Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 10 Қаңтар 2019 15:28

Мерекелік марапат

Мерекелік марапат mezet.kz

  Мереке сый-сияпатымен көрікті. Әсіресе, өзіңе сенім артқан адамдардың алғысын алып, ризашылығына бөленгенге не жетсін? Осындай құрмет аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Момунжан Исламовқа бұйырды  жуырда.

  Облыс орталығында өткен қорытынды жиында ауданымыз жоғары көрсеткішпен өзгелерден озық шығып, Момунжан Акваржанұлына Алматы облысы әкімінің орынбасары А.Әбдуалиев пен ішкі саясат басқармасының басшысы Р.Алпысбаев Алғыс хаттарын беріп, жұмысына табыс тіледі. Сонымен қатар, өңірімізде саяси тұрақтылық пен ұлт бірлігін сақтауда, Елбасының саясатын насихаттауға қосқан үлесі үшін газет редакторының орынбасары Қайнар Жұмағожаға, «Ұйғыр Авази» газетінің аудандағы меншікті тілшісі Рашида Рахмановаға облыс әкімі орынбасарының Алғыс хаты табысталды. Газетіміздің дизайнері Индира Тоқмұрзаева мен тілші Сардарбек Нұрадин басқарма басшысының марапатын алды. 

Өз тілшіміз. 

Read 77 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама