Бейсенбі, 04 Шілде 2019 16:13

Ауыл асыл азаматын ұмытпайды

Ауыл асыл азаматын ұмытпайды mezet.kz

Иә, ауылда туып, ауылға қызмет еткен азаматтардың еңбегі әрдайым елене бермек. Осылайша, елге еңбек ете жүріп, өз ортасында сый-құрметке ие болған малыбайлық Азамат Түзелбай 29 жасында жастай өмірден озды. «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» деген халық даналығы. Азаматтың жақындары мен округ әкімдігі жуырда Малыбай ауылында шағын футболдан ауданаралық еске алу турнирін ұйымдастырды.

Азамат Ысқақбекұлын еске алуға арналған жарысқа Еңбекшіқазақ, Талғар, Райымбек аудандары мен Алматы қаласынан 22 команда қатысты. Сайыстың ашылу салтанатында округ әкімі Бақытжан Ауқадиев Азаматтың өмір жолына тоқталып өтті:

– Аққан жұлдыздай жарқ етіп сөнген Азамат Ысқақбекұлы аз ғұмырында айналасына жақсылық жасап, көпке үлгі болды. Аудандық жұмыспен қамту орталығында еңбек етіп жүргенде азаматтарды жұмысқа орналастырып, ауыл жастарымен кездесіп, өзекті мәселелерін шешуге атсалысты. Азаматтың өзгелерден ерекшелігі, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, әрдайым жақсылық жасаудан шаршамайтын – деді. Арнайы қонақтар мен жақындары, әкесі Ысқақ Салманов марқұмды еске алып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Қатысушы командалар көп болғандықтан ойын 3 алаңда өрбіді. Бас төреші – Саламат Шынжырбаев. Дода барысында ала допты ұршықша иірген футболшылар қонақтар мен жанкүйерлерге тамаша ойын үлгісін көрсетті. Осылайша, финалға қызылшарықтық «Шадай» командасы мен Шелек халыққа қызмет көрсету орталығының құрамасы өтті. Шешуші ойын тартысты болды. Алайда, Шелек ХҚКО спортшылары компьютер алдында отырып, тұрғындарға сапалы қызмет көрсету ғана емес, спортта да алдына жан салмайтындығын дәлелдеді. Құрама мүшелері Дәурен Зорқанов пен Дулат Әкімжан гол соғып, өз командасына жеңіс әкелді. Қақпашы Самат Қосалмасов қақпаны барынша қорғап, талай қауіпті сәттердің бетін қайтарды. Нәтижесінде, 2:0 есебімен Шелек ХҚКО-ның жігіттері жүлделі бірінші орынды қанжығалады (суретте). Екінші орын «Шадай» командасына бұйырда. Үздік үштікті екі команда қорытындылады: Ақтоған ауылының құрамасы мен малыбайлық «Азамат» командасы. Жеңімпаздар медальмен, алғыс хаттармен марапатталып, кубок пен ақшалай сыйлыққа ие болды.

 

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 1389 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ауыл асыл азаматын ұмытпайды По маршрутам истории »

Соңғы жаңалықтар

Нау 29, 2024

Көктерек қашан «ауыл» болады?

Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…
Нау 29, 2024

Аудан әкімі тағайындалды

Кеше аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХІХ сессиясында аудан әкімі лауазымынаТалғат…
Нау 29, 2024

Межелер пысықталып, жоспарлар…

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы…
Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет