Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 29 Қараша 2018 16:00

Қойнауы құт-береке – туған өлкем

Қойнауы құт-береке – туған өлкем mezet.kz

  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Туған жер» бағдарламасы аясында «Қойнауы құт-береке – туған өлкем» атты облыстық семинар-практикум өтті жақында Рахат №1 орта мектебінде. Ұлттық тәрбие мен білімді ұштастыра отырып рухани жаңғыруды қолға алған педагогтардың бағдарламалық-әдістемелік, тәжірибелік, бұқаралық-ұйымдастырушылық шараларына куә болдық семинар-практикум барысында.

  Аудандық білім бөлімі, аудандық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экскурсия орталығы және Рахат №1 орта мектебінің бірлесе ұйымдастырған шарасына облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бөлімінің басшысы Жанар Дихамбаева, аудандық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экскурсия орталығының директоры Мұрат Ақаев, аудандық білім бөлімінің әдіске-рі Алмагүл Ұнақбаева және аудан мектептерінің тарих пәндерінің мұғалімдері қатысты. «Самғатқан сан қыранды – алтын ұям» тақырыбындағы көрмені аралаған қонақтар аудандық балалар мен жасөспірімдердің туристік және экскурсия орта-лығының қосымша білім беру педагогі Жанатгүл Бүтімбаева-ның «Рухани жаңғыру аясында ұлттық тәрбие берудегі өлкетану жұмыстарының рөлі» атты атқарған еңбектеріне куә болды. Мектептегі өлкетану жұмыс-тарының жүргізілуі жайлы Рахат №1 орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Думан Айтбаев кеңінен мәлімет беріп өтті.  Семинар-практикум барысында ғылыми жобалар талқыланып, республикалық Сақ обалары қорық-мұражайына саяхат жасалды. 

Алмагүл НҰҒМАН.

Read 43 times

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама