Дүйсенбі, 30 Қазан 2017 10:03

қоғамның әлсіз топтары – мемлекет назарында

Қалдыгүл айсина:

Мемлекетіміз қоғамның әлсіз топтарын назардан тыс қалдырған емес. Қазынадан жыл сайын қомақты қаржы бөлініп, көп балалы аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, соғыс ардагерлеріне, жалғызбасты кісілерге әртүрлі жәрдемақылар тағайындалады. Ал сол көмекті халыққа жеткізетін, көмекке мұқтаж, қолдауға зәру жандардың қасынан табылып, оларға демеу болатын – әлеуметтік қызметкерлер. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қалдыкүл Оспанәліқызы Айсинамен сұхбаттасып, салада атқарылып жатқан жұмыстармен таныстық.

Қалдыкүл Оспанәліқызы, Сіз басқарып отырған бөлім арқылы мемлекет тарапынан қандай отбасыларға жәрдемақы беріледі?

Орташа табысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларға мемлекеттік атау-лы көмек, сондай-ақ, орташа табысы азық-түлік себетінен төмен балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Әрине, бұдан бөлек, мүгедек жандарға төленетін, мүгедек баласы бар азаматтарға, туберкулезбен ауыратын кісілерге әлеуметтік көмек, олардың жеке көмекшілеріне жалақы, соғыс ардагерлеріне қосымша жеңілдіктер тәрізді мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектің түрлері көп.

Биылғы жылы жәрдемақы көлемі қандай болды?

2017 жылдың 1 қазанындағы есеп бойынша, орташа табысы кедейшілік шегінен төмен 146 отбасына 25 млн 102 мың 600 теңге көлемінде мемлекеттік атаулы көмек, 1891 отбасына 102 млн 986 мың теңге көлемінде орташа табысы азық-түлік себетінен төмен балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы берілді. Өздері жылытатын үйде тұратын тұрмысы төмен 1762 отбасына тұрғын үй көмегін көрсету үшін 78 миллион теңгеге жуық төленді. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын 224 мүгедек баланың ата-анасына жергілікті бюджеттен 6 млн 996 мың теңге, туберкулез індетімен ауыратын адамдарды әлеуметтік қолдау мақсатында 91 адамға 4 млн 38 мың 800 теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілді. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер көрсету барысында 571мың 400 теңге төленді. Жеке оңалту бағдарламасы бойынша 258 мүгедек азаматқа жеке көмекші қызметі мен ымдау тілі қызметін көрсететін 224 қызметкерге 55 млн 800 мың теңге төленді. Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерейтойы қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне 1 млн 600 мың теңге, 203 ауған соғысының ардагерлері мен 3 ауған соғысында қаза болғандардың отбасыларына 10 млн 200 мың теңге, 72 Чернобыль апатынан зардап шеккен азаматтар мен 1 қаза болған отбасына 3 млн 700 мың теңге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. 257 мүгедек азаматқа ортопедиялық бұйымдар заводына жолдама, 24 мүгедекке тифлотехникалық, 38 мүгедек азаматқа сурдотехникалық құралдар, 141 мүгедекке қол арбалар берілсе, 503 мүгедекке 61 млн теңгенің гигиеналық құралдары берілді.

Аудандағы жұмыссыздық деңгейі қалай?

Жұмыссыздық деңгейін орташа деуге болатын шығар. Жыл басынан жұмыспен қамту орталығы арқылы 3782 жұмыссыз адам тіркеліп, 1316 адам жұмысқа орналастырылды. 785 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды, 1006 жұмыссыз кәсіби даярлау курсына оқуға жіберілді. Ауданда 2245 жаңа жұмыс орны құрылды.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыспен қамтылуы туралы не айтасыз?

Жыл басында 73 мүгедек азамат жұмыссыз ретінде тіркелген. Олардың сегізі тұрақты жұмысқа орналастырылды, алтауы әлеуметтік жұмыс орнына жіберілсе, жиырма сегізі қоғамдық жұмысқа тартылды. 23 мүгедек азамат кәсіби даярлау курстарында білім алды. Сондай-ақ, екі мүгедек жастар тәжірибесінен өтуде.

Ауданда жалпы қанша мүгедек азамат бар? Оларға қандай қамқорлықтар көрсетілуде?

Аудан бойынша 6682 мүгедек бар, оның ішінде І, ІІ топтағылар – 3704, ІІІ топтағылар – 2523, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 989. Жыл басынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жалпы мүгедектер мен мүгедек балаларға санаторлық-курорттық емделуге «Текелі», «Спутник», «Қаратал» республикалық пансионаттарында емделуге 105 жолдАма берілді. Ауданда жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсететін 4 бөлімше және кемтар балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсететін 2 бөлімшеде барлығы 51 қызметкер 208 жалғызбасты қарттар мен мүгедектерді және 84 мүмкіндігі шектеулі балаларды күтуде.

Осы салада жүрген маман ретінде аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайына қандай баға берер едіңіз?

Аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайы салыстырмалы түрде алғанда жақсарып келеді. Бір ғана мысал, бізде 2016 жылы орташа табысы кедейшілік шегінен төмен 212 отбасында 1037 адам бар болатын. Биыл бұл көрсеткіш, жоғарыда айтқанымыздай 730 адамы бар 146 отбасыны құрап отыр. Жалпы, халықтың тұрмысы жаман емес. Ауданда тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін мемлекет тарапынан шаралар жүргізіліп келеді. «Өрлеу» пилоттық жоба ретінде 2015 жылы осы Еңбекшіқазақ ауданында ғана жүзеге асырылды. Өткен жылы Панфилов ауданы мен біздің аудан осы жобаны іске асырдық. Биыл ғана Алматы облысының барлық аудандарына пилоттық жоба ретінде енгізілді. «Өрлеу» жобасының мақсаты – орташа тұрмысы төмен отбасылардың жағдайын жақсартуға көмектесу. Яғни, оларға балық емес, балық аулайтын қармақ беру. Жыл басынан «Өрлеу» жобасына қатысуға өтініш берген 180 аз қамтылған отбасылардың 972 адамына барлығы 31397, 0 мың теңге төленді. Оның ішінде республикалық бюджеттен 20497,0 мың, жергілікті бюджеттен 10900,0 мың теңге. Аталмыш жоба арқылы берілген шартты ақшалай көмекке кейбір отбасылар сиыр сатып алды, кейбірі табыс әкелетін басқа заттар сатып алды. Жоба аясында осы отбасылардың ішінде еңбекке жарамды 182 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. 10 адам әлеуметтік жұмыс орнына жіберіліп, 16 адам қоғамдық жұмыспен қамтылды.

Салада алдағы уақыттарда қандай өзгерістер күтілуде?

2018 жылы жәрдемақылар мен атаулы әлеуметтік көмек жаңа форматта болады деп күтілуде. Сондай-ақ, 2015 жылы жоғарыда аталған «Өрлеу» жобасын халық арасында түсіндіру үшін 3 округқа бір ассистенттен, барлығы 2 консультант, 10 ассистент келісім-шарт бойынша бекітілген еді. Келесі жылдан осы мамандарымыз жұмыспен қамту орталығына штатқа қабылданады. Бұл да тұрғындардың орташа табысының кедейшілік шегінен шығып, тұрмысының жақсаруында өз ықпалын тигізеді деп ойлаймын.

 

Нұрбану КАМАЛ.

 

Оқылды 7984 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы 1982 жылдың…
Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет