Қош келдіңіз! Добро пожаловать!
Бейсенбі, 29 Қараша 2018 16:14

Жас күніңде жарқыра!

Жас күніңде жарқыра! mezet.kz

  Қазақстан Республи-касының Тұңғыш Пре-зиденті күніне орай аудандық жастар ре-сурстық орталығы-ның ұйымдастырумен Бәйдібек би ауылдық округіндегі Т.Әубәкіров атындағы орта мектебінде ерлер арасында «Жас күніңде жарқыра» атты баскетболдан аудандық жарыс өтті.

  Жарыс шымылдығы мемле-кеттік гимнмен ашылып, Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің орынбасары Досжан Сейдахметовтің құттықтау сөзімен жалғасты. Бас төреші Айдос Сабаканов жарыстың өту барысын, шарттарын түсіндіріп, алдын-ала тартылған жеребе арқылы ойын ретін белгіледі. Жарысқа «ЕГЭК», «Ават», «Ақши», «Асы», «Балтабай», «Бәйдібек би», «Бәйдібек би-2»,  «Жаңашар», «Шелек», «Қараке-мер», «Рахат» командалары қатысты. Нәтижесінде 3 орын «Шелек» командасына бұйырса, 2 орынды Есік қаласынан «ЕГЭК» құрама командасы, ал жүлделі 1 орынды «Қаракемер» құрама командасы жеңіп алды. «ЕГЭК» құрама командасының ойыншысы Руслан Ахметбеков мергендігімен көзге түсіп «Үздік ойыншы» атанды. Жүлдегерлер дипломмен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Сұлтан Тойғанбай,  

Еңбекшіқазақ ауданының жастар ресурстық

       орталығының маманы.

Read 54 times

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама