.

 

Өз тілшіміз.

Published in Саясат
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет